СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тік белдемшені өңдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология описание пошива юбки для групп с казахским языком обучения

Просмотр содержимого документа
«Тік белдемшені өңдеу»

Кужакова Тойдык Куанышевна

Өңдірістік оқыту шебері

Орал «Сервис» технологиялық колледжі



«Тік белдемшені өңдеу»

Кіріспе

Оқу-әдістемелік құрал өндірістік оқыту шебері болып жұмыс жасау жылдары жинақталған іс-тәжірибем негізінде дайындалды. Көп жылдық тәжірибемнің алғашқы кезеңдерінде мамандығымыз бойынша қазақ тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттің, оқулықтардың жоқ болуынан өндірістік оқыту сабақтарына орыс тіліндегі оқулықтардан өзіміз тақырыптарды аударып пайдалануға тура келді. Жылма-жыл әр тақырып толықтырылып, түзетіліп, жаңартылып отырды.Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда І курстың ІІ жартыжылдығына «Тік белдемше түрлері мен өңделуі» тақырыбы беріледі.Бұл сабақ бағдарламасы 36 сағаттан, 6 сабақтан тұрады.

Оқу-әдістемелік құралда белдемше және оның түрлері туралы қосымша жалпы мәлімет берілген.Оқу-әдістемелік құрал 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде тақырыпты оқытудың негізгі мақсат-міндеттері анықталып, тақырыпты меңгерту нәтижесінде оқушылардың нені білуі, нені орындай алуы тиіс екендігі нақты көрсетілген. Екінші бөлімде тақырып бойынша өтілетін 6 сабақтың жоспары беріледі. Онда: сабақтың мақсаттары, кезеңдері, әр кезеңнің іс-әрекет, мазмұны сипатталады, оған бөлінетін уақыты, тірек конспектісі, оқыту әдістері мен сабақта пайдаланылатын жабдықтар көрсетілген. Үшінші бөлімде қосымша материалдар: белдемше өңдеудің технологиялық реттілігі, ойын түріндегі тексеру жұмыстары, тест сұрақтары, үлгі суреттері, оқушылардың тақырып бойынша үлгірім нәтижесінің кестесі қамтылған.Барлық сабақта интербелсенді тақтаны, мультимедиялық құрылғыны пайдалану көзделді.Оқу-әдістемелік құрал «Тігінші» мамандығы бойынша өндірістік оқыту сабақтарын өткізуде өндірістік оқыту шеберлеріне көмекші құрал бола алса, алға қойған мақсаттың жүзеге асқаны деп ойлаймын. Әрине, әр өндірістік оқыту шебері оқу-әдістемелік құралды толықтырып немесе тек қажетті бөлімдерін шығармашылықпен пайдалана алады.











Үлгі





Тік белдемше туралы ақпарат:


Күнделікті киетін жартылай жүн матадан тігілген тік белдемше. Алдыңғы бойы тұтас пішілген, бел бүкпесі етек айырығымен аяқталған, бел бүкпесі өңделген. Бел қиығы қосып тігілген белдікпен және түймелігі-сыдырмамен өңделген.

Ұсынылатын өлшемдері 44-52.




«Тігінші» мамандығы бойынша «Тік белдемшені өңдеу»

тақырыбын оқытудың негізгі міндеттері:


  • оқушыларды тік белдемшені тігу үшін жүн және мақта мата, жібек және зығыр маталарды пайдаланып, өңдеуді технологиялық талаптарға сай орындауға;

  • қол, машина және өтектеу жұмыс орындарын техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастыруға;

  • оқушыларды өңделу реттілігі мен барлық техникалық шарттарды катаң сақтай отырып орындауға үйрету;

  • оқушылардың қол жұмысы құрал-жабдықтарымен, машинамен жұмыс жасау, ылғалдық-жылулық өңдеу жұмыстарын орындау, аспаптармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;


  • оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, тапсырманы шығармашылықпен орындауға, тәртіптілікке, өзін-өзі, бірін-бірі бақылай білуге тәрбиелеу.


Оқушылар «Тік белдемшені өңдеу» тақырыбын оқытудың нәтижесінде:

  • белдемшені өңдеудің техникалық реттілігі мен техникалық шарттарын;

  • қол, машина және өтек жұмыстарының терминологиясын;

  • қол, машина және өтек жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігін;

  • қол инешаншымдары мен машина тігістерін, оларды белдемшені өңдеу барысында қолдануды

білуі тиісті.



  • жұмыс орнын ұйымдастыра алуы;

  • аспаптар мен жабдықтарды пайдалана алуы;

  • белдемшені өңдеудің технологиялық талаптарын дұрыс орындай алуы

қажет.













Өндірістік оқыту жоспары


Тақырыбы: «Тік белдемшені өңдеу»

Сағат саны: 36 сағат – 6 сағаттан 6сабақ.


к/с

Сағат саны

Сабақтың формасы мен мазмұны

Уақыт (минут)

І

1 сабақ

Тік белдемшенің бөлшектерімен танысу.

Оқушылар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді аңықтау, сабақты түсіндіру.

  • Тік белдемшенің дайындауға қолданылатын құрал-жабықтардың жіктелуі;

  • тігін құрал- жабдықтарын пайдалану ережесі және құрылымдық, әрекеттік принциптері;

  • машинамен және қолмен орындалатын жұмыстардың техника қауіпсіздігі;

  • машинамен және қолмен жұмыстану үшін жұмыс орнын ұйымдастыру;

  • машинамен жұмыс терминологиясы;

  • Тік белдемшені бірінші өлшемге дайындау.

15 мин.

5 мин.


10 мин.


10 мин.


10 мин.


10 мин.


10 мин.

3 сағ.

50 мин.

ІІ

2 сабақ

Оқушылардан тақырып бойынша ауызша сабақ сұрау.

