СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тех карты для ДОУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

еееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееее

Просмотр содержимого документа
«Тех карты для ДОУ»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 09.04.18ж

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлімі: ІІ.Еңбек гигиенасын құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Бөлімше: 2.2. Материалдармен құралдармен жұмыс

Оқу мақсаты: 0.2.2.1.Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлім: Аппликация

Тақырып: Тәтті тоқаштар

Мақсаты: Нан туралы жалпы түсінік беру.

Жапсырудың негізгі және қосалқы бөліктерін бөліп көрсетуге үйрету.

Міндеттері: Қағаздың парағын жекелеген элементтер мен толықтыру қабілеттерін қалыптасыру. Қайшымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін сақтау біліктіліктерін дамыту. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: нан - bread, ас- food , асүй- kitchen.

Сөздік жұмысы: обал болады, қастерлеу.

Құралдар: муляждар, үлгі суреттер, әліппе-дәптері, желім, альбомдар, сүлгі, қайшы.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



ҰОҚ-не дайындықты тексеру.

Кіріспен әңгімелесу.

«Нан қоқымын шашпаңдар» өлеңін оқып береді, сұрақтар қояды. Тақырыпқа шығады.

Тәрбиеленушілер клеенканы төсейді, үстелдің оң бұрышына қайшы, желім жаққыш, қарындаштар мен фломастерлер салынған стақанды қояды. Стақанның қасына желім, қағаз қиындыларын салуға арналған ыдысты қояды. Қиып алынған суреттерге желім жағуға арналған қағаз парақтарын дестелеп қояды. Артық желімді сүртуге арналған шүберекті орналастырады. Оң жақта түрлі- түсті қағаздар.



Негізгі бөлім

Педагог тәрбиеленушілерге әліппе-альбомдағы суретке қарап, таныс элементтерін атауды ұсынады.

Жұмыстың орындалу технологиясы

Педагог балаларды жұмыс алгоритмімен таныстырады. Тоқштарды жасауға арналған қағаздарды таңдауды ұсынады.

Педагог жұмыс кезеңдерін атап отырады.

Балалардың назарын ойдағы композицияны құрастыру үшін қиып алынған суреттерді жапсырылатын бетке, яғни фонға ретімен орналастыру керектігіне аударады. Егер ойдағы композиция ұнамаса, бөлшектерді басқаша қоюды үйретеді. Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді.



(ұ) «тату-тәтті саусақтар» жаттығуы.

Бұл саусақтар шымшылайды (бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын шымшылаймыз).

Мына саусақтар серуендейді (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»).

Ирексу: көлемі 6х6 см шаршыны төрт кішкентай шаршыға бөлеміз. Екі шаршыны элементтің орталығы үшін қалдырамыз. Ал қалған екеуінен диагональ бойынша бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін екі үшбұрыш қиып аламыз. Әліппе-альбомның суретінде көрсетілгендей, өрнек құрастырамыз.


Қиып алып, бүктеуін жазамыз.

Одан кейін әзірлемелерді қамзолдың немесе шапанның сұлбасына орналастырамыз.





Қорытынды

бөлім


«Алты қалпақ» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады. Өздері істеген еңбектерін тамашалайды.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Тәтті тоқаштар бейнесін қағаздан қияды.

Түсінеді: нан қайдан келетінін біледі.

Қабылдайды : қайшымен қиюға машықтанады, желімдеу, альбомның ортасына жапсыру машығын.


Толтырған тәрбиеші:__________________

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 09.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 3.Физикалық құбылыс

Бөлімше: 3.5. Электрлік және магниттілік

Оқу мақсаты: 0.3.5.1. Электр тогының табиғи көздерін атау

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: Жаратылыстану

Тақырып: Электр тогы не үшін керек?

Мақсаты: Электр энергиясының табиғат көздерімен таныстыру.

Электр тогының табиғат көздерін атап шығу

Міндеттері: Электр энергиясы қайда «өмір сүретіндігі» және ол адамға қалай көмектесетіндігі туралы балалардың білімдерін қалыптастыру. Зейінді дамыту. Танымдық қы зығушылыққа тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: теледидар- TV, тоңазытқыш - fridge

Сөздік жұмысы: қауіпсіздік сақтау, қауіпті.

Құралдар: әліппе дәптері, суреттер, таратпалы материал.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға сұрақтар қояды.

