СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптан тыс т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: 1 Наурыз - Ал?ыс айту к?ні

Ма?саты:  Балаларды? «ал?ыс білдіру» ??ндылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту;

«Сыйласты?», «??рмет» адамгершілік ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.

Міндеттері: - ?лкендер мен кішілер арасында?ы сыйласты?ты т?сіндіру; - сыйласты?ты ?арым - ?атынас жасау іскерліктерін дамыту,  - ?лкендерді сыйлау?а, кішілерге ?ам?ор болу?а т?рбиелеу;

- ?дептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке т?рбиелеу

?дісі:с?ра?-жауап, ??гімелесу.

Барысы: Шатты? ше?бері

Амансы? ба Алтын К?н!

Амансы? ба Асыл жыр!

Амансы? ба к?к аспан!

Амансы? ба жан досым!

Жылуыма жылу ?ос!

Міне мені? ?олым! О?ушылар орта?а т?рып, бір - бірлеріне тілек білдіріп шы?ады.

??гімелесу

1.Ризашылы? дегеніміз не?

2. Ал?ыс с?зді не ?шін айтады? ?андай ал?ыс с?здерді білесі?дер?

4.Сыйласты? деген с?зді ?алай т?сінесі?дер?

5. Адам ?зіні? ризашылы?ын, ал?ысын ?андай с?здермен білдіреді?

6.Сендерге кім ?андай жа?дайда ал?ыс айтты?

7.?здері? ?андай жа?дайда ал?ыс айтып к?рді?дер?

8.Отбасы?да ал?ыс с?зді кім к?п айтады?

9.Сен ал?ыс алып к?рді? бе?

10.Досы? сен жо?та ана?а к?мектесті.Ана? ?атты риза болды.Сен досы?а ?андай ал?ыс айтар еді?? Сендер ?андай жа?дайда риза боласы?дар?

 

Балаларды? жауаптары ты?далады.

- Балалар, жа?а бір - бірлері?мен амандас?андары?дай, бас иіп с?лемдесу, ал?ыс айту, тіпті бір ауыз с?з айтпай - а? та жымиып бас ию - адам?а деген ??рметті, сыйласты?ты білдіреді.

Ризашылы? - адамны? бас?а адамнан к?рген жа?сылы?ы, к?мегі, к??ілі ?шін ?ана?аттанушылы? ж?не ал?ыс білдірушілік сезімі.

- Ал?ыс – адамны? адам?а жаса?ан жа?сылы?ы, к?мегі, к??ілі ?шін ризашылы? білдіруі, сондай - а? оны? ойы мен іс - ?рекетіне, жаса?ан істеріне жо?ары ба?а беруі.

Сені? айнала?да?ы адамдар?а деген ??рметі? жымиып т?рып жылы ж?збен амандасудан басталады.Сый, ??рмет ?лкенге де, кішіге де к?рсетіледі.Тіпті ?лкендер ?зінен жасы кішілерді? ?дептілігін, к?ргендігін, т?рбиесін сыйлап

 

бірінші болып амандасуы да м?мкін.Ризашылы?тарын білдіріп, ал?ыс айтады, баталарын береді.Ендеше б?гінгі т?рбие са?атымыз да осы сыйласты??а, ризашылы??а,ал?ыс білдіруге байланысты.

Б?гін біз «?ажайып ала??а » саяхат жасаймыз.Ол жерде біз ?зімізді?   жа?сы бала екенімізді ж?не ?лкендерге ??рметтеп, кішілерді сыйлай алатынымызды к?рсету керек.

1- ?ажайып ала?. «»«Не істеуге болмайды?» М??алім бас?ы с?зін айтады, о?ушы ойланып жал?астырып айтуы керек. - ?лкендерді? алдынан...... (кесіп ?туге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылату?а болмайды.) - ??старды ...........................(ату?а болмайды.) - ?ыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Саба?тан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(ай?айлау?а болмайды.) «Не істеу керек?» (б?л да сол сия?ты ж?ргізіледі) - ?лкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - ?лкенні? тілін...................(алу керек..) - ?лкендерге..........................(с?лем беру керек.) - Кішілерді..............................(?ам?орлау керек.) - О?у ??ралдарын.................. (к?тіп ?стау керек.)

2-?ажайып ала?. «»Ал ??некей балалар, мына жа?дайларды бірге шешейік.

1.К?ше бойымен тая??а с?йенген ата келе жатады. Басын к?теріп жол

ба?дарлау?а шамасы келмей келе жатыр.Сен о?ан ?арсы кездесті?. Не дейсіз?

 Не істейсіз?

О?ушыларды? жауабы.

2.Сіз автобуста отырсыз бір ?же кірді. ?рине т?рып орын бересіз.?же ?уанып ?андай  ал?ыс айтады.

3 –?ажайып ала?. «Ж?мба? шешу» деп аталады.Жа?сы ,енді мына ж?мба? ?ле?дерді шешіп к?рейік

Апа? сені? базардан

Алма сатып ?келді!

Е? ?лкенін,  жа?сысын

Са?ан та?дап ?келді!

Не деп барып жеу керек? (рахмет)

Балалар ж?р к?шеде

Естіледі ай?ай-шу.

Сенде шы?ты?, к?рші?ді

?ойып кетті? бай?амай.

Не деу керек? (кешірі?із)

Осы келген беті?де

Допты ?уды?, жарысты?.

К?шені? сол шеті?де,

Кезікті бір танысы?.

?мытты? сен не деуді.(с?леметсіз бе)

?й арты?да ?о?ысты,

Жат?ан к?птеп ?йіліп.

