И. Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты
«Бекітемін»
Мектеп-интернат директоры: Л. А. Касымбекова
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Ж. Байдабекова
Танымдық сайыс сабақ
«Кім жүйрік?»
Күні: 05. 12. 2018ж
Уақыты: 14.15
Сыныбы: 5«а,ә» - сыныптары
Өтілетін орны: мәжіліс залы
География пәнінің мұғалімі:
Ф.Б. Ниетбаева
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» танымдық сайыс сабақ.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Жүсіп Баласағұн
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру, алған білімдерін пайдалана отырып, білу дағдысын қалыптастыру, сабаққа деген қызығушы- лығын ояту, өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдылан- дыруды, оқушылардың өзін көрермендер алдында дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке, алғырлыққа тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Кім жүйрік?» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа қатысушы оқушылармыз 5 сынып оқушылары. Сайыскерлерімізге реттік номерін беру үшін тақтададағы әріптерден ғаламшар аттарын құрап,сол бойынша 1-ші,2-ші тапқан топ ретімен тұрады.
1. О П А Н Л Ш (Шолпан)
2. Н А С У Р Т (Сатурн)
3. Р И П Е Ю Т (Юпитер)
4. Й К Е М У Р И Р (Меркурий)
5. Т Е П У Н Т (Нептун)
6. С М А Р (Марс)
Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Мектеп-интернат директоры – Л. А. Касымбекова
2. Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г. Ж. Байдабекова
3. Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі және математика пәнінің мұғалімі – Р. Т. Абдуллаева
4. Мектеп-интернат психологы – Д. Үсенбаева
Сайыскерлерімізді таныстырып,олардың әрқайсысына көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мынындай сұрақтар қойылады:
-сүйікті пәнің?
-қандай кітаптар оқисың?
-ұнататын кино аты?
-қай мұғалімді ұнатасың?
Барлық кезеңде әр топқа қойылған дұрыс жауап үшін ең жоғары ұпай саны 10. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз. Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады
.1-кезең. Таныстыру.
Топтардың өзін-өзі таныстыруы ( топ аты, ұраны, эмблемасы, сайысқа дайындығы, топ жетекшісі)
2- кезең. Үй тапсырмасы.
Әр топтың қабырға газетін қорғауы.
3- кезең. «Бәйге»
Екі топқа он сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа он ұпай беріледі.
5 «А»
1) Жаратылыстану қандай ғылымдардың жиынтығынан тұрады?
(Жаратылыстану – география, биология, физика, химия, астрономия,
экология ғылымдарының жиынтығы).
5 «Ә»
1) Қандай жаратылыстанушы ғалымдарды білесіңдер? (Әл-Фараби, Әл-Бируни,Эратосфен, Птоломей, Страбон, Ш. Уәлиханов және т.б.).
5 «А»
2) Ең бірінші ғарышкер? (Ю.Гагарин).
5 «Ә»
2) Дене неден тұрады? (заттан).
5«А»
3) Ауаның қысымын өлшейтін құрал? (барометр - анероид).
5 «Ә»
3) Желдің бағытын өлшейтін құрал? (желбағар).
5 «А»
4) Ең алғаш глобусты жасаған кім? (Мартин Бехайм).
5 «Ә»
4) Ең алғаш телескопты жасаған кім? (Галилео Галилей).
5 «А»
5) Жұлдыз дегеніміз? (Жанып, жарқырап тұрған газды шар).
5 «Ә»
5) Галактика дегеніміз не? (Жеке жұлдыздар тобы).
5 «А»
6) Ғарыш туралы ежелгі көзқарасты өзгерткен белгілі поляк оқымыстысы? (Н.Коперник).
5 «Ә»
6) Алғаш рет «Жер Күнді айналып жүреді» деген ойды айтқан ғалым?
(Әл Бируни).
5 «А»
7) Марстың серіктері? (Фобос пен Деймос).
5 «Ә»
7) Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров).
5 «A»
8) Неше материк және неше мұхит бар? (6 материк, 4 мұхит).
5 «Ә»
8) Судың неше күйі бар? (сұйық, қатты, бу).
5 «A»
9) Тау жыныстары? (магмалық, шөгінді, метаморфтық).
5 «Ә»
9) Жердің құрылысы? (қыртысы, мантия, ядро).
4- кезең. «Кім тапқыр?»
Топ жетекшілерінің сайысы
1-топ.
1. Африка – материк.
2. Сатурн – планета.
3. Орбита – ғаламшарлардың жолы.
4. Жердің үлгісі – глобус.
5. 365 күн – бір жыл.
6. Гидросфера – су қабаты.
2-топ.
1. Атлант – мұхит.
2. Жетіқарақшы – жұлдыз.
3. Юпитер – планета.
4. 24 сағат – 1 тәулік.
5. Т. Мұсабаев – ғарышкер.
6. Ауа қабығы – атмосфера.
5-кезең. «Сөз жұмбақ шешу»
Әр топ дайындаған сөз жұмбақтарын бір-біріне шешуге ұсынады.
6-кезең. «Сиқырлы сөз»
Анемометр сөзинен канша сөз құрай аласыңдар? 1 минут уақыт беріледі, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. ( ат, ет, метр, ер, ем, ана, ата, тер, мен, рет, анар)
7-кезең. «Кім өнерлі?»
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Әділ қазылар ұпай санын есептеп болғанша көрермендерге жануарлар туралы деректер оқылады.
Жануарлар туралы қызықты деректер.
1. Қаршығалар Еуропаның тек бір елінде — Исландияда кездеспейді.
2. Хамелеон тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады. Сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, сондықтан да хамелеон бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай алады.
3.Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек.
4. Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.
5. Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.
6. Шиебөрілерде (шакал) иттер мен қасқырларға қарағанда хромосома саны біреуге артық.
7. Жолбарыстардың жүні де терісіде жолақты болады.
8. Сарган балығының сүйегі жасыл түсті.
9. Жылқылардың сүйек саны адамның сүйеке санынан 18-ге артық.
10. Сегізаяқты қармауыштың (осьминог) қарашығы тік төртбұрышты.
11. Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.
12. Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.
13. Антарктида балықтарының қанының температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін жете алады.
14. Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.
15.Тауықтардың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.
16. Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
17. Фолкленд аралдарында әр тұрғынға (2000 тұрғын) 350 бас қойдан (700 000 бас қой) келеді, ал Жаңа Зеландияда – 20 қойдан.
18. Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп, таси алады.
19. Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27% -ын құрайды.
20. Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.
21. Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз. Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, қорытындысын шығарады. Жеңімпаз топ анықталады.
Қорытындылау:
Сайысымыздың соңында бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, қөңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отыра тілек айтайық.
1) Бұлақтай мөлдір таза бол!
2) Жұлдызың жарық болсын!
3) Айың оңыңнан тусын!
4) Қөңілің көлдей шалқысын!
5) Гүлдей жайнай бер!
6) Таудай талап бер!
7) Қызғалдақтай құлпыра бер!