  • -балалар, қараңдаршы , бұл не?

  • Шам қалай жанып тұр?

  • Электр тогы қайдан пайда болып тұр?


Зерттеу жүргізу. Шамды жағу.

Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.


Педагогтың көмегімен тәжірибе жасайды.



Негізгі бөлім

Суреттермен жұмыс.

Суреттердің арасынан электр жабдықтарын табыңыз. Атау.


Дәптердегі тапсырманы орындау.

Педагог жеке жұмыс жасайды.


Сергіту сәті.

Бір, екіү ұш

Бойға жинап күш

Биік болып өсеміз

Өскенде айға жетерміз.


Д/ойын: «Не артық?»

Суреттерді топтастырып, ортақ атаумен атау, артығын табу.


Қауіпсіздік ережелерін қайталайды.

Балалар ыдыстағы мұзды алады. Алақандарына ұстап, жылытады. Ерігенін байқайды.




Балалар тиісті суреттерді тауып, бояйды.






Қимылмен көрсетеді.


Әліппе –дәптердегі тапсырма орындалады.

Мысалы: кітап, қалам, өшіргіш, жастық







Қорытынды

бөлім


«Тілектер жолақтары» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Электр тогы туралы жалпы мағлұмат алады.

Түсінеді: токтың адам өміріне, қоршаған ортаға маңыздылығын біледі.

Қабылдайды : тәжірибе жасау, тұжырымдау.


Толтырған тәрбиеші:__________________

























Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 09.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 4. Математикалық модельдеу

Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу

Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: Ас атасы – нан. Цифрларды бастырып сызамын. Мысалдар шығарамын.

Мақсаты: Тапсырмаларды орындауға үйрету

Міндеттері: Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешуге үйрету

Полилингвальды компонент: нан - bread, ас- food , асүй- kitchen.

Сөздік жұмысы: тізбекті есептер, шешу жолдары.

Құралдар: есептеуге арналған сызғыш, таяқшалар, үлестірмелі қағаздар, дәптерлер, қаламдар мен қарындаштар, асбұршақ


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог жұмысқа дайындықтарын тексереді. Логикалық тапсырмалар жасырады.

  • Бір адамда неше құлақ бар? Ал екі адамда?

  • Көлде жүзді без аққу, екі үш аққу ұшып кетті. Кейін біреуі қайтып келді. Көлде неше аққу жүзіп жүр?

Балалар өз орындарына жайғасады.



Логикалық тапсырмаларды шешеді.



5

Таяқшалармен, санауға арналған асбұршақтармен санайды.



Негізгі бөлім

1-тапсырма.

Тоқаштарды сана, цифрды жапсыр.


2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.

Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексереді.

Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіреді.


Сергіту сәті

One, one, one  

I can run ! 

Two, two,two 

I can jump too!

Three, three, three  )

Look at me ! 


Деңгейлік тапсырмалар таратылады.

Педагог балалармен жеке жұмыс орындайды.





Цифрларды басады. Атайды.


Ағылшықша 10-ға дейін санайды.


1-қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша саламыз.


2-қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.


1-деңгей.

Қалып қойған цифрды тап, жаз.


2-деңгей. Суреттегі пішіндер тізбегін жалғастыр, тиісті цифды жапсыр.


3-деңгей. Тізбекші есептер шығар. Мысалы:

5+4+1+2

4+4+4+1

3+5+1+0

5+5-7-2+5

10-8+2+4+1






Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Ергежейлілер » рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. үш тілде санайды.

Түсінеді: санауға арналған асбұршақты пайдаланады.

Қабылдайды : тізбекті күрделі есептерді шығаруды үйренеді.


Толтырған тәрбиеші:__________________








Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 10.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 4. Математикалық модельдеу

Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу

Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: Сүт тағамдары. Мысалдар жəне есептер шығарамын.

Мақсаты: Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешуге үйрету

Міндеттері: Қарапайым арифметикалық тапсырмалар құрап, оларды шешуге үйрету. 20 көлеміндегі сандар мен цифрларды, оларды тура және кері санау дағдыларын дамыту. Шапшаң есеп шығаруға тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: сүт- Milk , ірімшік- cottage cheese

Сөздік жұмысы: тізбекті есептер, шешу жолдары.

Құралдар: есептеуге арналған сызғыш, таяқшалар, үлестірмелі қағаздар, дәптермлер, қаламдар мен қарындаштар, асбұршақ


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балалардан таңғы аста не жегендерін сұрайды.

–Тамақ пайдалы болды ма?

Қандай тамақ пайдалы екенін білуді ұсынады.

Сүт тағамдары жайлы сұрайды.

Өзектендіру.

ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе даярлық топ балаларына ретінде педагог «Есепте»

ойынын ұсынады.


Ересек топ балалары суреттегі заттарды санайды.


  • Педагог балаларға жауабы бар карточканы көтеруді ұсынады.

Балалар өз орындарына жайғасады.



Сүт, айран т.с. жауаптар







Өзі болса үнсіз тұрып мысалдары бар карточкаларды көрсетеді.


Логикалық тапсырмаларды шешеді.





Негізгі бөлім

2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.

Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексеруді ұсынады.


Pick up, put down, stand up, turn around.

Clap left, clap right, clap up, clap down.

Look left, look right, look up, look down.

Turn around, sit down, touch something brown.


Д/ойын: «Сана, жаз» (20 көлеміндегі сандар)



Д/ойын: «Сүт тағамдары»


Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіріп отырыңыз.

1-қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша салады.


2-қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.


Балалар таяқшалар, асбұршақ немесе басқа қосалқы материалмен санайды.

Жауабын жазады.


14+3

12+3

20-10

7+7

Сүт тағамдарын табады, белгілейді.






Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Тілектер ағашы » рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Сүт тағамдарынның атаулары үш тілде біледі, ажыратады.

Түсінеді: 20-ға дейін санайды.

Қабылдайды : тапсырмаларды өздігінен шығарады.


Толтырған тәрбиеші:__________________









Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А.. Күні: 13.04.18ж

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлімі: 2.Қимыл үйлесімділігінің дағдылары

Бөлімше: 2.1 Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі

Оқу мақсаты: 0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара

және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Драма

Тақырып: Ең керемет дәм

Мақсаты: Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін түсіндіру.

Міндеттері: Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа,су қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: нан - bread, ас- food , асүй- kitchen.

Сөздік жұмысы: диқаншылар, наубайшылар, диірмен.

Құралдар: Бибабо театры, суреттер, ән табағы.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Кіріспе әңгіме.

Жұмбақтар жасыру:

Бек тұрған белін буып,

Тек тұрған                    (бидай)

 

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас   (тапа нан)


Жұмбақты шешуге тырысады.



Негізгі бөлім

Қонаққа бауырсақ келеді. Бауырсақтың тапсырмасын орындауды ұсынады.

балалар, сендерге мамаларың үйде қандай нан түрлерін пісіріп береді?

-         Тоқаш, бауырсақ, шелпек, тәтті нан.

-         Ал, дүкенде сатылатын тағы қандай нандардың түрлерін білесіндер?

-         Таба нан, ақ нан, батон, булочки....

-         Дүкенде сатылатын нандарды қай жерде пісіреді. Ұн бидайдан жасалады. Бидай диірменде тартылады.

-         Диірмен – ол ұн тартатын жер. Диірменге бидайды диірменшілер дайындайды. Бүгінгі сабақта сендер «Қайдан келдін, бауырсақ?» өлеңіне сахналау көреміз.

(Бибабо театры)


Балалар қызығады, бауырсақтың келгеніне қуанады.


Нанның түрлері жайлы айтады.









Сергіту сәті.

Мен жақсы баламын. ( Жайлап отырып ақырындап айтады )

Мен өте жақсы баламын ( Біртіндеп тұрып сөзді қаттырақ айтады.)

Мен нағыз жақсы баламын. ( Орнынан тұрып, қатты дауыспен айтады,)


Сахналауды қарайды. Ұғынады.




Қорытынды

бөлім


«Алты қалпақ» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: нанның қайдан келетінін біледі.

Түсінеді: нанды қастерлеу керектігін.

Қабылдайды : өлең мазмұнымен танысады.


Толтырған тәрбиеші:__________________

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 11.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: 1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Оқу мақсаты: 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырып: Тәтті балдың әлегі . «Ю» дыбысы

Мақсаты: Ю дыбысы және әрпімен таныстыру.Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету

Міндеттері: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Фонематикалық естуді дамыту.Байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу Полилингвальды компонент: кәмпит- candy. Бал- honey , аю – bear

Сөздік жұмысы: өндіріледі, қорбаңдыған қонжық

Құралдар: кәмпиттер муляжы, әріптер, әліппе-дәптері, қарындаштар мен таратпалы қағаздар.



Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға екі қолын беліне ұстап тұрған спортшының суретін көрсетеді. Балалар спортшы неге екі қолын беліне қойып тұр? Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар жауабын толықтырады.


Барлық балалар спортшы сияқты тұрып, керілу созылу жаттығуын жасайды.



Негізгі бөлім

Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру
Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан (аю)

«Аю» сөзінде неше буын бар.
Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? (хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі, жазғанда ю болып жазылады.
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады.
Аюды сипаттау. Аюдың суретін көрсету.
дәптермен жұмыс. Ю әрпінің жазба түрін жазу.

Көрнекіліктер бойынша тақырыптық әңгіме өткізу.
- Балалар, бүгін біз сіздермен «Әдемі ою» тақырыбына таратпалы материалдар арқылы ақ қағазға салынған оюымызды әдемілеп бояймыз.

Балалар ойланады.





Аю сөзін буынға бөледі де 2 буын екенін айтады.



Мысалы: а - ю, қо - ю, құ – ю





Аю, ою, қою, қию, жию т.с.с.





қоңыр
аңғал
батыл
жылдам
жыртқыш




Қорытынды

бөлім


«Жетістік шыңы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.




Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. ю дыбысын қатыстырып сөздер құрайды.

Түсінеді: сөздерді буынға бөліп оқиды.

Қабылдайды : Балалар ю əрпінің баспа түрін жазып біледі.


Толтырған тәрбиеші:__________________

























Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 05.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: 1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Оқу мақсаты: 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырып: Кәмпиттің сөзі . «Ф» дыбысы

Мақсаты: Ф дыбысы және әрпімен таныстыру.Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды салыстырып, оларды дұрыс атауға үйрету.

Міндеттері: Сөздегі дыбыстарды және олардың белгі

лерін ажыратуға үйрету. Дыбыстардың әріппен белгіленуін салыстырып, белгілі бір дыбысты сөздерді айтуды дамыту.Әдемі жазуға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: кәмпит- candy

Сөздік жұмысы: өндіріледі, кондитер

Құралдар: кәмпиттер муляжы, әріптер, әліппе-дәптері, қарындаштар мен таратпалы қағаздар.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға екі қолын беліне ұстап тұрған спортшының суретін көрсетеді. Балалар спортшы неге екі қолын беліне қойып тұр? Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар жауабын толықтырады.


Барлық балалар спортшы сияқты тұрып, керілу созылу жаттығуын жасайды.



Негізгі бөлім

Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма. Педагог балаларға мəтінді оқып береді.

Дүкенде қандай пішінді кəмпиттер сатылады екен?

Кəмпиттер қайда өндіріледі?

Мəтінен Ф дыбысы бар қандай сөз естідіңдер?

2-тапсырма.

Қандай дыбыс естіледі?

Піл ме əлде філ ме?

Телефон ба əлде телебон ба?


Ф – қатаң дауыссыз дыбыс.



(Ұ) Сергіту сəті

Педагогпен бірге қолдарын белге қойып, жаттығулар жасайды.


3-тапсырма.

4-тапсырма. Педагог балаларға ф əрпінің баспа түрі жазылған қағазын жəне домалақ пішінді кəмпит береді.




Футбол, фабрика, вафли сөздерін буынға бөледі.

Ф дыбысын дұрыс дауыстатып айтады

Сұрақтарға жауап беріп, ф дыбысының орнын табады. Пілдің суретін көріп, «Піл» деп қайталайды.

Телефон суретін атайды.

Ф дыбысын П жəне Б дыбыстарынан ажыратып, дұрыс айтуға жаттығады. Үстіңгі ерін сəл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сəл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шығып, Ф дыбысы жасалады.

Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін жасайды.


Суреттегі заттарды атайды: фонтан, факс, футбол, фото .

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды, сөздерді буынға бөледі.

Кəмпиттен Ф əрпінің бейнесін жасайды.





Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Жетістік шыңы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Ф дыбысын қатыстырып сөздер құрайды.

Түсінеді: сөздерді буынға бөліп оқиды.

Қабылдайды : Балалар ф əрпінің баспа түрін жазып біледі.


Толтырған тәрбиеші:__________________