Орта топтар
Таңертеңгілік жаттығулар топтамасы
Қыркүйек (1-комплекс)
аралығы
Тізбекте қатармен тұру және жүру, аяқ үшымен жүру, қолды белге ұстау.
Жеңіл аяқ ұшымен жүгіру.
Жүру және звеноға бөлініп тұру
Б.қ. қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшымен тұру, қолды жанда ұстау. Б.қ. 7-8 р.қ.
Б.қ. қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ ашып тұру, кеудені оң жаққа бұру. Қолды екі жанда ұстау, б.қ. келу, сол жақты қайталау 8 рет
Б.қ. қолды төмен түсіріп аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, оң аяққа еңкейіп қолды аяқ ұшына тигізу, б.қ. келу, сол жақты қайталау.
Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып қолды белге қойып тұру. Қолды алға созып отыру,тұру, б.қ. келу 6-8 р.қ.
Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, оң аяқты жанға
қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіріп сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да
жанға ұстау, оң аяқты қосып б.қ.келу, сол жақта қайталау 8 рет
Б.қ. аяқ ұшын ашып, өкшені қосып қолды белде ұстап тұру. Оң аяқты алға созып,
аяқ ұшын қою жанға, артқа созу,б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 рет
Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ
арасын ашу, қолды жанға ұстау, секіріп аяқ арасын қосу, б.қ. келу 6-8 рет
Колоннада бір қатармен жүру.
Қыркүйек (2 комплекс)
аралығы
Колоннада қатармен жүру, заттар арасынан (кубиктер арасынан) жүру, аяқ ұшымен жүру,жүгіру.
2. Звеноға бөліну.
Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, қолдағы таяқшаның екі жақ шетінен ұстап төмен түсіріп тұру.
Б.қ. аяқты ашып тұру, таяқшаны кеудеде шынтақты бүгіп ұстау, қолды алға созу,
таяшамен жанға иілу, алға созу, б.қ. келу. Сол жақта қайталау 6-8 рет
Б.қ. аяқ арасын ашып, таяқшаны төмен түсіріп тұру, таяқшаны алға созу, еңкейіп
аяқ ұшына тигізу, б.қ.келу 6-8 рет қ.
Б.қ.таяқшаны тік қойып бір басын еденге екінші басын қолмен ұстап тұру. Өкшені
қосып аяқ ұшына ашып тұру. Таяқшаға сүйеніп отыру, тұру, б.қ.келу 6-8 рет
Б.қ.таяқшаны жерге қою, аяқты қосып қолды белде ұстап тұру. Таяқшадан секіріп
алға артқа қос аяқтап отыру.
Б.қ.таяқшаны тік қойып оң қолымен таяқшаны жоғары жағынан ұстап, таяқшаны
айнала жүгіру сол жақта қайталау 6-8 рет
Колонада жүру,жай жүру,алшақ қадам жасап жүру.
Қазан (1 комплекс)
1-15 аралығы
Коллонада бір қатармен жүру, басып жүру,кібіртіктеп жүру.
Жеңіл жүру. Аяқ ұшымен жүгіру. Шашырап жүгіру.
Звеноға бөліну.
Б.қ.қолына жанын түсіріп тұру, қолды алға-артқа тербеу. 4-5 р.қ. тербеген соң қолды жанынан жоғары көтеру, қол ұшына қарау. Қолды жайлап түсіру, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Б.қ. қолды жанда түсіріп тұру, аяқ арасын ашып ұстау. Алға еңкею, қолды оңға солға сермеп тербету, тік тұру, б.қ. келу 6-8 рет
Б.қ. аяқ арасын ашып тұру, қолды кеуде тұста ұстау, оң жаққа иілу, сол қолды шынтақтан бүгіп төмен түсіру, б.қ.келу. сол жаққа иілу 6-8 рет
Б.қ. аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды төмен түсіру, тұру, қолды алға созу. Оң аяқты оң қолға сол аяқты сол қолға тигізу, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Б.қ. шалқасынан жату, аяқты созып жату, қол жанда аяқты жоғары көтеру, тізені бүгіп велосипед айдап келеміз деп аяқты қимылдату.б.қ.келу 6-8 рет
Б.қ.қолды белге ұстау, аяқты қосып тұру, доптар секіруде екі аяқпен бір орында тұрып секіру
Колонада бір қатармен жүру.
Қазан (2 комплекс)
аралығы
1. Тізбекте бір қатармен тұру,жүру, шашырап жүру.
2. Жүру, звеноға бөліну
3. Б.қ.қолды жанына түсіріп тұру, аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанынан
жоғары көтеру, керілу, б.қ.келу 6-8 р.қ.
4. Б.қ. аяқ арасын сәл ашып, қолды түсіріп тұру, «Маятник» кеудені
кезектестіріп солға, оңға иілу, әр жанға 3-4 р.қ.
5. Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолдың саусақтарын айқастырып, бастан
жоғары ұстау. «Ағаш жару» - жылдам алға еңкею. Қолды алға, төмен сермеу,
б.қ.келу 6-8 р.қ.
6. Б.қ. еденге тізені бүгіп отыру, қолды арқа тіреп отыру, аяты алға созу,
жоғары көтеру, түсіріп алға созу, б.қ.келу 6-8 р.қ.
7.Бір орында тұрып немесе шашырап секіру.
8. Жұптасып жүру.
Қараша (1-комплекс)
1-15 аралығы
1.Колоннада бір қатармен жүру және жүгіру.
2.Звеноға бөлініп түру.
3.Б.қ. аяқ арасын сәл ашып түру,қолды жанға түсіріп тұру,оң қолда доп. Сол
қолды жоғары көтеру,сол қолды жоғары көтеру, допты оңнан солға, сол
қолдан оң қолға ауыстырып, б.қ.келу 6-8р.қ.
4.Б.қ. аяты қосып қолды төмен түсіріп тұру. Оң аяқты жанға қою, оңға бұрылып
допты оң жақ еденге ұрып, қос қолмен қағып алу, б.қ.оралу, сол жақта
орындау 6-8 р.қ.
5. Б.қ. арасы ашық доп оң қолда. Алға-төмен еңкею оң қолдағы допты сол қолға
сол аяқ артымен беру. Б.қ.келу, сол келесі жақта қайталау 6-8 рет
6. Аяқты алшақ ашып тұру, доп оң қолда, отыру, допты жерге ұрып қағып алу,
тұру, б.қ.келу, сол жақта қайталау 6-8рет
7. Б.қ. тізерлеп өкше үстіне отыру, доп оң қолда оңға еңкею допты өзінен түзу
домалату, б.қ.келу, сол жақта қайталау 4 рет
8. Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып допты жерге қойып тұру. Доп жанында,
қоя аяқтап секіру.
9. Жүру, жүгіру.
Қараша (2 комплекс)
аралығы
Бір тізбекте жүру, аяқ ұшымен, өкшемен аяқтың іші қырымен жүру.
Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
Звеноға бөлініп тұру.
Б.қ.өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, қолды белге ұстау, оңға қарай бір қадам жасау, қолды жанынан жоғары көтеру, б.қ.келу осылау сол жақта қайталау, әр жақта 3-4 р.қ.
Б.қ. аяқ арасын алшақ ұстап қолды белге ұстап тұру.
Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды белде ұстау, отыру, қолды алда ұстау, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Б.қ. аяқты қосып отыру,қолды артта ұстап тіреп отыру.
Б.қ. тізерлеп қолды белден ұстап тұру, кеудені бұру, оң қолмен сол қолмен ұстау, б.қ.келу, келесі жақта қайталау 3-4 р.қ.
Б.қ. шалқасынан жату, қолды бастан жоғары ұстау, оң аяқты көтеру аяқ ұшына тигізу сол жақта қайталау,
Қолды белге ұстап тұру. Бір аяқпен секіру екі аяқты алмастырып секіру, қос аяқтап секіру.
Желтоқсан (1-комплекс)
1-15 аралығы
Бір тізбекте жүру, тәрбиешінің белгісі бойынша бағытты өзгертіп отыру.
Звеноға бөлініп тұру
Б.қ. түзу тұру, қолды түсіріп, оң қолға қапшықты ұстап тұру, қолды жанынан жоғары көтеру, оң қолдан сол қолға қапшықты ауыстыру қолға қарау б.қ.келу.
Б.қ. молдас құрып отыру, қапшық алда, еденге қою. Оңға бұрылып қапшықты артына жасырып қою. Б.қ.келу, сол жаққа бұрылып қапшықты алдына қою 6-8 р.қ.
Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, қолды төмен түсіріп тұру. Алға төмен еңкею, қапшықты алға қою. Б.қ.келу 6-8 р.қ.
