СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Технологиялық карта "Бізге көліктер қалай көмектеседі?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды көліктердің түрлерімен таныстыру. Құрлық көлігі, әуе көлігі, су көліктері

Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта "Бізге көліктер қалай көмектеседі?"»

2- ші кіші топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Технологическая карта 2 мл. группы

Technological card of educational activity for 2 junior group

Өтпелі тақырып: : «Менің отбасым»

Апта тақырыбы: «Менің көшем»

Тәрбиеші: Воспитатель: Teacher: Темірбай Қ.С

Күні : Дата: Data:

Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: Коммуникация. Communication. Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Тема: Theme: «Бізге көліктер қалай көмектеседі?»

Мақсаты: Цель: Aim:

Білімділік : Образовательные цели: Educational: Балаларға сурет бойынша дәйекті әңгіме жасауға үйрету, сын есімдер мен етістіктерді қолдану. Бір-біріне кедергі жасамай, бір – бірлеп жауап беруге үйрету.

Дамытушылық: Развивающие: Developmental: Диалогтық және монологтық сөйлеуді дамыту. Жаңа сөздер арқылы сөйлем құрастыру. Сұрақ қоюға деген дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Воспитательные:Brining-up: Балаларға көлікте жүрудің қауіпсіздік ережесіне тәрбиелеу.

Жабдықталуы : Оснащение: Resources: көліктердің суреттері, бейнетаспа

Алдын – алу жұмысы : Предварительная работа: Preliminary work: көліктер туралы әңгімелесу

Сөздік жұмыс : Словарная работа:Vocabulary work : қайық, кеме суда жүзеді, ұшақ, тікұшақ аспанда ұшады, машина, автобус жолмен жүреді.

Көптілділік: Полиязычие: Multilingualism: көлік - машина - car, автобус – автобус - bus , жүк машинасы - грузовик – truck; кеме – корабль - ship , қайық – лодка – a boat; ұшақ – самолет - plane , тікұшақ – вертолет – helicopter.


Қызметтер кезеңдері Этапы деятельности Stages of activity

Мұғалімнің қызметі

Действия педагога

Teacher’s activities


Балалардың іс- әрекеті Деятельность детей

Children’s activity

Мотивациялық – қозғаушылық

Мотивационно – побудительный Motivational and incentive stage

(бейнетаспадан) машиналардың гүрілдеген дауысы естіледі.

-Балалар бұл ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар бұл машинаның дауысы бұл машинамен келген кім екен бәріміз есік жаққа қарайықшы.

- Балалар, бізге қонаққа қонжық келіп тұр.Ол бізден көмек сұрап келіпті.

-Кәне қонжықпен амандасайық.

Балалар дауыс шыққан жаққа қарай таңырқап қарайды.

Машинаның дауысы


Балалар есік жаққа бұрылып қарайды.

Балалар қонжықпен амандасады.

Ізденушілік –

ұйымдастырушылық

Организационно – поисковый Organizational and exploratory stage


Қонжық(тәрбиеші): Балалар маған машинаның түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші?

Сурет бойынша әңгімелесу:

-Балалар бәріміз тақтаға қарап,суретте қандай көлік түрлері бар екенін анықтайық.

1-сурет:

Жеңіл машина, автобус, жүк машинасы, туралы әңгімелесу.

-Балалар, суреттегі көліктердің аттарын атайықшы?

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Жеңіл машина және жүк машиналары туралы әңгімелесу.

-Балалар мына екі машина туралы не айтуға болады?

-Екеуінің қайсысы жүк машинасы?

-Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?

-Иә дұрыс айтасыңдар. Жүк машинасының дөңгелектері көп.Ол жүк тасиды.

-Ал автобус кімдерді тасымалдайды?

-Иә дұрыс айтасыңдар. Автобуспен жолаушыларды тасымалдайды.Оның адамдар отыратын салоны болады.

Ал машинаны кім жүргізеді?

Жеңіл машина да, жүк машинасы да, автобус та құрлық көліктері деп аталады.

Көптілділік: көлік - машина - car, автобус – автобус - bus , жүк машинасы - грузовик truck


Машина, автобус, жүк машинасы қайда жүреді?


Сергіту сәтін ұйымдастыру.

1,2,3,4-машинаны жүргізуді бейнелейміз.

1,2,3,4-велосипед тебуді бейнелейміз.

Тез,тез тебеміз.


2- сурет:

Су көліктері туралы әңгімелесу.

Балалар суда қандай көліктер жүзеді?

Қайық, кеме суда жүзеді.


Көптілділік: кеме – корабль - ship , қайық – лодка – a boat

3 – сурет:

Әуе көліктері.

Аспанда ұшатын қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Ұшақ, тікұшақ аспанда ұшады.

Көптілділік: Ұшақ – самолёт - plane , тікұшақ – вертолёт - helicopter


Дидактикалық ойын:

«Әр көліктің өз жолдарын тап?»

-Балалар, Қонжық біздің айтқандарымызды ұмытып қалмас үшін «Әр көліктің өз жолдарын тап?» деген ойын ойнайық.

Балалар оған көмек беруге әзір екендерін айтады.


Балаларға суреттер өте қатты ұнады және де сурет бойынша әңгіме құрастыра білді.



Жеңіл машина, автобус, жүк машинасы.

Көліктер.




Камаз –жүк машинасы

Жеңіл машинаға адамдар мінеді, ал камазбен жүк тасиды.


-Адамдарды.



-Жүргізуші.

Құрлық көліктері

Балалар қайталайды:

көлік - машина - car,автобус – автобус - bus , жүк машинасы - грузовик - truck


жолда


Қолдарымен рульді айналдырғандай болады.

Аяқтарымен велосипедтің педалін айналдырғандай болады,

тез-тез айналдырады.


Кеме, қайық


Қайық, кеме суда жүзеді деп қайталайды.

Үш тілде қайталап айтады.




Ұшақ, тікұшақ


Ұшақ және тікұшақ аспанда ұшады

Үш тілде қайталап айтады: Ұшақ – самолет - plane , тікұшақ – вертолет - helicopter




Балалар ойынға қатысады.

Балалар әр көліктің өз жолдарын тауып тақтаға іледі.

Рефлексивті – түзетушілік Рефлексивно – корригирующий Reflective and corrective stage

Жарайсыңдар балалар!

Кішкентай қонжық көліктер туралы көп мағұлмат алды.

Сонымен көліктер не үшін керек екен?


Көліктердің қандай түрлері болады екен?




Жолаушыларды және жүкті тасымалдау үшін.

Құрлық, су және әуе көліктері болады.

Күтілетін нәтиже: Ожидаемый результат: The expected result:

Ұғынады: Воспроизводят: Reproduce: Көлік түрлерін ажыратуды.

Түсінеді: Понимают: Understand: Құрлық,су ,әуе көліктерінің маңызын.

Қолданады: Применяют: Apply: Алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын.