СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шар мен текшені салыстыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту оқу қызметі "Шар мен текшені салыстыру"

Просмотр содержимого документа
«"Шар мен текшені салыстыру"»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 21.09.2016ж.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Шар мен текшені салыстыру»

Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер – шар, текше атауларын естеріне сақтауға, олардың ерекшеліктерін (мысалы: шар домалақ, домалайды; текше төртбұрышты, орнынан қозғалтуға болады, бірінің үстіне бірін қоюға болады) ажыратуға үйрету. Сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілетін дамыту.Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:көңілді домалақ шар мен текшенің суреті.

Сөздік жұмыс: шар, текше, доп.

Қостілділік компонент: шар-шар, текше-куб, доп-мяч.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

– Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.

Еліміз аман болсын!

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін



Қол ұстасып тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.



Ұйымдастырушылық –

ізденістік

Демонстрациялық қөрнекілікті көрсету.

Топқа қонаққа көңілді Текше мен көңілді домалақ Шар кіреді. Олар балалармен амандасып, олармен ойын ойнағысы келетіндерін айтады. Педагог балалардан:

– Көңілді Текшенің дене пішіні неге ұқсайды?

– Текшеге ұқсайтынын айтады.

– Оның түсі қандай?

– Текше төртбұрышты, бір орнында тік тұрады, оны орнынан қозғалтуға болады.

Міне, былай, – деп текшелердің бірнешеуін бір-бірінің үстіне қойып, мұнара жасауға болатынын айтады.

Текше-куб.

– Ал домалақ Шардың дене пішіндері неге ұқсайды екен?

– Дұрыс айтасыңдар, допқа ұқсайды.

- Доп-мяч.

-Елдос, сен үстел үстіндегі шарды әкеле ғой.

– Мынау не?

-Шар-шар.

– Пішіні қандай?

– Шардың түсі қандай?

Сергіту сәті: Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап Сайгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі (С.Қалиұлы)

№ 3 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын жаттығуы. Бұл тапсырмада балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын

айтып,сурет бойынша сәйкестендіреді.






– Төртбұрышты текшеге ұқсайды.

– Сары түсті.






Текше-куб.

– Допқа ұқсайды, ол домалақ, домалайды.


- Доп-мяч.

– Шар.

-Шар-шар.

– Домалақ, домалайды.

– Қызыл.

– Шар өте жеңіл.

– Доп, шар, теледидар, үстел, кітап т.б.

Қимылм– Қарбыз допқа ұқсайды.

– Шар алмаға ұқсайды ен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың шар, текше ұғымдарын сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.





Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық пішіндердің ерекшеліктерін;

Игереді: сөйлем құрастыру дағдыларын;

Меңгереді: шар мен текшені салыстыра ажыратуды.