СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөз таптары. Сын есім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту

Просмотр содержимого документа
«Сөз таптары. Сын есім»

Тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға сын есім туралы 2-сыныпта алған алған білімдерін тиянақтауға, тереңдетуге мүмкіндік туғызу;

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.54,55-жаттығу,

181-бет. 55-жаттығудағы батаны жаттап алу.

54-жаттығудағы Ребустың шешімі:

Малыңа сүйенбе,

Арыңа сүйен.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

1-жаттығу. Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану. Берілген тапсырманы орындау: жасыл, қап-қатты, қызы, тәп-тәтті сөздер қандай сұрақдарға жауап береді? Бұл сөздерді қалай атаймыз? Сын есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

2-жаттығу Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс:

1. Күн қандай? (Күн ашық.)

2. Аспан қандай? (көк, көгілдір)

3. Жапырақтар қандай? (жасыл)

Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады? (ашық)

Сұрақтарға жауап жаз.

3-жаттығу. Өзіндік жұмыс ретінде орындау. Қиярдың белгілерін пайдаланып жұмбақ құрастыру, оқу, талдау. Жұмбақтағы сын есімдерді білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беріп тұр?

4-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою:

1. Өлеңде не туралы айтылған?

2. Өлеңді кім жазған?

Тапсырмаларын орындау: сын есімдерді табу, олар ай заттың сынын білдіріп тұр? Оны не арқылы білдіңдер?

ҮІ.Бекіту.5-жаттығу, Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс:

1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр?

Тапсырмаларды орындау: суреттердің мазмұнына лайық сөйлемдерді табу.

ҮІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІ Үйге тапсырма: 6-жаттығу. 183-бет.