Ойын барысы Барлық қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Жүргізуші іскерлік ойынның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды және педагогикалық жағдайларды шешумен айналысуды; педагогикалық лекторийлер тыңдауды; сюжеттік ойынды жоспарлауға талдау жасауды; әртүрлі жас ерекшелігі топтарында ойынға жетекшілік ету әдістемесін әзірлеуді ұсынады. Қатысушылар әдістемені талдайды, әзірлейді, педагогикалық міндеттерді шешеді, қорытынды жасап, өз тұжырымдарын қорғайды. Әдістемелік сағат барысы Ми шабуылы Педагогикалық жағдайды шешу Тәрбиеленушілердің іс-қимылы Сұрақтар Маша, Ваня және Кирилл «Теңіз саяхаты» ойынын ойнауды шешті. «Чур, мен корабль капитанымын», – дейді Ваня. «Сен кеше капитан болдың. Сен күнде капитансың», – деп қарсы шықты Маша мен Кирилл Тәрбиешінің осы жағдайды қалай шешуі керек? Ойынның басқа қатысушылары да қызықты рөлді ойнау құқығына ие болуы үшін қандай қағидаларды ойластыру керек? Максим «Ғарышқа саяхат» ойынына арналған ойыншықтарды және басқару пультін, командир дулығасын, картасы бар планшетті, «ғарыш қуатын» және қозғалтқыштарды қуаттандыруға арналған «күн батареяларын» дереу өзіне алды. «Ал біз немен ойнаймыз? Бәрін алған екенсің, ендеше өзің ойна. Сенімен біз ойнамаймыз», – деді балалар Осы жағдайда тәрбиеші не істеуі керек? Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай жұмыстар өткізу керек? Кіші топ балалар ойыннан кейін
Просмотр содержимого документа
«Сюжеттік ойынды ұйымдастырудың педагогикалық қағидаттары»
Сюжеттік ойынды ұйымдастырудың педагогикалық қағидаттары
Ойын барысы Барлық қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Жүргізуші іскерлік ойынның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды және педагогикалық жағдайларды шешумен айналысуды; педагогикалық лекторийлер тыңдауды; сюжеттік ойынды жоспарлауға талдау жасауды; әртүрлі жас ерекшелігі топтарында ойынға жетекшілік ету әдістемесін әзірлеуді ұсынады. Қатысушылар әдістемені талдайды, әзірлейді, педагогикалық міндеттерді шешеді, қорытынды жасап, өз тұжырымдарын қорғайды. Әдістемелік сағат барысы Ми шабуылы Педагогикалық жағдайды шешу Тәрбиеленушілердің іс-қимылы Сұрақтар Маша, Ваня және Кирилл «Теңіз саяхаты» ойынын ойнауды шешті. «Чур, мен корабль капитанымын», – дейді Ваня. «Сен кеше капитан болдың. Сен күнде капитансың», – деп қарсы шықты Маша мен Кирилл Тәрбиешінің осы жағдайды қалай шешуі керек? Ойынның басқа қатысушылары да қызықты рөлді ойнау құқығына ие болуы үшін қандай қағидаларды ойластыру керек? Максим «Ғарышқа саяхат» ойынына арналған ойыншықтарды және басқару пультін, командир дулығасын, картасы бар планшетті, «ғарыш қуатын» және қозғалтқыштарды қуаттандыруға арналған «күн батареяларын» дереу өзіне алды. «Ал біз немен ойнаймыз? Бәрін алған екенсің, ендеше өзің ойна. Сенімен біз ойнамаймыз», – деді балалар Осы жағдайда тәрбиеші не істеуі керек? Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай жұмыстар өткізу керек? Кіші топ балалар ойыннан кейін ойыншықтарды жинамады. Тәрбиеші ескертсе де жинамады Педагогтың реакциясы қандай болуы тиіс? Бала топта жүр, біресе бір ойыншықты, біресе басқасын алады, бірақ бірде біреуімен ойнамайды Тәрбиешінің не істеуі керек? Үш бала балабақша учаскесінде жүгіріп жүр, өз жолдастарына соқтығысып қалады. Тәрбиешінің ескертулеріне өздерінің «соғыс» ойынын ойнап жатқанын айтады Педагогтың не істеуі керек? Балалар ойында ересектердің «тұрпайы» әрекеттерін қайталайды Тәрбиеші мұны қалай қабылдауы тиіс? Қыз топқа келді. Балалар оны әртүрлі ойындар ойнауға шақырады, бірақ ол барлық шақырулардан бас тартады Тәрбиешінің қалай қабылдауы керек? Қызды қалай ойынға тартуға болады? «Сюжеттік ойынды ұйымдастырудың педагогикалық