СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теңге- мемлекет келбеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Теңге- мемлекет келбеті атты ашық тәрбие сағаты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  10 сыныптар арасында ашық тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатының тақырыбы өзіміздің төл теңгеміз туралы.

Просмотр содержимого документа
«Теңге- мемлекет келбеті»

Бекітемін

Мектеп директоры У.Б.Джакубаева


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Теңге- мемлекет келбеті»

Сабақтың мақсаты :

1. Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау.
2. Оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
3. Өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан – жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет ,алғашқы теңгелердің үлгілері.

Ұлттық теңге күніне орай «Теңге-мемлекет келбеті» атты тәрбие сағаты.

1-жүргізуші: Қайырлы күн –құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Теңге- мемлекет келбеті» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады.Бүгінгі тәрбие сағатыммызды сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге болмақ.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі-ұлттық валюта.Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.Ақша -асыл қазына,халық байлығы.

Жігіттер тобының орындауында «Туған жер» әні

1-жүргізуші:Халқымыз теңген бұрын да пайдаланған.Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді.XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

2-жүргізуші: XVI-XVIII ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп,Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғандығын айғақтайды. Қазақтың «тәңге» деген ақша атауын орыстың «деньги» деген деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан,Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

1-жүргізуші:Жалғас,сен осы теңгенің қалай дүниеге келгендігін білесің бе?

2-жүргізуші:Жоқ,мен толық білмейді екенмін.

1-жүргізуші:Ендеше,теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық.Олай болса,келесі кезекті оқушылардың дайындап келген баяндамасына берсек.

1-жүргізуші:Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғаныс белгісі бар.Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да,байқай алмайсыз.

2-жүргізуші:1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.Арада үш күн өткен соң,15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып,20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп,елдің қолына тиіп,ел мәре-сәре болысты.Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

Әбдіғали Ақниеттің орындауында үнді биі «Манеу».

1-жүргізуші:Ұлттық Банк бастапқыда 1теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын.Дегенмен,еліміздің саяси,әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500сомға бекітілді.Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

Мен «Теңгемін,теңгемін!»

Қазақ деген елденмін.

Тәуелсіздік-тұғырым,

Жарқын менің ғұмырым!

Теңге,теңге,теңгелер,

Теңге адамға дем берер.

Тіршіліктің арбасы,

Теңгеменен дөңгелер.

2-жүргізуші:Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.Банкнот-Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында,ал монета-облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

1-жүргізуші:1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10,20 және 50 номиналды монеталар шықты.

2-жүргізуші:Елімізде инвестициялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады,олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналымға енгізілді.

Міне,бүгін теңге күнім –мерекем,

Қандай дұшпан «олай-бұлай» дер екен.

Осы теңге арқасында келешек,

Елге келер тойымшылық ,берекем-дей келе келесі кезекті ән мен жырға береміз.

Саржан Маржанның орындауында «Атамекен» әні.

2-жүргізуші:

Ақша-түлкі,аунауды ұнатады.

Қанша аунаса,соншама үн қатады.

Қарға аунаса,құлпырып,қарға бұрып,

Құлын құны құнан боп қуантады.

Қолдан қолға жүгірсе,қылығы артып,

Биші қыздай маңғазсып шығар шалқып.

Таңдайды ие қатты қол,күймес сандық,

Қалталыдан қалталы ырысы артық.

Көрініс: «Аукцион»

1-жүргізуші:

Ақша аунаса –ақшалы жайнаң қағар.

Он саусағы майысып маймаң қағар.

Ақшаны да аунатар айдай жігіт,

Ақша аунатар ай жігіт қай маңда бар?

Бүгінгі таңда ақша кез-келген қажеттілікті қамтамасыз ететін құрал болып тұр.Алайда ақша жайлы ырым-тиымдарды білеміз бе? Оны келесі бейне-баяннан тамашалайық.

2-жүргізуші:Ия,сіздерге де қызық болар.Олай болса келесі бейне-материалға назар аударыңыздар.

Бейне-баян:Ақша туралы әр елдің ырым-тиымдары. Әбдіғали Ақниет

2-жүргізуші: Нұрай біздің теңгеміз болашақта қандай болатынын білесің бе?

1-жүргізуші:Жоқ ,бірақ мен ұлттық валютамыз болашақта-әлемдік валюта болатынына семімдімін.

2-жүргізуші:Олай болса,біздің теңгеміздің болашағы мынандай болады: Теңге отыр шайқалып,

Сом отыр шай құйып.

Доллар отыр қан-жоса,

Франк болса далбаса.

Лира жатыр ес-түссіз,

Иена отыр үн-түнсіз,

Рубль отыр жымиып,

Риял келеді тыриып.

Бәрі теңгеге қарайды,

Оған бата алмайды.

Аузына қарайды,

Айтқанын орындайды,

Теңгеден озбайды,

Оны тыңдайды.

Артық іс қылмайды.

Себебі теңге-жамандық қылмайды.

Әділдікті қолдайды.

1-жүргізуші: Бәрекелді,ендеше қазір көрермемендермен ойын ойнасақ қалай болады?

2-жүргізуші: Ойнайық,ойнайық.Қазір көрермендерге бірнеше сұрақ қойылады. Ендеше тыңдаңыздар.

1.Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993 ж 15 қараша)

2.Қазақ теңгесі қай кезде басылды?(Ұлыбританияда Хариссон және оның ұлдары атты банкноталық фабрикада)

3.Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғаныс)

4.Банкнота мен монета ҚР қай қалаларында шығарылады? ( банкнота Алматы қаласында,монета Өскемен қаласында)

Флешмоб орындайтын қыздар тобы.

1-жүргізуші:

Біздің Отанымыз-егеменді,тәуелсіз қазақ мемлекеті.130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде,асқақтаған өлкеде,кеңдігі керемет дархан далада,егіні теңіздей толқыған,төрт түлігі мыңғырған ,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай,оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап,құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.

2-жүргізуші: Мың жаса,тәуелсіз Қазақ елі!-дей келе

«Теңге- мемлекет келбеті» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.