СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Адам құқығы және демократиялық қоғам.

Нажмите, чтобы узнать подробности

ж жжжжжжжжжж жжжжжжжжжжжж жжжжжжжжжжжж   жжжжжжжжжжжжж жжжжжжжжжж жжжжжжжжжжж жжжжжжжжжжж жжжжжжж

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Адам құқығы және демократиялық қоғам.»

Тақырыбы: Адам құқығы және демократиялық қоғам.


Мақсаты: Оқушылардың конституция бойынша білгендерін қайталап еске түсіру; заңгер ретінде өз сөзін қорғай білуге мемлекет ісін басқару ісіне араласу құқығын пайдалануға үйрету; құқықтық тәрбие арқылы адамның бойында заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру; құқықты оқыту жолымен заң жөніндегі білімін дамыту, заңды құрметтеу, орындау арқылы мемелекеттің іргетасы мызғымас берік болып қалатынын түсіндіру.

Оқушылар «Мирас» және «Қыран» топтарына бөлініп, топ жетекшілері тағайындалды.

Мұғалім. Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ойын түрінде, дебет-жарыс түрінде, рөлдік ойындар түрінде өткіземіз. Жарыс болған соң жеңімпаз болады, сондықтан арнайы 1-топ, 2-топ деп конверт жапсырылған. Кім дұрыс айтып, ұпай алған кезде өз тобына бір ашық хат қағазын салып қоюы керек. Сөйтіп, жеңімпаз топ өзі белгілі болады. Ал әр топ мүшесінің дұрыс жауап беріп, балл алуын топ жетекшісі белгілеп отырады. Ең соңында қорытынды шығарамыз.

І. 2 топқа ауызша сұрақтар қою арқылы жарыс-сабағымызды бастаймыз.

«Мирас» тобы.

  1. «Конституция» деген сөздің аудармасы қалай болады?

  2. Қазақ тарихында қабылданған қандай заңдарды білесің?

  3. Дүние жүзіндегі елдердің басқару түрі.

«Қыран» тобы.

  1. Құқық дегеніміз не?

  2. Тұңғыш конституция қай елдерде қабылданды?

  3. Дүние жүзіндегі елдердің мемлекеттік құрылысы.

ІІ. Мына сөзді естігенде не туралы ой келді?


1-топ

2-топ

мемлекет

құқық


Тапқан сөздер бойынша сөйлем құрау.

ІІІ. Үй тапсырмасы бойынша: әр топ дайындап келген сөзжұмбақтарын алмасып, шешуге кірісу (мемлекет, конституция)

ІV. Жеке оқушылармен тест арқылы (карточкамен) жұмыс.

1. «Қыран»

  1. Конституциядан саяси құқықтарды тап. (Кеңес дәуірінде) қай кезде конституция бұзылды? Рөлдік көрініс. (2 минут)

  2. Азаматтық заңдар нені реттейді?

  3. Жеке тұлға ұғымы.

  4. Қылмыс дегеніміз не? Кәмелеттік жасқа толмағандар қандай қылмыстары үшін жауапқа тартылады? Қылмысын жеңілдететін жағдайлар.

  5. Азаматты әрекет қабілеттігі жоқ деп тану.

  6. Азаматты хабар – ошарсыз кетті деп тану.

2. «Мирас»

  1. Сот процесіндегілердің қызметі (сот, тергеуші, айыптаушы, қорғаушы), рөлдік көрініс (2минут).

  2. Азаматтық құқықтар мен міндеттер қайдан пайда болды?

  3. Заңды тұлға ұғымы.

  4. Жаза дегеніміз не? Жазаның мақсаты. Жаза түрлері. Өлім жазасы кімдерге қолданылмайды?

  5. Азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу.

  6. Азаматты өлді деп жариялау.

V. Жағдаяттық сұрақтар беру (дайындалуға 5 мин.) арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. (Қылмыстық кодекс баптарымен жұмыс).

«Қыран» тобына. 15 жасар Г. өзінің ауласында қаңтар айында қыз босанды, тірі, жетілген, өмір сүруге толық жағдайы бар. Өлсін деген ниетпен анасы оны аулаға тастайды. Ертесінде баланы ауладағы қоқсықтың астына көміп тастайды. Г.-ның іс-әрекетін сарала, қылмыстық бапты ата.