Тазалайды ?арт кісі

Белі зор?а иіліп,

Не  дегені? ж?н еді?( к?мегім тимес пе екен?)

Ал ,балалар осы сыйласты??а арнал?ан та?па?тарымызды айтып шы?айы?. Мына ?ле? шума?тарын балалармен бірге ?айталап айтып шы?ы?ыз. Кім ?лкенді сыйласа,

Кім ?лкенді ты?даса.

Сыйлы болма?, ?зі де,

?лкен бол?ан кезінде.

(С.М?уленов)

                                    

М??алімні? ?орытынды с?зі. - Балалар, бас?алар?а жа?сылы? жасау?а, сара?ды? жасама?дар. ?з с?йлеулері?де «рахмет», «ал?ыс айтамын», «?те т?нтімін», т.б. си?ырлы с?здерді к?бірек ?олдану?а тырысы?дар. Жа?сы ал?ыс с?здерін естіген адам жа?сы істерін жал?астыру?а ??лшынып т?ратынын ?мытпа?дар. ?з ?мірлері?ні? ?р с?тін ба?алауды ?йрені?дер. Сендерді ?орша?ан жа?сы істер ?шін ?р?ашан да ал?ыс айтып ж?рі?дер. "

Енді саба?ымызды ?орытындылай келе мына с?здерді айтым келіп отыр.

- Балалар, жылы с?з, ?айырымды іс, жа?сы ой, кіршіксіз сезімдері?ді ешкімнен еш?ашан аяма?ыздар. «Рахмет» деген ?асиетті с?зді жиі айты?дар. Адам ал?ыс пен ризашылы?ты естіген сайын, жа?сылы? жаса?ысы келіп т?ратынын есте са?та?дар. ?мірді? ?рбір с?тін ба?алай білуге ?йрені?дер ж?не Таби?ат – Ана?а мейірімді к?ні ?шін, к??ілді жа?быры мен а? ?ары ?шін, ж?мса? а? ?лпа б?лты ?шін, жа?ын адамдар?а ?айырымдылы?ы мен риясыз махаббаты ?шін ал?ыс айтуды ?мытпа?дар.

 

Б?гінгі саба? сендерге ?нады ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«сыныптан тыс т?рбие са?аты»





































2015-2016 оқу жылы









Тақырыбы: 1 Наурыз - Алғыс айту күні

Мақсаты: Балалардың «алғыс білдіру» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Барысы:
Шаттық шеңбері

Амансың ба Алтын Күн!

Амансың ба Асыл жыр!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым! Оқушылар ортаға тұрып, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.

Әңгімелесу

1.Ризашылық дегеніміз не?

2. Алғыс сөзді не үшін айтады? Қандай алғыс сөздерді білесіңдер?

4.Сыйластық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

5. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

6.Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

7.Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

8.Отбасыңда алғыс сөзді кім көп айтады?

9.Сен алғыс алып көрдің бе?

10.Досың сен жоқта анаңа көмектесті.Анаң қатты риза болды.Сен досыңа қандай алғыс айтар едің? Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?



Балалардың жауаптары тыңдалады.


- Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап



бірінші болып амандасуы да мүмкін.Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластыққа, ризашылыққа,алғыс білдіруге байланысты.

Бүгін біз «Ғажайып алаңға » саяхат жасаймыз.Ол жерде біз өзіміздің жақсы бала екенімізді және үлкендерге құрметтеп, кішілерді сыйлай алатынымызды көрсету керек.

1- ғажайып алаң. «»«Не істеуге болмайды?» Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

2-ғажайып алаң. «»Ал қәнекей балалар, мына жағдайларды бірге шешейік.

1.Көше бойымен таяққа сүйенген ата келе жатады. Басын көтеріп жол

бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр.Сен оған қарсы кездестің. Не дейсіз?

 Не істейсіз?

Оқушылардың жауабы.

2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Әрине тұрып орын бересіз.Әже қуанып қандай алғыс айтады.

3 –ғажайып алаң. «Жұмбақ шешу» деп аталады.Жақсы ,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенін,  жақсысын

Саған таңдап әкелді!

Не деп барып жеу керек? (рахмет)

Балалар жүр көшеде

Естіледі айғай-шу.

Сенде шықтың, көршіңді

Қойып кеттің байқамай.

Не деу керек? (кешіріңіз)

Осы келген бетіңде

Допты қудық, жарыстық.

Көшенің сол шетіңде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе)

Үй артыңда қоқысты,

Жатқан көптеп үйіліп.

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп,

Не  дегенің жөн еді?( көмегім тимес пе екен?)

Ал ,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық. Мына өлең шумақтарын балалармен бірге қайталап айтып шығыңыз.
Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ, өзі де,

Үлкен болған кезінде.

(С.Мәуленов)

Мұғалімнің қорытынды сөзі. - Балалар, басқаларға жақсылық жасауға, сараңдық жасамаңдар. Өз сөйлеулеріңде «рахмет», «алғыс айтамын», «өте тәнтімін», т.б. сиқырлы сөздерді көбірек қолдануға тырысыңдар. Жақсы алғыс сөздерін естіген адам жақсы істерін жалғастыруға құлшынып тұратынын ұмытпаңдар. Өз өмірлеріңнің әр сәтін бағалауды үйреніңдер. Сендерді қоршаған жақсы істер үшін әрқашан да алғыс айтып жүріңдер. "

Енді сабағымызды қорытындылай келе мына сөздерді айтым келіп отыр.

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?