Б.қ. шалқасынан жату, оң тізені бүгіп кеудеге жақындату, аяқ астынан қапшықты бір қолдан екіншісіне ауыстыру, б.қ.оралып 6-8 р.қ.
Б.қ. орнында тұрып секіру. Тізені жоғары көтеріп тұру.
Желтоқсан (2 комплекс)
15-31 аралығы
Тізбекте жұптасып жүру,жүгіру
Звеноға бөлініп тұру.
Б.қ. аяқты қосып тұру, қолмен құрсауды төменде ұстап тұру, құрсауды алға, жоғары, вертикалды алда ұстау. Б.қ.оралы 6-8 р.қ.
Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру, құрсауды төмен ұстау. Кеудені оңға бұру, құрсауды алға ұстау б.қ. сол жаққа бұрылу 6-8 р.қ.
Б.қ.тізерлеп тұру, құрсау алда кеуде тұсында, құрсауды жоғары көтеру, оңға бұрылу, қолды түзу ұстау, құрсауды алда тік ұстау, б.қ.келу, сол жақта қайталау 6-8 р.қ.
Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын тік ұстап тұру. Құрсауды еденге тигізіп тұру.
Отыру,қолды құрсаумен алға созып бел тұсында ұстау, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Аяқ арасын ашып отыру, құрсауды алып шынтақты бүгіп ұстап тұру. Алға еңкею аяқ арасындағы ашық еденге құрсауды тигізу, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Б.қ. аяқты қосып тұру, құрсауды еденге қою. Құрсауды айнала секіру.
Бір тізбекте жүру.
Қаңтар (1 комплекс)
1-30 аралығы
Жұптасып тізбекте жүру, жүгіру.
Звеноға бөлініп тұру
Б.қ.аяқ ұшын ашып, өкшені қосып тұру. Қолды жанынан жоғары оң қолға кішкентай допты ұстап тұру. Қолды жанынан жоғары көтеру, оң қолдан сол қолға жопты алмастыру. Қолды жанынан төмен түсіру 6-8 р.қ.
Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру, доп оң қолда. Оң аяқты тізеден түгіп көтеру, аяқ астынан допты оң қолдан сол қолға алмастыру. Б.қ.келу, сол жақта орындау 6 рет қайталау.
Б.қ. аяұты алшақ ашып түру, доп оң қолда, қолды алға созып отыру, бір қолдан екінші қолға алмастырып отыру. 5-6 р.қ.
Б.қ. тізерлеп өкшеге отыру, доп оң қолда. Допты жермен өзінен ары қарай домалату, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Б.қ. аяқты қосып созып жіберіп отыру. Доп аяқ арасында қысылып ұсталған қолды артқа тіреп ұстау, тұзу аяқта допты тұсіріп алмай жоғары көтеру, б.қ.келу 6-8 р.қ.
Аяқты қосып, допты қос қолмен төмен ұстап тұру, жоғары лақтырып қағып алу. 6-8 р.қ.
Б.қ. доп оң қолда. Аяқты қосып тұру. Оң және сол аяқпен секіру, оңға солға тәрбиешінің санауымен бұрылып секіру.
Жүру. Майда қадамдап жүру.
Ақпан (1-Комплекс)
1-15 аралығы
1.Тізбекте бір қатармен жүру.Бастаушыны алмастыра отырып жүру.
2.Бастаушыны алмастыра отырып жүру.
3.Звеноға бөліну.
4.Б.қ.аяқты алшақ ұстап тұру, құрсауды оң қолда ұстау. Құрсауды алда, артта
ұстау, алға келіп қолдан –қолға алмастыру. 4-5 р.қ.
5.Б.қ.құрсауды кеуде тұстан шынтақты бүгіп ұстау. Өкшені қосып, аяқ ұшын
ашып тұру.Отыру,құрсауды алға созу.Б.қ.оралу, 5-6 р.қ.
6.Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, құрсауды төмен ұстау.Құрсауды жоғары
көтеру,оңға бұрылу, қолды түзу ұстау.
7. Б.қ.оралу, сол жақта қайталау 6-7 рет.
8.Құрсауды еденге қою. Қолды белде ұстау. Құрсауды айнала секіру.Б.қ.келу,
қарама-қарсы бағытта секіру, 3-4 р.қ.
9.Оң қолымен құрсауды тігімен ұстап тұру, құрсау ішімен отырып өту, б.қ.
келу, 6-8 р.қ.
