Сүт және сүт өнімдері
Сүтті салқындату,сақтау,сүт қышқылдығы, одан жасалатын тағамдар мен олардың емдік қасиеті, сүтте болатын дәрумендер туралы мәліметтер беру.
Бөгде қоспалардан тазартылған сүтті дереу салқындатады. Жаңа сауылған сүтті сақтау мерзіміне қарай белгілі бір температураға дейін салқындатады.
Сақтау ұзақтығына қарай сүтті салқындату температурасы:
Сүтті сақтау ұзақтығы | Сүтті салқындату температурасы ʈ0 |
6-7 күн 12-18 күн 18-24 күн 24-30 күн 30-38 күн | 10-80 С 8-60 С 6-50 С 5-40 С 2-10 С |
Сүт неғұрлым төмен температурада салқындатылса, оның сақталуы да соғұрлым ұзақ болады. Оның үстіне ұндай жағдайда микроағзалардың дамуы тежеліп қалмай қайта, оның дәрумендері жақсы сақталады. Сүтті алқындату температурасы 100С-тан жоғары болмауы тиіс. Ертеде сүті бар ыдысқа құрбақа салатын болған. Сонда сүт әдеттегіден әлдеқайда ұзағырақ сақталған. Ол неліктен? Оны адамдар білмеген. Көлбақаның денесін молынан дымдап тұратын сілекей шұбырындылары көптеген микроптарды, оның ішінде сүт қышқылының микроптарын жойып жіберетіні анықталған. Ең алдымен жаңа сауған сүттің дәмі жақсы,тәттілеу, дәмді келеді. Қаймағы алынбаған сүттің түсі ақшыл-сары, ал майынан ажыратылған сүт көкшіл болады. Сүт тазалығының сенімді көрсеткіші ретінде оның қышқылдығы қызмет етеді. Бұл көрсеткіш зертханада анықталып, шартты өлшемдермен-Тернер(0Т) градусымен өлшенеді. Бірқалыпты сүттің қышқылдығы 160-180 Т болады. Қышқылдығы 160 Т –ден төмен болса,-онда сүттің ауру сиырдан алынғандығы немесе бүлінгені, ал қышқылдылығы 210 Т –дан жоғарласа, сүт аши бастайды. Мұндай сүт,сүт өнімдерін жасауға жарамайды.Қышқылдығы 260 Т-дан жоғарылаған кезде сүт іріп кетеді.
Ғалымдардың есебі бойынша, адамның сүт өнімдерін мына мөлшерде тұтынғаны пайдалы (орташа есеппен, тәулігіне грамм) сүт 500г, май 15 г, сыр 18 г, ірімшік 20 г,қаймақ 18 г қойытылған сүт 8 г, құрғақ сүт 8 г. Ал сүтке шаққанда күніне барлығы 1430 грамм болуы керек .
Сиыр сүтінде болатын дәрумендер. Дәрумендер-адамның тіршілік етуіне ең қажеттң заттар. Дәрумендер ағзада жетіспесе зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлануына әкеп соқтырады.
Сиыр сүтінде болатын дәрумендер және сүттен жасалатын тағамдар: құрт, сүзбе, ірімшік, айран, айран көже, олардың емдік қасиеттері тоқталатын болсақ.
А дәрумені көздің жақсы көруі мен адам бойының өсуі үшін қажет.
Д дәрумені жетіспесе адам рахит ауруына шалдығады. Рахит балалар үшін өте қауіпті, олардың сүйектері жұмсақ, әрі осал келеді. Буын –буындары кеңейе түседі. Д дәрумені рахитке қарсы дәрумен деп өте әділ айтады.
Е дәрумені өсіп–өнуге байланысты барлық үдерістерді бірқалыпқа келтіру үшін қажет.
Р дәрумені ағзада жетіспеген жағдайда тез шаршау, әлсіздік, ұйқының бұзылуы пайда болады.
С дәрумені жетіспеген жағдайда адам цинга ауруына шалдығады. Онымен ауырғанда тістің түбі қабынып, қанайды, тіс түсіп, адамнан әл кетеді.
Н дәрумені мй алмасуға қатысып, теріні ауру жұқтырудан сақтандырады.
