СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шешендік сөз көп сөйлеу емес,дөп сөйлеу

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тілін дамыту мақсатында сыныптан тыс мәңгілі ел проектісі бойынша осындай іс шаралар өткізе отырып тілдің ,сөйлеу мәнерін қарқынды дамытуға үлес қосу 

Просмотр содержимого документа
«Шешендік сөз көп сөйлеу емес,дөп сөйлеу»

Шешендік көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу.

Көрініс. «Төле бидің шешендігі» Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
Көрініс. «Тұрмағанбеттің тапқырлығы»
Ақын Тұрмағанбет жиында жастармен жұмбақ айтысып отырады.
Жастар арасынан Әлия деген қыз:
• Ағай, сізге жұмбақ айтуға болмас па екен?- деп сызылады.
• Қарағым, айта отыр, - дейді ақын. Сонда қыз:
• Төбетейім іші толған сөк.
• Таң атқан соң қарасам жоқ. Ол не?-дейді
• Шешуін таппадым, - дейді ақын әдейі әзілдеп, -менде саған жұмбақ жасырайын:
• Төбетейімнің ішінде сөк жоқ.
• Мұндай жұмбақ болмайды, -деп жастар шу етеді.
• Ал онда жұмбағыңның шешуін айта гой, -дейді ақын.
• Менікі жұлдыз еді, -дейді қыз.
• Менікі құндыз еді, -дейді сонда ақын.
• Ағай тағы жұмбақ жасырайық,- дейді қыз.
• Таудан тас домалаттым. Ол не?
• Білмеймін,- дейді ақын жорта. Мен де жұмбақ айтайын.
• Таудан тас домалатқан жоқпын.
• Мұндай жұмбақ болмайды, - деп тағы дауласады.
• Онда сен жұмбағынның шешуін айта гой.
• Менікі түйенің құмалағы, -дейді қыз.
• Менікі түйенің жұмалағы -деген екен ақын.