10. Бір қатарда жүру.
Ақпан(2-Комплекс)
15-30 аралығы
1.Бір колоннада жүру. Жүру бағытын тәрбиешінің белгісіне сәйкес өзгертіп
отырып жүру.
2. Жүгіру. Өкшемен, аяқ ұшымен жүру.
3. Звеноға бөлініп тұру.
4. Б.қ. отыру ұлкен доп қолда төмен түсіріліп отырып, тұру, допты жоғары
көтеру,оң аяқты аяқ ұшын артқа қойып еденге тигізу.Б.қ. келу сол жақта
қайталау 3-4р.қ.
5. Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру. Допты қос қолмен ұстап төмен түсіріп
тұру.Допты алға ұстау қолды түзу ұстап кеудені жанға бұру, алда ұстау. Б.қ.
оралу, келесі жақта қайталау.
6.Б.қ. аяқты алшақ ашып тұру, қос қолмен допты төмен ұстап тұру, алға еңкею.
Бір аяқтан екінші аяққа допты дөңгелету,б.қ келу 6-8р.қ.
7. Б.қ. допты қос қомен төмен ұстап тұру. Өкшені қосыпт, аяқ ұшын ашып
тұру.Допты жоғары көтеріп тұру.Оң жақа еңкею, оң аяқты жанға қою, түзу
тұру,б.қ. келу сол жақта қайталау 6-8 р.қ.
8. Б.қ. аяқты созып отыру, допты аяқ арасына қысып ұстау, қолды артқа тіреп
отыру,аяқты жоғары көтеру, оңға бұру, тік ұстау б,қ, келу аяқты жоғары тік
көтеру, солға бұру, тік ұстау.Б.қ.келу 3-4 р.қ.
9. Б.қ. етпетінен жату, допты алда иек астында ұстау, қолды алға созып
көтерілу аяқты жоғары көтеру.Б.қ. келу 6-8 р.қ.
10.Допты жерге қою.Доп арасында секіру.
Наурыз айы
1-31 аралығы
1.Бір қатарда жүру, шашырап жүгіру.
2.Звеноға бөлініп орындық үстіне отыру.
3. Б.қ. тізені бүгіп орындық үстінде, қолды белге қойып отыру. Қолды жанға
созу, жоғары көтеру, қолды жанға, б.қ.келу 6-8 р.қ.
4.Б.қ.3-тегіндей қолды жанға созу оң жанға иілу, қолмен еденге аяқ ұшын
ұстау,б.қ.келу, сол жақта қайталау 6-8р.қ.
5. Б.қ. орындық үстіне отырып, аяқты алға созып, қолды желкеде ұстап отыру,
қолды жанға созу,оңға, жанға, алға еңкею б.қ.келу сол жақта орындау 6-8 р.қ.
6. Б.қ. орындық алдында тұру. Оң аяқты орындық үстіне қою, сол аяқты
скамейка үстіне қою. Оң аяқпен орындықтан түсу,6-8 р.қ.
7. Орындыққа арқасын беріп отыру. Орындықтың үстіңгі жағынан ұстап отыру.
Аяқты тік алға, жоғары көтеру б.қ келу.
8. Орындыққа жанымен тұру, қолды жанға түсіріп тұру.Орындық жанында
секіру алға жүріп секіру, артқа жүріп секіру.
9. Бір қатарда орындықты айналып жүру, жүгіру.
Сәуір айы (1-комплекс)
1-15 аралығы
1.Кубиктер арасынан жүру, жүгіру.
2. Звеноға бөліну.
3. Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру.Таяқшаны төменде ұстау.Таяқшаны
жоғары көтеру.
4. Б.қ. аяқ арасын ашып тұру, таяқшаны төмен түсіріп тұру. Таяқшаны жоғары
көтеру,оңға бұрылу,қолды тік ұстау б.қ.келу, сол жақта қайталау.
5. Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, таяқшаны төмен түсіріп
тұру,таяқшаны алға созып отыру, б.қ. келу,6-8р.қ.
6. Б.қ. таяқшаны артта түсіріп ұстап тұру. Аяқ өкшесін қосылған,аяқ ұшы
ашық.Алға еңкею,таяқшаны артқа, жоғары көтеру, б.қ.келу 5-6 р.қ.
7.Б.қ.аяқты ашып отыру, таяқшаны желкеге қою, таяқшаны жоғары көтеру, алға
еңкею, таяқшаны аяқ ұшына тигізу, б.қ, оралу, 5-6 р.қ.
