СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саусақтар ойындары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саусақтар ойындары 2 - 3 жасар балаларға арналған

Просмотр содержимого документа
«Саусақтар ойындары»

Саусақтар ойындары

Добым-добым домалақ.

Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,  (Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпін жасау)Тарелкені сындырдың.                                                     

Тентек болып кеттің, деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

 

Мысық пен тышқан. 

Тышқан қашты мысықтан,  (Еденде саусақтармен қашады)

Қатты –қатты жүгірді.  (Жылдам жүгіреді)

Орын тапты қуыстан,  (Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды)

Зәресін мысық ұшырды.

Қарады мысық тесіктен, (Көздерімен жан-жаққа қарайды)

Тышқанға бері шық,- деді. (Қабағын түйеді)

Еденді ұрды «Тук-тук» деп, (Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады)

Тырналады, кетпеді.  (Еденді тырналайды)

Былай-былай тартады. (Айқасқан жұдырығын  екі жаққа тартады)

Бұза алмады қамалды.

Амалы құрып мысықтың,

Үйіне қарай қайтады.

 

Қуанып тышқан есікті,  (Айқасқан жұдырығына қарап үрлейді)

Жәй ғана кеп үрледі.

«Алақай, есік ашылды»,- деп, (Қолдарын айқара ашады)

Ініне  қашып үлгерді. (Еденде қайта жүреді)


 Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.

Қане, балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.


Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

«Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – ешкіңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап, үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар.
Мына жерде қатық бар,
Қытық, қытық!

Қане, қайсы алақан,
Біз – кішкентай. (балапан)
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні. (гүл)
Тік, тік, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін. (үй)

Санайық жаңаша,
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.

Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау бздің мекен-жай.


























Санамақтар.
Бес саусақ.
Ал санайық санамақ,
Саусақтарға қарап ап,
Кәне-кәне санайық,
Санын біліп алайық.

1, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Мынау, мынау, бас бармақ,
Санамақ содан басталмақ.
Мүйіз қалпақ басында,
Төрт серігі қасында.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Қутыңдаған сұқ қолым,
Епетейлі мықты оным.
Бармақтың басты тірегі,
Өзінің ісін біледі.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Мынау, мынау ортаң қол,
Кішілерге қамқор қол,
Төртеуінің ағасы,
Білектің үлкен баласы.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Бәрін тегіс мақтап бол!
Деп тұрсың ғой аты жоқ қол!
Орайласым ортаншым,
Елгезексің жортасың.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы епті шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі.

Қолымда сонда саусағым нешеу,
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу.