СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы:Құстар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құстарға қамқор болуға тәрбиелік мәні зор.Адамдарда жанашырлық ,қорғау сезімін оятады.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Құстар.»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық. Пән: Сөйлеуді дамыту, мүсіндеу Өтпелі тақырып: «Қазақстанда қыстайтын құстар» Тақырыбы: Құстар Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

- Дамытушылық: Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. - Оқыту: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету: Қыстайтын құстар бар мазмұнды суреттер Билингвалдық компонент: құстар-птицы,әже-бабушка,әке-отец,ана-мать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Қолдарымызды қосып «достық тауын» тұрғызып алайық. (өзім қолымды созамын, қолдын үстіне басқа бала қолын салады) Қарандаршы,қандай биік тау болды, достығымыз қандай мықты. Осындай достармен кез- келген жұмыс қиын болмайды. -Жылдың қай мезгілі?

ІІ. Негізгі бөлім.

-Жылдың қай мезгілі?

Қыс өз күшіне енді. Суық жел соғады, аяз жердің бәрін қатырды, айнала аппақ қар, жалаңаш ағаштар желден сықырлайды. Есікті біреу қағады. Тәрбиеші балаларға электронды хатты көрсетеді. Тәрбиеші: Балалар, біздің тобымызға алыс Африкадан хат келді. Сәлеметсіңдерме! Бізде қазір жаз. Айнала жап-жасыл, гүлдер гүлдеп тұр,көбелектер ұшып жүр.Бізде құстар өте көп. Біз ешқашанда қыс мезгілін көрген жоқпыз, сондықтанда қыста қыстайтын құстар үшін уайымдаймыз.Олар қыс мезгілін қалай өткізеді? Қыста оларға суық және қарындары аш шығар. Құстар сендер жақта қалай қыстайды? Осы жайлы бізге әңгімелеп беріңдерші.Бізге өте қызықты. Сендерге алдын-ала көп рақмет! Сау болыңдар! Тәрбиеші: Балалар Африкалық балаларға қыстайтын құстар жайлы айтып береміз? Африка өте алыста. (Балалар әр түрлі ұсыныстар айтады: Электронды почтамен хат жіберейік,қоңырау шалайық,интернет желісі арқылы сөйлесейік және т.б) Интернет желісі арқылы сөйлесуге тоқталады. (Балалар орындықтарға отырады.) Тәрбиеші: Балалар сендер білесіндер суық түскеннен кейін көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Бірақ бәрі емес,қыстап қалатындарыда болады. Олар қандай құстар? Балалар біздің жерімізде қыстап қалатын құстар жайлы қарастырайық, қай құс жайлы айтып жатқандарың түсінікті болу үшін сыртқы келбетін сипаттайсыңдар.

Бұл – Тоқылдақ қыста кедр жаңғақтарымен қоректенеді. Тоқылдақтардың

түстері әртүрлі, көбінде кеудесі қызыл түсті ал арқасы қара түсті болып келеді.

Ол орман тазалықшысы деп аталады.

- Бұл –торғай. Торғай көңілді және тапқыр құс. Ол суыққа төзімді, дәнді

дақылдармен қоректенеді.

-Бұл көгершін. Көгершіннің көру қабілеті жақсы дамыған, ол кемпірқосақ

түстерін ажыратады. Көгершіннің қанаттарының түсі әртүрлі. Тұқымдар мен

жидектермен қоректенеді. Көгершін адамға өте жақын болады.

-Бұл – қарға. Қарға өте ақылды құс. Қанаттарының түсі – қара және жасыл

түспен көмкерілген. Қарға бәрін жейді. Тышқан, құстар олардың жұмыртқалары,

қоңыздар, балық, қатық не табылса бәрін жейді. Табиғатқа қарға өте пайдалы.

Бірақта адам тұрағына жақындаса, ұрылықшы болып кетеді.

-Бұл – сауысқан. Басы, мойыны, кеудесі, арқасы – қара. Қарыны мен иығы – ақ

түсті. ол – жәндіктер мен өрмекшілерді жерден тауып жейді. Сауысқан бақтағы

сайрайтын құстардың ұяларын бұзады.

Сергіту сәті:

Жұмбақтар:

Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті жазалап.

(Тоқылдақ)

Секектеп бір тұрмайды;

Өреден құрт ұрлайды.

(Сауысқан)

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тұмдап.

(Қарға)

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,-деп,

Қайсы құсты мақтаймыз.

(Көгершін)

Даланың көріп пе едің молдаларын,

Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.

Жиылып бір араға ойбайлайды,

Кез келген дүниеге ол бір жарым.

( Торғай )

Тәрбиеші: қыстайтын құстар аяздан қорықпайды және өте суық ауа райында да тамақ тауып жейді. Олар ағаш қабықтарының арасына жасырынған жәндіктерді, жидектерді және тұқымдарды тауып жейді. Бірақта қар жауғанда қатты боранда, қатты аяздарда ашығап өліп те қалады. Олар біздің тұрағымызға қарай көмек күтіп келеді. Сондықтанда қыстан аман шығу үшін қанаттыларға көмектесуіміз керек.

Балалар ендеше бүгін қыстайтын құстарды мүсіндейік. Алдымен қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік. Жарайсыңдар! Алдарыңдағы ермексазды алып алдымен басын, денесін, қанатын мүсіндейміз.

Д/О: «Құстардың дауысы» қарға, сауысқан, көгешін, торғай, тоқылдақ, бозшымшық,

ақсағал.

ІІІ. Қорытынды.

Қалай ойлайсыңдар Африкалық балалрғақыстайтын құстар жайлы

айтып бере алдық па? Бізге ол үшін кім және не көмектесті? Сендер құстар

туралықызықты не білдіңдер? Жарайсыңдар!