8. Б.қ. аяқты қосып тұру, таяқшаны түсіріп тұру.Секіріп аяқты ашу,таяқшаны
жоғары көтеру. Таяқшаны төмен түсіру, секіріп аяқты қосу.
9. Б.қ. таяқшаны кеудеге ұстау.Оң аяқ ұшын жанға қою.Таяқшаны жоғары көтеру,б.қ.келу сол жақта қайталау.
10. Колоннада жүру.
Сәуір айы(2-комплекс)
15-30 аралығы
Тізбекте жүру, аяқ ұшынан өкшеге қарай басып жүру.
Звеноға бөлініп тұру
Б.қ.аяқты қосып, жіптің екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. Жіпті керіп жоғары көтеру, алда ұстау, төмен түсіру 6-8 р.қ
Б.қ. аяқты қосып, қолды төмен түсіріп тұру, қолды жоғары көтеріп артқа шалқаю, б.қ.келу 3-4 р.қ.сол жақта қайталау
Отыру. Қолды алда жіпті керіп ұстау, алға еңкею, оң аяққа тигізу б.қ.келу сол жақта қайталау.
Тізерлеп отыру, жіп кеудеде, қолды жоғары көтеріп оңға бұрылу,б.қ. келу сол жақта қайталау.3-4 рет
Б.қ. аяқты қосып тұру. Қолды төмен ұстау, жіпті алға созып отыру, тұру,б.қ.келу.
Мамыр айы(1-комплекс)
1-15 аралығы
Тізбекте тұру.
Жанамалап жүгіру «талап» қимылын жасау.
Звеноға бөліну.
Б.қ. құрсауда оң қолда ұстау, аяқты қосып тұру. Құрсауды серпіп артқа алға әкелу, сол жақта қайталау 3-4 р.қ.әр жанда
Б.қ.құрсауды алда ұстау, аяқтың арасын алшақ ашып тұру. Құрсауды шынтақты бүкпей жоғары көтеру. Құрсауды шынтақты бүкпей аяқ арасына еденге қою. Б.қ. оралу еңкейіп құрсауды алу, жоғары көтеру б.қ.оралу 6-8 р.қ.
Б.қ.отыру, құрсауды алда ұстау. Құрсауды кеудеге жақын ұстау, оң жанға бұрылып,солға созып ұстау. Б.қ.оралу сол жақта қайталау.
Б.қ.аяқты қосып тұру. Құрсауды еденге қою. Құрсауда секіру, құрсаудан сыртқа секіру.
Б.қ.құрсауды алға тігінен қойып жоғары жағынан екі қолмен ұстау. Оң аяқты артқа, аяқ ұшынан еденге тигізу, сол жақта қайталау 6-8рет
Жай жүру.
Мамыр айы(2-комплекс)
15-30 аралығы
Өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру.
Қолын екі жанында ұстап сермеу. Шынтақты бүгу,жүдырықты түйіп ұстау.
Екі өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, қолды белде ұстау, оң аяқты сол аяқ басына тигізу. Б.қ.оралу сол жақта қайталау 3-4 рет
Б.қ.аяқ арасын алшақ ұстау, қолды екі жанға созып тұру. Алға еңкею, сол саусақтарын еденге тигізу, 6-7р.қ.
Б.қ.шалқасынан жату аяқ арасын қосып қою, екі жанда. Аяқты көтеру, аяқ арасын ашу, аяқты қосу. Б.қ.келу 6-7р.қ.
Б.қ.шалқасынан аяқты қосып созып жату. Оң аяқты тізесін бүгіп тізесіне әкелу, қолмен жапсыра құшақтау,б.қ.келу, сол жақта қайталау
Б.қ.малдас құрып отыру, қол белде оңға кеудені бұру, қолды оң жанға созу.б.қ.
ІІ кіші топ
Таңертеңгілік жаттығулар топтамасы.
Қыркүйек айы.
«Қолды бастан жоғары шапалақтау». Б.қ. аяқ иық кеңдігінде, қол
төменде. 1.Қолды жанға созу. 2.Қолды жоғары көтеріп шапалақтау.
Қолды жанға созу. 4. Бастапқы қалыпқа келу(5-6рет).
«Алақанды көрсет». Б.қ.қолды шынтақтан бүгіп,саусақтарды иыққа
қою.Екі қолды кезек-кезек алдыға,артқа айналдырамыз(5-рет).
Б.қ.алдыңғыдай. 1.Оң қолды көтеріп,түсіру. 2.Сол қолды көтеріп
түсіру.(5 реттен).
Б.қ. қол төменде. 1-2. Иіліп, саусақтарды аяқтың басына тигізу.
3.Иілу
4. Б.қ-қа келу.(5-6рет).
Б.қ.еденде отыру. Аяқтар иық кеңдігінде. Екі қолды артқа қойып
тірелеміз.1. Оң аяқты көтеріп,аяқтың ұшын түзейміз.
2.Сол аяқты көтеріп, аяқтың ұшын түзейміз.(Әр аяққа6рет).
Б.қ. екі аяқ бірге, қолды алдыға созып,еденге жату. 1. Иықты, қолды
жоғары көтеру. Аяқтың ұшын еденнен көтеру. 2. Бастапқы қалыпқа
келу(5-рет).
«Секіру». Б.қ.Бір орында тұрып екі аяқпен орта жылдамдықта
секіру(6-7рет)
Қазан айы.
«Кім биік ?» .Б.қ.: жіп ұстаған қолды жоғары созып, аяқтың ұшымен
тұрып,жіпке қарау. 2.Б.қ-қа келу(6рет қайталау).
«Күш жина».Б.қ.: аяқ иық деңгейімен бірдей, қол түсірілген.1.Қолды
алдыға созу.2.Жоғары көтеру.3.Алдыға созу. 4. Б.қ.-қакелу.(6 рет
қайталау).
«Иіл». Б.қ.алдыңғыдай . 1.Оң не сол аяқты артқа жіберіп, қолды жіппен жоғары көтеріп еңкею. 2.Жоғары көтеру. 3. Алдыға созу. 4.Б.қ.-қа келу
(6 рет қайталау).
«Отырып тұру». Б.қ. 1. Отыру, қолды алдыға созу. 2.Б.қ.-қа келу(7-8рет қайталау).
«Алдыға иілу». Б.қ. жерге отыру, жіпті қолына ұстап отыру.1.Алдыға иіліп, аяқтың ұшына жету. 2.Б.қ.-қа келу. (6-8рет қайталау).
«Күн». Б.қ.: ішпен жату, қолды алдыға созу, аяқ бірге. 1.Түзу қолды жоғары көтеру, аяқты жерден сәл көтеру. 2.Б.қ.-қа келу. 5 рет қайталау.
«Секіру». Б.қ.: оң не сол жақпен жіптің жанында тұру.Екі аяқпен алдыға қарай секіру, жүру. 2 рет қайталау.
Қараша айы
«Шығыршыққа қара» Б.қ.: аяқ иық деңгейімен, шығыршықты екі қолмен ұстап тұру. 1. Шығыршыөты алдыға созу. 2. Жоғары көтеріп оған қарау. 3.Алдыға созу. 4. Б.қ.-қа келу. 6 рет қайталау.
«Бұрылыс» Б.қ.:алдыңғы жаттығудағыдай. Алдыға қолды созып, аяқты қозғалтпаған күйде оңға(солға) бұрылу. 2. Б.қ.-қа келу 4 рет қайталау
«Отыру». Б.қ.: алдыңғы жаттығудағыдай. 1.Отырып, шығыршықты жоғары көтеру. 2.Б.қ.-қа келу.7-8рет қайталау.
Б.қ.: алдыңғы жаттығудағыдай, қолды екі жаққа созу, бір қолға шығыршықты ұстау. 1.Қолды жоғары көтеріп, шығыршықты екінші қолға ауыстыру.2. Қолды екі жаққа созу. 7рет қайталау.
«Алдыға иілу» Б.қ.: екі аяқты иық деңдейімен бірдей қойып,еденге отыру, қолды тізенің үстіне қою.1. Алдыға иіліп,аяқтың ұшына дейін жеткізу. 2. Б.қ. 8 рет қайталау.
Б.қ.:екі аяқты біріктіріп,еденге отыру.Шығыршықты руль сияқты ұстау.Автомобильде отырғандай екі аяұты түзу ұстаған күйі алдыға және артқа қозғалу. Әр жаққа 5 рет қайталау.
«Секірулер».Б.қ.: шығыршық жерде жатыр.Шығыршықты айнала оң және сол аяқпен кезектесе бір аяқпен секіру.Әр жаққа 3 реттен қайталау.
