Ересек тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлемді дамыту
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы:Техника және біз
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Дамыту: Балалардың техника туралы білімдерін, есте сақтау, елестету қабілетін дамыту. Сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Оқыту: «Техника» түрлерімен және оның рөлімен таныстыру.
Көрнекі құралдар:тұрмыстық техника ойыншықтары, суреттер, макет, дидактикалық ойындар, слайд.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын технологиясы, зерттеу технологиясы, сұрақ-жауап, қорытындылау, мадақтау.
Алдын-ала жұмыс: Дүкенге экскурсия.
Сөздік жұмыс: тұрмыстық техника
Билингвальды компонент: тоңазытқыш – холодильник, тұрмыстық техника – бытовая техника, электр бұйымдары – электротовары, шаңсорғыш – пылесос.
Шаттық шеңбер:
Балалар біз алдын ала экскурсияға қайда бардық ?
Дұрыс айтасыңдар.
Бізге сол дүкеннен сыйлық беріп жіберіпті.
Қараңдаршы балалар, бұл қандай сыйлық деп ойлайсыңдар?
Қызықты сәт:
Балалар дұрыс, бұл тұрмыстық техника дүкені.
Міне, бүгінгі оқу іс – әрекетіміз «қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбымыз:Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі.
Балалар, біз оқу іс – әрекетімізді бастамас бұрын, ойын ойнап кетейік. Ойынның аты: «Не зат,не үшін керек?» деп аталады.
Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының атын атайды екінші бала қажеттілігін айтады.
Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азық-түлікті сақтау.
Дұрыс айтасыңдар!
-Ал, енді, экранға назар аударайық.
Билингвальды компонент:
(Слайдтан газ плитасы – газовая плита, шаңсорғыш – пылесос, үтік – утюг, теледидар – телевизор, тоңазытқыш – холодильник көрсетеді)
-Газ плита не үшін қажет?
-Ол болмаған жағдайда адамдар тамақты қалай пісіреді?
Сұрақ –жауаптар.
Сөздік жұмыс: тұрмыстық техника
Осы заттар барлығын Тұрмыстық техника деп атаймыз.
Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;
Балаларға ересектерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;
Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.
Осы тұрмыстық техниканың ішінде біз:
«Компьютерді» зерттейік.
Зерттеу технологиясы:
компьютерді зерттеу. Компьютердің құрылғыларын және оның атқаратын қызметтерін таныстырады.
Негізгі құралдарына жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан жатады. Олардың әрқайсысының өздерінің атқаратын қызметі бар. Жүйелік блок компьютердің ең негізгі құралы, барлық жұмысты атқарады. Монитор компьютеріміздің экраны, яғни терезесі. Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдаланылады.
Тышқан бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Балалардан компьютерін құрылғыларын балалардан сұрайды.
Дидактикалық ойын:«Ретімен орналастыр» (қауіпті және қауіпсіз заттар)
Ойынның шарты: Алдымен балаларға карточкалар таратылады. Бірінші қатарға қауіпті заттарды, ал екінші қатарға қауіпсіз заттарды орналастыру.
Сергіту сәті
Токтар сымның бойымен
Жүгіреді тоқтаусыз.
(денемізге саусақтарды жүгіртеміз)
Топқа жарық сыйлайды,
Барлығына ұнайды.
(қимыл-қозғалыс көрсету)
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап»
Ойынның шарты:Берілген суреттердің жұбын табу,сызба арқылы.
«Иә,жоқ» -ойыны
Ойынның шарты: берілген сұрақтарға «Иә»,немесе «жоқ»-деп жауап беру.
Сұрақтар: Ересектерсіз үтікті қосу?
-Батерейкалы ойыншық машинамен ойнау?
- Кір жуатын машинаға қолды салу?
- Робот машинамен ойнау?
Ал, енді, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
Біз нелермен таныстық?
Қандай тұрмыстық техниканы зерттедік?
Қандай қауіпсіздік ережелермен таныстық?
Балалар мен сендерге оқу іс – әрекеттен қандай әсер алғандарыңызды
жұмбақ жасыру арқылы көрейін.
Жарайсыңдар сендер бүгінігі оқу іс – әрекетті өте жақсы меңгерген екенсіңдер.
Балалар оқу іс – әрекетімізді ойын арқылы қорытындылағым келіп тұр
Дидактикалық ойын: «Тұрмыстық техника ойыншықтары»
Шарты: Алдымыздағы шынайы ойыншықтардың атын атаймыз және пайдасы мен қауіпсіздігін айта кетеміз.
Балаларды мадақтау.