СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. №3 зертханалық тәжірибе

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. №3 зертханалық тәжірибе»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы №16 мектеп


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Алимжанова Ш.

Қатысқандар:

Сынып: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Физикалық және химиялық құбылыстар.

№3 зертханалық тәжірибе

«Химиялық реакциялардың белгілері»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату;


Сабақ мақсаттары

Физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады,

химиялық реакцияның жүру белгілерін біледі;

Бағалау критериі

Физикалық және химиялық құбылыстарды біледі;

Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады;

Химиялық реакцияның жүру белгілерін атайды;

Тілдік мақсаттар

Диалогтар мен сұрақ- жауап кезінде білім алушылар терминдер мен тұрақты сөз тіркестерін пайдалана алады.

- Қолданылатын термин сөздер мен тұрақты тіркестер: Физикалық құбылыс, химиялық құбылыс, химиялық реакция, синтез, тұнбаның түзілуі, жылу, балқу, қайнау;

- Физикалық құбылыс дегеніміз ....

- Химиялық құбылыс дегеніміз .....

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу.

  • Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбек және шығармашылыққа баулу, өмір бойы білім алу.

  • Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Пәнаралық байланыстар

Химия, физика

Алдыңғы білім

5.3.1.4 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)

  1. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберіне тұрып білім алушылар бір- біріне тілектер айтады. Тілектерге химиялық терминдерді қосу міндетті. Мысалы:

  1. оқушы: “Болаттай берік денсаулық тілеймін” десе,

2- оқушы: ”Натрийдей белсенділік” деп жалғастыру қажет.

  1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

  2. Оқушылармен бірге сабақ мақсатын талдау;

4) Білім алушылар физикалық және химиялық құбылыстар жайында жаратылыстану мен физика пәндерінен біледі. Сондықтан “Миға шабуыл”әдісін пайдаланып, тақырыпты ашатын сұрақтар қоямын:

- Айналамызда қандай өзгерістер болып жатыр?

- Өзгерістерді қалай атаймыз?

- Құбылыстар қаншаға бөлінеді?

- Судың қатуы кезінде қандай құбылыс жүреді?

- Булану кезінде ше?

- Сүттің ашуы кезінде қандай құбылыс жүреді?

- Физикалық құбылысқа мысал келтір.

- Химиялық құбылысқа мысал келтір.

Жауап берген оқушыларға мадақтау сөздер айту арқылы ішкі уәжді көтеру мақсатында бағалау жүргіземіз.




Сабақтың ортасы

Әр оқушыға үлестірме парақшасы таратылады.(5мин)

Парақшада 2 тапсырма бар.

  1. Тапсырма

«Адасқан сөздер»(Тыңдалым – жазылым дағдысын дамыту)

Сөздерден сөйлем құрап, анықтама құрастыру керек

1) Молекулалары, құбылыстар, өзгеріске, заттардың, ұшырамайтын, деп аталады, физикалық құбылыстар.

2)Екінші, химиялық құбылыс, бір заттан, деп аталады, түзілетін, немесе, бір зат, құбылыс, химиялық реакция.


Дескриптор

Физикалық құбылыстың анықтамасын біледі.

1

Химиялық құбылыстың анықтамасын біледі.

1



2- тапсырма.

Парақшада бірнеше құбылысқа мысалдары бар кесте берілеген. «Семантикалық карта» әдісі бойынша, кестеге «+», таңбасын қою керек:


Құбылыс

Физикалық

Химиялық

Темірдің таттануы



Судың қатуы



Бензиннің жануы



Табадағы тамақтың күюі



Қардың жаууы



Жұмыртқаның шіруі



Қағаздың мыжылуы



Майшамның жануы




Дескриптор:

Физикалық құбылыстарды ажырата алады

1

Химиялық құбылыстарды ажырата алады

1


Демонстрация.(5мин) Оқушыларға шырпының жануын көрсетемін. Шырпының жануын қадағалаған оқушылар қай құбылыс екенін ажыратады. Дәптерге химиялық құбылыстардың жүру белгілерін атап, «Ассоцация» құрады.

Түсінің өзгеруі

Химиялық құбылыс белгілері


Газдың бөлінуі

Тұнба

түзілуі



Энергияның бөлінуі

Білім алушылар көршісінің жұмысын мұғалім берген дұрыс жауаппен салыстырады.

Дескриптор

Түсінің өзгеруін жазады

1

Газдың бөлінуін жазады

1

Энергияның бөлінуін жазады

1

Тұнбаның түзілуін жазады

1



3 зерханалық жұмыс(20мин)(оқылым- жазылым, тыңдалым, айтылым)Зертханалық жұмыс дәптеріне орындау:

Химиялық құбылыстардың белгілерін зерттеу.

Алдын ала дайындалған реактивтер мен құрал жабдықтарды балаларға үлестіріп, қауіпсіздік ережесін еске түсіре отырып жұмыстарды ретімен орындайды:

  1. Қантты жағу.

  2. Табақшаға ас содасының ұнтағын салып, үстіне 1мл сірке қышқылын құю.

  3. Сынауыққа 1мл мыс (II) сульфатының ерітіндісін құйып, үстіне 1 мл натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу.

  4. Бақылауды кестеге түсіру

  5. Қорытынды жасау;


Жұмыс барысы

Бақылау

Қорытынды

1




2




3





Дескриптор


Қауіпсіздік техникасын біледі

1

Қантты жағу жұмысын орындайды, қорытындысын жазады.

1

Ас содасына сірке қышқылын қосу жұмысын орындайды, қорытындысын жазады.

1

Мыс (II)сульфаты мен натрий гидроксидінің реакциясын орындайды, қорытынды жазады.

1

Жүйелеп, кестені толтырады

1

Қорытынды жазады

2



Улестірме қағаздар,

Бағалау парақшалары








































Демонстрацияға қажет шырпы.

















Тәжірибиеге қажетті құрал -жабдықтар: сынауық, табақша, қыздыру құралы, конусты колба, сіріңке, сынауық ұстатқыш, тамшуыр.

Реактивтер: қант не көмір, ас содасы, сірке қышқылының ерітіндісі, су, мыс(II)сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі.
















Сабақтың соңы

Жұмысты орындаған дәптерлерін жинап береді.

«Сұрақтары бар қорапша» әдісін пайда анып, білім алушылар түсінбеген немесе жауап беруге қиын болған өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Үй тапсырмасы:

§3оқу Тәжірибие: «Карамель дайындау»



Саралау


Тапсырма.

Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмаларды беру арқылы білім алушылардың ойлау дағдысын дамыту;

Зертханалық жұмыс жасау -пәнге қызығушылықты арттырады;

Қорытынды.

-барлық оқушылар бір тапсырманы орындағанда нәтижелері әртүрлі болады;

-барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу;

Диалог және қолдау көрсету.

-Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты және нақты көмек қажет болады;

- Оқушыларды ойланту мақсатында алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын;

Бағалау.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады



Бағалау

Мадақтау сөздер арқылы кері байланыс;

критерий бойынша бағалау, дескриптор,кері байланыс – бағалау парақшалары


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Білім алушылар техника қауіпсіздігін біледі. Құрал жабдықтармен, реактивтермен жұмыс жасай алады.

Сабақ бойынша рефлексия
















Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)


1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)


1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?