Желтоқсан айы.
«Батпанға қара» . Б.қ.:екі аяқ иық кеңдігінде, екі қолға батпан ұстап, төмен түсіріп тұру. 1. Қолды екі жаққа созу.2. Жоғары көтеру. 3.Екі жаққа созу. 4. Б.қ.-қа келу. 6-8рет қайталау.
2.«Күштілер». Б.қ.: екі аяқ иық кеңдігінде, қолды екі жаққа созу.
1.Шынтақты бүгіп оңға(солға) қимыл жасау.
2. Қолды екі жаққа созу.3.Б.қ.-қа келу.
3.«Иілу». Б.қ.:екі аяқ иық кеңдігінде, қол төмен түсіріліп тұрады.
1.Аяқты бүкпей,алға иіліп, батпанды еденге қою.
2. Б.қ.-қа келу. 6рет қайталау.
4.«Отыру». Б.қ.: негізгі тұрыс. 1.Қолды жоғары көтеріп, отыру. 2.Б.қ.-қа
келу. 6 рет.
5. «Жан-жаққа иілу». Б.қ.: тізерлеп тұру, қол белде.
«1-3» дегенде оңға, солға иілу.
«4» дегенде б.қ.-қа келу. 4 рет қайталау.
6. «Сырғанау». Б.қ.: қолды еденге тигізіп , шалқасынан жату.
1.Оң жаққа жылжу.
2. Тоқтау.
3. Сол жаққа жылжу.
«4»дегенде б.қ.-қа келу. 4рет қайталау.
«Секіру». Б.қ. екі аяқ иық кеңдігінде, қол белде. Бір орында тұрып, екі аяқты бір-біріне тигізбей секіру. 10 рет секіру. Бір орында жүріп, қайтадан қайталау.
Қаңтар айы
1 .«Күресейік». Б.қ.: аяқты алшақ қойып, екі-екіден бір-біріне қарап тұру.
2. «Кім биік». Б.қ.: негізгі тұрыс, бір-біріне қарап, қолдарын ұстап тұру.
1. Қолды екі жаққа созу.
2. Жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.
3.Қолды екі жаққа созу.
4. Б.қ.-қа келу.
3. «Иілу» Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап, қолдарын жандарына түсіріп тұрады.
1.Оңға(солға) иілу.
2. Б.қ.-қа келу. Әр жаққа 4 реттен қайталау.
4. «Отыру». Б.қ.: бір-біріне арқаларын тигізіп, қол ұстасып тұрады.
1. қолды екі жаққа созып отыру.
2.Б.қ.-қа келу. 6рет қайталау.
5. «Сырғанайық». Б.қ.:бір-біріне бастарын түйістіріп , қол ұстасып, шалқасынан
жатады. «1-2» дегенде қолды жібермеген күйде сырғанап ішке жату. «3-4»
дегенде б.қ.-қа келу.
6. «Секіру». Б.қ.: аяқ алшақ, бір-біріне қарап, қолды екі жаққа созу. Бір аяқты
алға, бір аяқты артқа қойып секіру. 10 рет. Бір орында жүру, қайтадан секіру.
Ақпан айы.
«Шығыршықтың орнын ауыстыру» Б.қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол төменде.
Қолды жаннан жоғары көтеру, шығыршықты оң қолдан сол қолға ауыстыру. 2. Б.қ.-қа келу.Әр қолға 4 реттен қайталау.
«Жартылай отыру» Б.қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол белде, шығыршықты басқа қою. 1.Оң (сол) аяқты сол аяұтың жанына қою. 3. Отыру.4. Б.қ.-қа келу. Әр жаққа 4 реттен қайталау.
«Шығыршықты ұста» Б.қ.: аяқты еркін ұстау, қолды сәл бүгіп, шығыршықты алдыға созып ұстау. 1. Шығыршықты жоғары лақтыру, 2.Қағып алу. 6-8 рет қайталау.
«Тепе-теңдік». Б.қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол төменде. Аяқты бүгіп , шығыршықты алу.
Б.қ.: шалқадан жатып, шығыршық ұстаған қолды, аяқты көтеріп, аяқтың ұшын шығыршыққа кіргізу, шалқадан жатып тербелу,(алға-артқа) Б.қ.-қа келу.5-6 рет қайталау.
