Тәрбиеші: аюды ортаға шақырып дем алыңыз деп орындық береді
Қол ұстасып, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір-бірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық!
Дидактикалық жаттығу «Жел».
Мақсаты: Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту.
Шарты: Жіпке тағылған жапырақты алып ауыздын алдында ұстап: «Пф-ф-ф» (күзгі жапыраққа үрлейді). Жаттығуды 3 рет қайталайды.
Тәрбиеші: Кәне балалар , аюдың арбасында не бар екенін көрейікші.
Тәрбиеші мен балалар арбадағы ойыншықтарды қарап анықтайды
(барлық ойыншықтарды балаларға алуды ұсынады, ұялшақ балаларға өзі таратып береді)
Тәрбиеші: Балалар, сеңдердің қолдарында не бар?
Балалар ойыншықтар (жеке әр баладан сұрайды)
Дидактикалық ойын «Дауысынан таны».
Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету.
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп бірі тындаушылар, бірі жасырушылар болады. Жасырушылар шамылдықтын артында отырып қолындағы ойыншықты дайыстап айтады, тындаушылар қандай дауыс шығып тұрғанын анықтап атап беру керек.
Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар қандай болады?
Тәрбиеші: екі машина түрлерін көрсетеді.
(үлкен машина, кішірек машина)
Тәрбиеші: үлкен, кішірек ойыншықтар болады.
Дидактикалық жаттығу: «Үлкен-кішкентай»
Тәрбиеші: Балалар, қолдарындағы ойыншықтарынды айтып беріңдерші
«Үлкен қуыршақ-кішкентай қуыршақ».
«Үлкен машина-кішірек машина».
«Үлкен қоян-кішкентай көжек».
«Үлкен дауылпаз- кішкентай дауылпаз».
Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар көп болған жақсы, ал ойыншықтар тағы қандай болады?
Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.
Тәрбиеші:
Қол ұстасып, тұрайы,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір-бірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық!
Деп балаларды жауапқа тартады.
Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді)
Тәрбиеші: жақсы балалар.
Тәрбиеші: Аю сен мына ойыншықты танисың ба? (дауылпазды көрсетеді)
Аю: жоқ
Тәрбиеші: Балалар, сеңдер мына ойыншықты танисыңдар 99ма?
Тәрбиеші. Дұрыс
Тәрбиеші: дауылпаз қандай?
Қандай дыбыс шығарады, кәне естіп көрейікші. (дауылпазға соғады)
«Бам-бам-бам».
«Бим-бим-бим».
«Бум-бум-бум».
«Бом-бом-бом».
«Бым-бым-бым».
«Бим-бим-бим».
«Бэм-бэм-бэм».
«Бем-бем-бем».
Тәрбиеші (балаларға қағазға салынған дауылпаз суретін таратады)
Сұқ саусақтарымен дауылпазға соғамыз:
Дидактикалық жаттығу: «Дауылпазға соғамыз бум-бум, 99бам-бам!».
«Бам-бам-бам».
«Бим-бим-бим».
«Бум-бум-бум».
«Бом-бом-бом».
«Бым-бым-бым».
«Бим-бим-бим».
«Бэм-бэм-бэм».
«Бем-бем-бем».
Тәрбиеші балалардың сөздерді айту процесіндегі еріндерінің бір-біріне тиюін байқап қадағалай отыра түзету жұмысын өткізеді, түсіндіріп назарын аударады.
Тәрбиеші: Аю саған біздің ойындарымыз ұнадыма?
Аю: ұнады, мына арбадағы ойыншықтар керемет екен, сеңдерде қалсын.
Аю: осы ойыншықтар туралы мынандай қызықты сөздерді айтып берейінші:
Жаңылтпаш: «Арба дорбада, дорба арбада».
Тәрбиеші: Аю рахмет саған.
Тәрбиеші: балалар, бірге аюға рахмет деп айтайықшы.
Аю: балалар орманға қайтайын, қонжығыма барып естігенімді айтып барайын.
Тәрбиеші шығармашылық орталығындағы балалрды шақырып аюға жасаған жапсыру жұмыстарын көрсетіп сыйға тартады.
Тәрбиеші: сен не жасадың?
Қалай жапсырдың?
Аю балалармен қоштасып кетеді.
|