Сиыр сүті, асқазаны бұзылған адамдарға, сондай-ақ толып жатқан басқа да ауыр науқастарға, мысалы, жүрегі, бүйрегі, т.б. ауыратын адамдарға пайдалы. Құяң мен қаны аздыққа шипа, жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені дұрыс. Ешкі мен бие сүті көкірек ауруын жазады. Ешкі сүті өте пайдалы, оны тұз салып, бал қосып ішкен дұрыс. Ешкі сүті балалардыіш өтуден сақтайды. Оны асқазанының қышқылдығы жоғары адамдар ішкен жөн. Теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де пайдалы. Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек ауруларын емдеудегі маңызы ерекше. Бұл өнімдерді, мысалы, адамның салмағын жеңілдету үшін қолданады, науқастың қарыны да ашпайды, шөлдемейді де. Сүт тағамдарға қан толуын жақсартады,несеп бөлінуін күшейтеді.
Сиыр сүтінен ана сүтінің ерекшелігі
1.Ана сүтінің ең басты ерекшелігі құрамындағы нәруыздың көптігі. Ол адам сүтінде 63.7%, сиыр сүтінде 22%.
2.Ана сүті сиыр сүтіне қарағанда ағзада толығырақ, әрі жылдам сіңеді.
3.Ана сүтінде майлы қышқылдар 5 есе аз да, майсыз қышқылдар көп.
4. Ана сүтіндегі темір мөлшері 2-3 есе көп.
5. Сиыр сүтіндегіге қарағанда ана сүтіндегі қант мөлшері 2 есе көп.
6. Сиыр сүтіндегіге қарағанда адам сүтінде В1, В2, В6, В12 дәрумендері кем.
Емшек еметін бала ананың шикі сүтімен қоректенетін болғандықтан ол жаратылыстың оған жазған тағамының барлық қасиетін сол күйінде қабылдайды. Өңдеуден өткен сүтті тұтынған кезде ағза көптеген бағалы заттарды қабылдай алмайды.
Ананың сүті асқазан мен тік ішекте шипалы микробтардың өсіп –өнуіне ықпал етеді.
Пайдала кеңестер. Сүтті қайнатқан кезде ыдыстың бетін жауып қойса, дәрумендер жақсы сақталады. Оқтын-оқтын ыдыстың қақпағын ашып, металл сапырғышпен түзілген көбікті араластырып отыру керек. Мөлдір шыныдан жасалған шөлмектер сүт сақтауға қолайлы ыдыстар емес. Күн сәулесінің әсерінен онда күрделі фотохимиялық реакциялар болады.
Мәселен 4 сағатта С дәрумені толығымен жойылады. Күн сәулесінің әсерінен басқа да кейбір дәрумендер мен заттар қасиеттерін өзгертеді. Қарақошқыл шыныдан жасалған шөлмектерді пайдаланған кезде С дәрумені 48 сағатқа дейін сақталады.
Ұзақ жасаушылардың сыры неде екен?
Ұзақ жасаушылардың қандай тамақ ішетіндерін зерттей келгенде олардың негізгі тағамдары әрқашан да піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік екені анықталған. Асқазанда сүт басқа тағамдарға қарағанда оңай қорытылады, сондықтан да сүт еғ жеңіл тағам деп аталады. Сүттен жасалатын тағамдардың бірі-балмұздақ. Балмұздақ жасау үшін қажетті заттар: 750 г таза сүт 130 г құрғақ сүт, 100 г қант, 200 крахмал.
Жасалу жолы: әуелі қант пен құрғақ сүтті араластырады. Содан соң бұл қоспаны таза сүтке (650 г) салып араластырады. Еріген сүтті біртіндеп құйып алып отырады. Пайда болған қоспаны отқа қойып қыздырады, бірақ қайнатпайды,қалған 100 г сүтке крахмалды езіп, отта тұрған қоспаға құяды да 2-3 минут қайнатады. Содан соң қоспаны сүзіп салқындатады. Қоспаға жақсы хош иіс беру үшін оған шамалы ванилин, не үгітіліп езілген апельсин қабығын қосу керек. Дайын қоспаны тоңазытқыштан мұздатқышқа қояды. Ол аздап қоюланған соң қайта алып қалақшамен көпіршітіп, қалыптарға салып, мұздатқышқа қояды.