«Секіру» Б.қ.: аяқ иық кеңдігінде қол белде, шығыршық еденде.Екі аяқпен шығыршықты айнала секіру. 10 рет.
Наурыз айы.
1. «Күншуақ». Шығыршықты екі қолымен ұстап, жоғары көтеру.
2. Түсіру. 6 рет қайталау.
«Отыру». 1.Отыру. 2.Тұру. 6-8рет қайталау.
«Руль». Шығыршықты саусақ қозғалысымен оңға, солға қозғалту.
«Тепе-теңдік». Б.қ.: шығыршықты екі қолымен жоғары ұстау. Тізені бүгіп, шығыршықты түсіру тепе-теңдікті тізеге түсіру. 3.Аяқты түсіріп, шығыршықты көтеру.Әр аяққа 4 реттен қайталау.
«Аттап өт» . Б.қ.: негізгі тұрыс, шығыршық төменде. 1-2. Кезек-кезек аяқты бүгіп, шығыршықты аттап, оған тұру. 2. Тағы сол қимылды жасап, б.қ.-қа келу. 5 рет қайталау.
«Шығыршыққа қара». Б.қ.: етпетімен жату, шығыршық қолда. 1. Сәл шығыршықты көтеру, 2.Б.қ.-келу. 6 рет қайталау.
«Секіру». Б.қ.: негізгі тұрыс, шығыршық қолда төмен ұстау.Екі аяқпен айнала секіру. Жүрумен алмастыра 10 рет әр жаққа секіруді қайталау.
Сәуір айы.
«Жұдырық» Б.қ.: аяқ алшақ , қолды екі жанда ұстау. 1. Екі қолды жоғары көтеру. 2.Саусақты жұмып, жұдырық түю. 3. Б.қ.-қа келу. 6 рет қайталау.
«Қолды желкеге жасыру». Б.қ. негізгі тұрыс. Қол екі жанда . 1. Қолды белге қою. 2.Қол желкеде. 3. Белде. 4.Б.қ.-қа келу.6-8 рет қайталау.
«Отыру». Б.қ.: қолды артқа ұстау. 1. Отыру,қолды алға созу, жұдырық түю. 2.Б.қ.-қа келу. 6-8 рет қайталау.
«Шапалақ». Б.қ.: еденде отыру,қол белде, 1.Тізерлеп тұрып, қолды бастан жоғары көтеріп шапалақтау. 2. Б.қ.-қа келу. 6 рет қайталау.
«Тізені бүгіп» Б.қ.: отыру.Аяқ түзу, қолды артқа тіреу. 1.Аяқты қолға жоғары көтеру . 2. Тізені бүгу. 3.Түзелу. 4. Б.қ.-қа келу. 6-8 рет қайталау.
«Тізеңді екі қолыңмен құшақта». Б.қ.: шалқадан жатып екі қолды төмен түсіріп, жанға қою. 1. Тізені бүгіп құшақтау. 2.Б.қ.-қа келу. 5-6 рет қайталау.
«Секіру». Б.қ: аяқ сәл ашық, қолды бос ұстау. Қосаяқтап секіру,екі жаққа кеэек бұрылу. 5 рет секіру, жүрумен алмастыру.(2 рет).
Мамыр айы.
«Түсіріп алма» . Б.қ.: қазақша малдас құрып отыру, доп қолда.1.Допты жоғары көтеру,қолды бүгіп, бастан асыру. 3.Допты жоғары көтеру. 4. Б.қ.-қа келу. 4-5 рет қайталау.
«Допты бастан асырып ұстау». Б.қ.: тізерлеп отыру, доп төменде, көтермелеп қолды алға созу. 2. Б.қ.-қа келу. 4-5 рет қайталау.
«Құлау». Б.қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол доппен төменде. 1. Допты алға созып, оң аяқпен құлау. 2. Б.қ.-қа келу. 2 рет қайталау.
«Еңкею». Б.қ.: отыру аяқ алшақ. Доп ұстаған қолды бүгіп, кеуде тұсында ұстау.Алға оң сол аяққа шалу, қолды түзу ұстау. 2. Б.қ.-қа келу. 3 реттен әр жаққа қайталау. 3 Б.қ.-қа келу. 6 рет қайталау.
«Допты айнала жүгіру».Б.қ.: доп еденде. Белгі бойынша допты айналып, жүгіріп, тізерлеп отырып, алақанмен допты бір ұру. 5 рет әр жаққа қайталау.