Тақырыбы: «Достық - біздің тірегіміз» Күні: 09.04.2018
Мақсаты: оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым-қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
1 мамыр мерекесі туралы мәлімет беру
Оқушылардың дайындаған әдеби - музыкалық монтажы
Қорытынды
«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»
Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ
Кіріспе сөз
«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда
1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 - мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады.
Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Осы мерекеге орай топта «Достық - біздің тірегіміз» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Солайтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астындататулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз -Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
1 мамыр мерекесі туралы мәлімет.
1886 жылы 1 мамырда ірі оқиға Американың Чикаго қаласында өткен еді. Жұмысшылар бұл күні әдеттегідей станок басында тұрмады. Бұрынғыдай тәулігіне 10-15 сағат жұмыс жасап, тар да лас лашықта тіршілік еткілері келмеді. Олар капиталистен 8 сағаттық жұмысты, әрі жалақыға үстеме қосуды, өмір тіршілігін жақсартуда талап ету үшін бәрі топтанып көшеге шықты. Жұмысшылардың талабына капиталистер оқпен жауап берді. Бұл оқиға Америка еңбекші қауымын дүр сілкіндірді. Чикаго еңбекшілерімен бір тілектес екендігін Париж, Лондон, Берлин мен Мәскеу жұмысшылары жұмыстарын тастап, қолдарына қызыл жалау ұстап көшеге шықты. 1889 жылы II интернационалдық конгресі Парижде бүкіл дүниежүзі еңбекшілерінің 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін біріктіру мақсатында белгіледі. Ресейде бірінші рет 1891-1892 жылдары Петербург, Тула, Лотос және т.б. қалаларда 1 мамырға арналған көтерілістер ұйымдастырылды. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметінде бірінші рет 1918 жылы Пролетариат диктатурасын орнатқан жеңімпаз топ ретінде мейрамдады. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін де Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде тәуелсіздік жарияланғаннан бастап атап өте бастады. Жыл сайын бұл мереке халықтар достығы ретінде атап өтіледі.
Тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет Күні: 16.04.2018
Мақсаты:білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың назарын сабаққа аударту;
-психологиялық дайындық;
-шаттық шеңбері,сәлемдесу.
Мұғалім:
-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
(балалар жауабы)
Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
«Болады-болмайды» тренингі
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға .... (болады),
Кешірімді болуға .... (болады),
Қатыгез болуға .... (болмайды),
Тәртіпті болуға .... (болады),
Әдепті болуға .... (болады),
Ұрысқақ болуға.... (болмайды),
Сыпайы болуға .... (болады),
Қайырымды болуға .... (болады),
Бұзық болуға .... (болмайды),
Бауырмал болуға .... (болады),
Ақылды болуға ..... (болады),
Мақтаншақ болуға .... (болмайды),
Шыншыл болуға .... (болады),
Арам болуға .... (болмайды),
Маман болуға .... (болады),
Жаман болуға .... (болмайды),
Айтпақшы,
Жаман болуға ....! (болмайды).
Мұғалім:
-Балалар сендерге жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?
(оқушылар жауабы)
- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам?
кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы кешірімді
Ана
әдепті жақсы жанашыр
Дәйексөз:
Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.
Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек.
Күлімдеген .... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)
Таза мөлдір.... мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)
Аяулы .... мейірімді! (анам)
Қадірлі .... мейірімді! (әкем)
Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)
Еркелеткен .... мейірімді! (атам)
Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
«Жүректен-жүрекке» шеңбері
-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің т.б».
Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.