СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сурет салу пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тақырыбы: «Бұлт күнді жапты» (қарындаш)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Просмотр содержимого документа
«Сурет салу пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тақырыбы: «Бұлт күнді жапты» (қарындаш)»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»

















Екінші кіші тобындағы интербелсенді тақтамен ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі

«Жұлдыз» тобы

(ақпан- февраль)










Тәрбиеші: Ержанова А.Ж



Костанай қ. 2018 – 2019 оқу жылы

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения: 22.02.2019

Тәрбиеші/ Воспитатель: Ержанова А.Ж.

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық

Пән/Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы/Тема: «Бұлт күнді жапты» (қарындаш)

Мақсаттары/Цели:

Тәрбиелік - воспитательная: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық - развивающая: Балалардың байқағыштығын дамыту, қарындашты дұрыс ұстап жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Оқытушылық - обучающая: Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып күннің көзін шеңбер ретінде, күннің сәулесін тік сызыкпен және бұлтты будақтатып салуға үйрету.

Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: ТРИЗ, ойын, денсаулық сақтау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: қарандаш, табиғаттың суреті,үлестірмелі суреттер

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент:бұлт– туча; күн- солнце.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:

Тосын сәт: Балалар, біз бүгін аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Көзімізді жұмып өзімізді аспанда жүргендей сезінейік. Күн шақырайып бізге жылу шашып тұр. Сендер бір үлкен бұлттың ішінде өмір сүретін кішкентай тамшыларсыңдар. Бұл кішкентай тамшылар өт көңілді, әрі қуанышты, барлығына жақсылық жасайтын су тамшылары. Сендер сиқырлы тамшыдан, жаны жақсылыққа толы балаларға айналып, топқа қайта оралдыңдар. Көздеріңді жаймен ашыңдар. Не елестеттіңдер?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Аспанда әлемінде нені көрдік? (күн және бұлттың бейнесін көрсету)

Күн туралы әңгіме.

-Күн көзі бізге не сыйлайды?

-Күн қандай пішінге ұқсайды?

- Күн шуағын кімге шашыратып тұр екен? Түсі қандай?

Билингвалдық компонент: күн- солнце.

-Балалар аспанда күннің жанында не болады?

-Бұлттар қандай пішінде құралғанын көзбен көрейік. Бұлттардың қандай пішіндерін көрдіңдер? Бұртардың пішіндері – атқа, жүрекке, қызылшаға, адам мүсініне, аңға ұқсайды.

Бұлттың түсі қандай?

Билингвалдық компонент: бұлт– туча.

Балалар ендеше біз бүгін күн мен бұлттардың суретін салайық.

Көрсету және түсіндіру.

Балаларға күнді қалай бейнелейтінін көрсету. Қағазды тігінен қойып, шеңбер салу, жан - жағына сәулелерін түзу сызықтармен әшекейлеу.

Бұлтты күннің жанына будақтатып салуды көрсету.

Жеке жұмыс: Мирославаға, Даниялға түстерді дұрыс ажыратып, бұлтты салуға көмектесемін.

Сергіту жаттығуы: «Жаңбыр»

Бұлт қабағын түйіп ап,

Бүркеп алды аспанды.

Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап,

Жаңбыр жауа бастады.

«Күн мен бұлт»

Мақсаты: балалардың жылдамдықтарын арттыру, күннің көзі мен бұлтты ажырата білуге тәрбиелеу

Барысы: балалар күннің көзінде ойнап жүреді, сосын тәрбиеші бұлт көрнекілігімен шыққанда барлығы бір жерге жиналлу керек, жаңбырдың астында қалып қоймауы керек. Ойын балалар қалауымен бірнеше рет қайталанады.

Керекті құралдар: күн мен бұлт пердесі


3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:

Көрме ұйымдастыру.

Балалар салған суреттерін тақтаға әкеліп іледі.

Суреттер талқыланып, балалар бір біріне баға беру.

Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

Қосымша толықтырулар енгізген балаларды мадақтау.