ШҚО, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Сағыбаева Айтолқын Жакашевна
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы бойынша
жаттығу жұмыстары
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: Білімді, дағдыны, ептілікті жүйелеу
(қорытындылау) және қайталау сабағы.
Сыныбы: 5
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға сөз және оның мағынасынан өткенді жаттығу жұмыстарын жасату және өз беттерімен деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін жүйелеу, оқытылған материалды реттеу және пысықтау
Дамытушылық:
Оқушыларды өз беттерімен тапсырмаларды орындауға, ойларын жинақтап нақты жауап беруге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды топпен жұмыс жасата отырып, бір-бірлерін тыңдауға бірлесіп жұмыс жасауға ұйымшылдыққа баулу. Сауатты, әдемі жазуға тиянақтылыққа және туған жерлерінің тарихын танып білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңа технология: СТО
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
талдау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс, бес жолды өлең, кластер, семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта, семантикалық карта, ақ беттер,түрлі-түсті бояулар
Пән аралық байланыс: география, әдебиет,тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқшыларды түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау (1мин)
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Әрқашанда құрметпен Бас иеміз «біз»
Күндей жадырап Таңдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап Судай мөлдір таза көңілмен Сабағымызды бастаймыз (2мин)
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу ( сөздің мағыналары бойынша)Столда жатқан стикерлердің арттарында тура, ауыспалы және көп мағыналы сөздер жазылған солар бойынша тура мағыналар, ауыспалы мағыналар, көп мағыналылар болып топталып отырады.(3мин)
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Қызығушылықты ояту: Үй тапсырмасын сұрау (Саяхат ойыны) Биылғы жылдың елеулі оқиғаларының бірі-Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай Қазақстанның қалаларындағы хандар, билер, батырлардың ескерткіштеріне саяхат жасау ойыны. Ұяшықта жасырылған суреттерді ашу үшін сұраққа жауап беру. (10мин)
1.Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар.Сөйлеушілер саны жағынан қазақ тілі нешінші орында?
2.Мәтін сөзі қандай мағынаны білдіреді.Түрлерін ата
3.Лексика қай тілден енген.Қандай мағынаны білдіреді.Лексика нені зерттейді?
4.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір
5.Көп мағыналы сөз дегеніміз не?мысал келтір
6.Омоним дегеніміз не?Көп мағыналы сөзбен омонимнің айырмашылығы
7.Синоним дегеніміз не?«Батыр», «сұлу» сөзіне синонимдік қатар құра
8.Антоним дегеніміз не? Антоним сөздері бар мақал-мәтел айт
9.Табу сөз дегеніміз не? Қазақта табу сөздерді көбінесе кімдер қолданған?
10.Эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?Мысал келтір
11.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
12.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?Жұмған аузын ашпау, ит өлген жер тіркестеріне антонимдік қатар құра
2. Мағынаны ашу Жаңа сабақ Үш топқа 136- жаттығу Суреттер топтамасындағы 23-суретке мәтін құрау (тапсырмаларын ауызша орындау) (8мин)
137 –жаттығуды көшіріп жаздыру, нақыл сөздерге қатысты өз ойларын сұрау, «жеті» сөзі қатысқан тағы қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау (8мин)
1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
3. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
4. Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
5. Жігітке жеті өнер де аз.
6. Айла алтау, ақыл жетеу.
7. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
8. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
9. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
Сергіту сәті:
ІІІ.Қорытынды бөлім Ой толғаныс Бес жолды өлең стратегиясы (10мин)
І топ: «Қыс» ІІ топ: «Елбасы» ІІІ топ: «Тәуелсіздік»
Бес жолды өлең стратегиясы
І.Тақырыбы: зат есім Қыс (омоним бола алатын сөз мысалы: қыс- жыл мезгілі, қыс-құшағыңа қыс етістік) Сын есім: суық,ызғарлы (синоним) түні ұзақ, күні қысқа,қар жұмсақ, мұз қатты(антоним) Етістік: тоңдырады, мұздатады,қатырады
Қыста күн суық,ызғарлы, ,қыстың күні қысқа,түні ұзақ қары жұмсақ мұзы қатты адамдар тоңады,су қатады аязы қысады.
