Просмотр содержимого документа
«Сурет пәні бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Кешкі қала»»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 01.02.2018
Тәрбиеші: Ержанова А.Ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Көліктер»
Тақырыбы: «Кешкі қала»
Мақсаттары: Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: Салыстыра білу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Оқытушылық: Бейнелеу өнерінің түрі-пейзаж туралы түсініктерін бекіту, балаларды «кеңістік сызығы» деген сөздермен таныстыру.
Педегогикалық технологиялар: көрсету, түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ноутбук, суреттер, қылқалам, бояу, қара қарандаш, ақ қағаз
Көптілділік: Кешкі қала- вечерний город- evening city, әдемі- красивый- beautiful
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Сұрақ-жауап:
Қай қалада тұрамыз?
Қаланың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
2.Негізгі бөлім:
Слайдпен жұмыс: Кешкі қала.pptx
Әліппе – дәптердегі кешкі қала суретіне назарларын аудартып, бүгінгі сабақта кешкі қала суретін салатындары хабарланады.
Педагог қағаз бетіне ағаштарды, үйлерді дұрыс орналастыру керек екенін айтып, алдыңғы жоспардағы заттар – үлкен, алыстағылар – кішкене болып көрінетініне көңіл аудартып, бұл көріністі балаларға түсіндіреді.
Кеңістік сызығы – бұл аспанды жерден бөліп тұрады.
Көптілділік: Кешкі қала- вечерний город- evening city, әдемі- красивый- beautiful
Сергіту сәті 'Көңілді күн'.flv
Педагог балаларға ағаштың, үйдің, терезенің, жұлдыздың, айдың бейнесін беру үшін қажетті субояқтарды таңдап алуларын ұсынады. Осыдан кейін балалар өз бетімен жұмыстарын орындайды
3.Қорытынды бөлім:
Жұмыстың соңында балалар «кешкі қала» композициясын қарастырады.
Суретті жақсы салған балаларға жұлдызшалар таратылады.