Тақырыбы:Мейіріммен жылынған жүрек
Мақсаты: Оқушыларға адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық іспеттес құндылықтарды меңгерту
Түрі: тренинг
Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес құндылықтары бар. Осындай асыл құндылықтар әр адамның бойында болу керек. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Адам бойындағы жарқын ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі-мейірімділік. Бұл қасиет адам баласын тек жақсы қырынан көрсетіп, адамгершілікке жат қылықтардан аулақтатады.
Кешіміздің 1-ші бөлімі «Психогеометриялық фигуралар» тренинг
Мына пішіндерге қараңыз да сізге жақын , «Бұл мен» деп айта алатын біреуін таңдаңыз. Таңдаған фигураңыз арқылы мінезіңіз, қабілетіңіз анықталады.
Зигзактаңдағандар Өзгерістерге құштар, білімді. Арманшыл болашаққа ұмтылады. Көңіл-күйі тұрақсыз, өзі жеке жұмыс істеуге ынталы, ұқыпты.
Үшбұрыш таңдағандар Көшбасшы, басшылыққа ұмтылушылық, жеңіске бағдарлану. Өз-өзіне сенімді, сезімі күшті, батыл, таусылмас күші бар екендігі байқалады. Ұшқыр ойлы, қарым-қатынас ортасы үлкен.
Төртбұрыш таңдағандар Ұйымдасқан уақытпен жүретін ережелерді нұсқауларды нақты орындайтын фактілерге бағдарланатын жігерлі, шыдамды еңбекқор.
Тіктөртбұрыш Өзгермелі өзін-өзі бағалауы төмен, өзіне-өзі сенбейтін көңіл-күйі тез өзгергіш.
Дөңгелек таңдағандар қарым-қарым қатынаста үлкен қажеттілікті сезінеді, жылы жүзді өзгеге қамқор, кішіпейіл сенгіш.
2-ші бөлім«Мен және менің есімім» жаттығу
Барлығымыз бір-біріміздің есімдерімізді білеміз . Бірақ сол есімдердің мән-мағынасына терең үңіліп көрдік пе? Әрине жоқ Алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып , қандай мағына беретіні туралы айтасыздар.
3-ші бөлім «Сен маған ұнайсың» жаттығу
Қағазға есіміңізді жазып қоясыз келесі оқушы не үшін ұнайтыны туралы жазады
Ойлау
Тапсырма: Анаграммаларды шешу.
МТЕКІЕТҮНСІ Жауабы: түсініктеме
НАҚТАҒА Жауабы: қанағат
КЕЛУРИСАПБ Жауабы: республика
ІРКЕКӨК Жауабы: көкірек
АҰТЖМЫМАРДЫ Жауабы: тұжырымдама
ЛҰЫҚСЫР Жауабы: құрылыс
Қиял
Тапсырма: Шеңберді аяқтап, бірнеше бейнеге айналдыру.
Сергіту сәті. «Ақпаратты жеткіз»
Қазір сыныпта бір бала ған қалып қалғандарын сыныптан шығасындар. Сныпта қалған балаға «Тексеріс келе жатыр. Компьютерлер әкелді, оны құру қажет. Программист шақыр. Кабинеттегі стент құлағалы тұр, оны құру қажет.» деп жағдайат айтылады. Осы жағдайатты мұқият ұғып алған оқушы келесы сыныпқа кіретін оқушыға жеткізуі қажет. Осылай жалғаса береді. Соңында жағдайат басында айтылғаннаң өзгергінің байқайды.
Рефлексия: Енді бүгінгі болған марафонымызды қорытындылай келе мына көңіл күй ауа райына өз тілектерінізді жазайық. Ұнаса күн шуғына жазып жабыстарасыздар, ал егер орташа болса гүл жапырақшаларына жазып жабыстырасыздар, мүлде ұнамаса жаңбыр тамшыларына жазып, оқып жабыстырыныздар.
Назарларынызға рахмет!