қағидаттары» педагогикалық лекторийі Ойын баланың өмірінде орталық рөл атқарады, ол оның өзіндік қызметінің басым түрі болып табылады. Балабақшаның педагогикалық үдерісі екі құрамдастан тұрады: тікелей басқару және негізінен оқу сабақтарында ересектер тарапынан бақылау жағдайындағы балалар қызметі және балалардың өзіндік дербес қызметі. Тәрбиеші оқу сабақтарын өткізу үшін балалардың алдына қандай міндеттер қою керектігін анықтайтын және олардың орындалуын бақылайтын конспектілерді, нұсқаулықтарды қолданады. Тәрбиешінің жұмысын бағалау сабақтың дұрыс өткізілуіне қарай жүзеге асырылады. Ал ойынмен не болмақ? Ойынды үйрету керек деген пікір бар. Тәрбиеші ойынды сабақ түрінде өткізе бастайды, яғни жетекшілік етеді, регламенттейді, әрқайсысына өз орнын бөледі, іс-қимылдарды белгілейді және бағалайды. Ойында балалар өздерінің қоршаған ортамен танысу барысында алған білімдері мен түсініктерін бейнелеуі тиіс. Ойында қиялдау, бейнелі ойлау қабілеті дамитыны белгіленген. Бұл ойында баланың шартты іс-қимылдардың көмегімен өзін қызықтыратын өмір салаларын құратынының арқасында жүзеге асады. Ойынның тұлғаны дамытуда да маңызы зор: ойын барысында өзіне әртүрлі рөлдерді қабылдай отырып, адамдардың іс-қимылдарын еске түсіре отырып, балалар олардың сезімдері мен мақсаттарына енеді, оларды түсінеді, адамдар арасындағы қатынасқа бағдарлана бастайды. Балалардың ойын қызметінің деңгейін бағалаудың негізгі өлшемі ойын машықтары болуы тиіс: ойынға заттармен шартты іс-қимылды, рөлдік диалогтарды енгізу, әртүрлі іс-қимылды құрамдастыру. Ойын құрудың әртүрлі тәсілдерін еркін меңгерген балаларға «көптақырыптық» сюжеттер тән – жоғары дәрежелі ойын көрсеткіші. Ойынға қатысты педагогикалық әсер етудің мақсаты ойын машықтарын қалыптастыру болуы керек. Баланың жасы Ойын дағдылары 1,5–3 жас Ойыншықтармен және алмастырушы ойыншықтармен шартты іс-қимылдар, қысқамерзімдік әрекеттестікке түседі. Мысалы, «Қуыршаққа шай береміз», «Ұйықтатамыз» 3–5 жас Ойын рөлдерін алмастыра алады, оларды заттармен және рөлдік сөз арқылы жүзеге асырады, серіктес құрдасымен рөлдік әрекеттестікке түседі. Мысалы, «Біз қуыршақтың туған күніне қонаққа келдік», «қуыршақ – қонақтар – үй иесі» рөлдік әрекеттестігі. Рөлдік іс-қимылды, қарым-қатынастар түрін ауыстыру 5–7 жас Ойында оқиғалардың әртүрлі бірізділігін ашу, рөлдік әрекеттестік және пәндік іс-қимылдар арқылы сюжеттік оқиғаларды жүзеге асыру. Мысалы, «Қуыршақ Машаның туған күні». Оқиға ойластыру, осыдан кейін оны жүзеге асыру Ойын балаға қалай беріледі? Ол ойын әлеміне, ойыншылар әлеміне тартыла отырып, оны меңгереді. Тәрбиеші балаға ойын машықтарын меңгеруге көмектесуі тиіс: сюжеттік ойынды ұйымдастыру. Балалар ойын машықтарына меңгеруі үшін тәрбиешінің олармен бірге ойнауы керек. Бұл мұғалімнің ұстанымы емес, «жақсы» - «жаман» бағасы қойылмайтын серіктестің ұстанымы. Бала тәрбиешіден керемет ойнайтын серіктестікті сезінуі керек; бүкіл балалық шақ кезінде тәрбиеші балалармен бірге ойнауы керек, бірақ әр кезеңде балалар ойын құрудың жаңа әрі аса күрделі тәсілін ашуы және игеруі үшін оны барынша ашу керек. Баланың балабақша жағдайындағы жайлы өмірі оның қалаған сәтінде құрдастарымен бірге ойынды ашу қабілетіне байланысты. Әлдекіммен сәтті ойнау үшін бала серіктесінің іс-қимылдарының мәнін жақсы түсінуі және өзінің түсінікті болуы керек; ерте жастан бастап және ары қарай мектеп жасына дейінгі балалықтың әр кезеңінде ойын машықтарын қалыптастырғанда бір мезгілде баланы ойын іс-қимылдарын жүзеге асыруға, және де оның мағынасын серіктестеріне: ересекке немесе құрдасына түсіндіруге бағдарлау керек. Қалыптасқан қағидаттар балалардың ойын тәсілдерін, өзіндік ойынды ашуға көмектесетін машықтарды қалыптастыруға бағытталған.