ІІ.Тақырыбы:зат есім Елбасы (Омоним Елбасының қолынан медаль алды,елбасына күн туды) Сын есім:ақылды,саясаткер (синоним) ойы биік (антоним) Етістік дамытты,салды,қосты
Елбасы ақылды саясаткер, ойы биік Тәуелсіз еліміздің экономикасын дамытты, жаңа Астана салды, дамыған 50 елдің қатарына қосты.
ІІІ.Тақырыбы: зат есім Тәуелсіздік сын есім: мәңгілік,өміршең (синоним) қолдайды,қарсы(антоним) етістік:жасайды
Тәуелсіздік мәңгілік әрі өміршең еліміз бейбітшілікті қолдайды,соғысқа қарсы Қазақ елі мәңгі жасайды
Семантикалық карта (12балаға) Кластер құрау
Семантикалық карта толтыру
| омоним | синоним | антоним | тура мағына | ауыспалы мағына |
Айт | | | | | |
Жақсы-жаман | | | | | |
Күшті,мықты,әлді | | | | | |
Терең ой | | | | | |
Терең су | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| омоним | синоним | антоним | тура мағына | ауыспалы мағына |
Биік-аласа | | | | | |
Әдемі,көрікті | | | | | |
Ақпа құлақ | | | | | |
Арық | | | | | |
Құлағы қақсады | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| омоним | синоним | антоним | тура мағына | ауыспалы мағына |
Батыр,ер жүрек | | | | | |
Ара | | | | | |
Қалың-жұқа | | | | | |
Ыстық нан | | | | | |
Ыстық сезім | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| омоним | синоним | антоним | тура мағына | ауыспалы мағына |
Ақ бет | | | | | |
Ақ ішу | | | | | |
Кәрі-жас | | | | | |
қара | | | | | |
Қорқу,үрейлену | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| табу | эвфемизм | дисфемизм | мақал | мәтел |
Қолды болу | | | | | |
Мылжың | | | | | |
Түйме | | | | | |
Кең болсаң,кем болмайсың | | | | | |
Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| табу | эвфемизм | дисфемизм | мақал | мәтел |
Тентегім | | | | | |
Қосып айту | | | | | |
Өтірікші | | | | | |
Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар | | | | | |
Қар жауды деп қуанба, аязы бар | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| табу | эвфемизм | дисфемизм | мақал | мәтел |
Қырт | | | | | |
Дүние салды | | | | | |
Ұлыма | | | | | |
Сыныққа сылтау | | | | | |
Бас аман болса, бөрік табылады | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| табу | эвфемизм | дисфемизм | мақал | мәтел |
Сұлуынан жылуы | | | | | |
Қорқақты көп қусаң, батыр болады | | | | | |
Жасын | | | | | |
Қағынды | | | | | |
Ақсаусақ | | | | | |
Семантикалық карта толтыру
| Мақал | мәтел | Тұрақты тіркес |
Күміс көмей | | | |
Баласы отынға барса, бабасы көшеге сыймас | | | |
Баланы жастан,әйелді бастан | | | |
Семантикалық карта толтыру
| Мақал | мәтел | Тұрақты тіркес |
Шоқтай қару | | | |
Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады | | | |
Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең | | | |
Семантикалық карта толтыру
| Мақал | мәтел | Тұрақты тіркес |
Ана баулыған бала епті,әке баулыған бала есті | | | |
Сөзге семіру | | | |
Жылы-жылы сөйлесең,жылан інінен шығады | | | |
Семантикалық карта толтыру
| Мақал | мәтел | Тұрақты тіркес |
Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда | | | |
Анасын танымаған,Алласын танымас | | | |
Тайға таңба басқандай | | | |
Оқушыларды бағалау топты марапаттау (2 мин)
Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік тұғырым» атты эссе жазу