«Мирас» тобына. Кешке қарай 3 жоғары сынып оқушысы еріккеннен мотоциклдеріне мініп зиратқа келді. Біреуі: «Кемпір-шалды қорқытайық, таңертең бір айғайласын» деді. Бұл бәріне ұнады. Бірнеше крестерді қазып алып, түн ортасында кәрі адамдардың есігінің алдына қойды. Расында да ойлары орындалып, кәрі адамдарды қорқытты.

Бұл қылмыс па, әлде балалық па?

«Қыран» тобына. Медетті қаңғып жүрген жерінен тапқан. Үйіне әкелгенде әкесі: «Баламды бағуға жағдайым жоқ, балалар үйіне беруге рұқсатымды беремін», -деп қолхат жазып береді. Медеттің құжаттарын дайындап жатқанда әкесінің інісі баланы өз қарауына беруін сұрап өтініш жасады ...

Істі әрі қарай жалғастыр.

«Мирас» тобына. Газеттен мынадай мақала оқуға тура елді. «Түрлі діндер еліміздің болашағының іргетасын, бірлігін шайқалтуда. Дінге деген еркіндіктен тапқан пайдамыздың сорақы түрі мынау: бір отбасында әжесі – мұсылман, шешесі – Исаға қарап, қызы – кришна боп іріп жатқандар бар».

Менің айтарым: мемлекет бір дінді мойындап, басқасына шектеу қою керек.

Дұрыс айта ма, бұрыс айта ма?

ІІІ тапсырма бойынша сөзжұмбақты кім дұрыс шешкені тексеріледі.

VI. Карточкамен жұмыс.

«Мирас» (жеке оқушы).

Данияр биыл мектеп бітірген болатын. Президенттік сайлауға қатыса алмады. Өйткені, оған ешбір шақыру қағазы келмеді. Сондықтан, ол «мен республика азаматы емеспін» деп ойлады. Жауап бер.

«Қыран» (жеке оқушы).

Ержанның бала күннен арманы жеңіл машина жүргізу болатын. Мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түскен Ержанға әкесі машина сыйлады. Алайда, бірер айдан соң МАИ қызметкерлері жүргізу куәлігі бола тұрса да, ешбір жол ережелерін бұзғаны байқалмаса да, ескерту жасады ...

VII. Қосымша сұрақтар:

І топ

1. Отбасы құқығы. Некелік жас, кімдерге некелесуге болмайды. «Неке және отбасы» заңы.

ІІ топ

1. Еңбек ету құқығы. Кәмелетке толмағандар еңбек етуге құқығы бар ма?

VIII. Үй тапсырмасы бойынша бір – біріне дайындап келген жағдаяттық сұрақтарын қою.

ІХ. Дебат «2 минут уақыт беру).

Мұғалім. Ерте кезден шешендік өнер Грецияда, Афинада болған. Ал, қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім. Түйе мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар демекші, кез келгені сөзге, ән мен күйге шешен. Халық өзінің от ауызды, орақ тілді қара қылды қақ жара әділ билік айтатын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, айтқан сөздерін жадында сақтап келген. Төле, Әйтеке, Қазыбек билеріміз бізге үлгі - өнеге. Ал, енді сендер болашақ заңгер ретінде шешендік өнерге, өз ойларыңды ашық айтып, дәлелдей білуге қандайсыңдар?

«Мирас».

Өлім жазасы керек.

«Қыран».

Өлім жазасы керек емес.

Мұғалім. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен өлім жазасына манаторий жарияланды. Біз де өз үлесімізді қосып, заңгер болмасақ та ойымызды еркін айтуымызға болады. Сондықтан, іске сәт!

Қорытынды. Міне, балалар, бүгінгі сабағымызды ҚР Конституциясы, Азаматтық кодекс, қылмыстық кодекс баптары бойынша өз білетінімізді рөлдік ойынмен, жарыс, дебат түрлерімен, сөзжұмбақ шешумен көрсете білдік. Сендерден болашақта заңгер немесе заңгер болмаса да өз құқығын қорғай алатын азамат шығатынына мен сенемін.