«Бүкпені және бүйір қиығын өңдеу.» тақырыбы бойынша

жаңа тақырыпты сызба, кестелер арқылы түсіндіру.

Өздік жұмыстар.

10 мин.


10 мин.

40 мин.

4 сағат


3 сабақ

Концептуалды картаны қолданып сабақ сұрау.

«Етек айрығын өңдеу» тақырыбы бойынша.

жаңа тақырыпты сызба, кестелер арқылы түсіндіру.

Өздік жұмыстар.

10 мин.

50 мин.


4 сағат


4 сабақ

«Түймелікті сыдырмамен өңдеу» тақырыбы бойынша.

жаңа тақырыпты сызба, кестелер арқылы түсіндіру.

Өздік жұмыстар.

10 мин.

50 мин.

4 сағат


5 сабақ

«Тік белдемшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу» жаңа тақырыбын сызба, кестелер арқылы түсіндіру

Өздік жұмыстар.

10 мин.

50 мин.


4 сағат

ІІІ

6 сабақ

«Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу және соңғы өңделуі»тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты сызба, кестелер арқылы түсіндіру.

Өздік жұмыстар.

10 мин.

50 мин.

4 сағат







Тік белдемшені өңдеудің технологиялық реттілігі


І.Тік белдемшені өлшеп шақтауға дайындау:

  • пішім бөлшектерін түгелдеу;

  • бір бөлшектен екінші бөлшекке барлық бор сызықтарын түсіру;

  • белдемшенің алдыңғы бөлігінің ортасы, бөксе сызығы, қалта және т. б. бойымен бақылау жібін жүргізу;

  • белдемшенің алдыңғы және артқы бөлігіндегі бел бүкпелерін көктеу;

  • белдемшенің артқы бөлігіндегі орта қиықты түймелікке берілетін қосымшаға дейін көктеу;

  • белдемшенің бүйір қиықтарын көктеу;

  • белдемшенің етегін қайтарып көктеу;

  • бел қиығы бойымен корсаждық таспа немесе ызба дайындап, қосып көктеу.

ІІ. Тік белдемшенің бүкпесін және бүйір қиығын өңдеу.

  • бүкпелерді өңдеу;

  • бүйір қиықтарын өңдеу;

ІІІ. Етек айрығын өңдеу.

  • Етек айрығы белдемшенің ортаңғы тігісінде орналасады.

  • Етек айрығын өңдеуді белдемшенің артқы бөлігінің оң бөлшегінен бастайды.

  • аралық төсем мен етек айрығының сыртқы қиықтарын сәйкестендіріп, қатырмалау.

  • белдемшенің артқы бөлігінің сол жақ бөлшегін шетіне бүгіп тігу.

  • бөлшектің қиықтарын торлау.

  • бөлшектерін сырып тігу.

ІV. Түймелікті сыдырмамен өңдеу.

  • сыру тігістерін айыра өтектеудің ылғалдық – жылулық өңделуі;

  • белдемшенің артқы бөлігіне түймелеудің бір бөлігін қосып көктеу;

  • белдемшенің алдыңғы бөлігіне екіншісін қосып көктеу;

  • бастырып тігу;

  • бастырып өтектеу;

V.Тік белдемшенің жоғарғы қиығын қондырма белдікпен өңдеу.

  • белдікті дайындау;

  • белдікті белдемшемен қосу;

  • белдіктің тігіс енін жоғарға қайырып өтектеу;

  • белдіктің төменгі қиығын өңдеу;

  • бастыра өтектеу.

VI. Тік белдемшенің төменгі қиығын өңдеу.

Тік белдемшенің соңғы өңделуі.

  • етек қиығын бүгіп көктеу;

  • байқалмайтын тігіспен өңдеу.

  • ілмектерді торлау;

  • тазалау;

  • ылғалдық-жылулық өңдеу;

  • ілгек қадау.



Машинамен орындалатын жұмыстардың техника қауіпсіздігі.

Электр тігін машинасының жермен жалғасу дұрыстығын және басқа да құралдарын тексер;

  • Орамал немесе берет астына шашыңды жина;

  • Машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақындап иілме;

  • Қолыңның саусақтарын иненің тесіп кетуінен сақтап, табаншаның қасына ұста;

  • Тігер алдында бұйымның тігіс сызығында ине немесе түйреуіштің жоқтығына көзіңді жеткіз;



Қолмен орындалатын жұмыстардың техника қауіпсіздігі



  • Оймақпен тік;

  • Инелер мен түйреуіштерді арнайы қорапшада, көпшікшеде т.б. белгілі бір жерде сақта, оларды жұмыс орнында, үстел үстінде қалдырма, еш уақытта ине мен түйреуіштерді аузыңа салма;

  • Тігу үшін таттанған инені қолданба.;

  • Матаны және қиындыларды түйреуіштің ұшты жағын өзіңнен басқа бағытқа қаратып бекіт.

Машинамен жұмыстану үшін жұмыс орнын ұйымдастыру

  • Машина жұмыстарын орындау үшін жұмыс орнына жеке жетегі, бұрандалы орындығы бар үстел орналастырылады.

  • Үстел үстіне тігін машинасының өзін орналастырады.

  • Жіпті шөлмекке орау үшін арнайы жабдық, бабинаұстағыш қойылады.Машинаның педаліне резеңке кілемше бекітіледі.

  • Жұмыс орны қажетті мөлшерде жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қолмен жұмыстану үшін жұмыс орнын ұйымдастыру



  • Үстелдің үсті жақсылап тегістелген болуы керек. Үстел үстінің оң жағына жіп иіршігінің тұғыры орнатылады.

  • Қол жұмыстарын орындағанда уақытты бос қозғалысқа текке жұмсамас үшін, аспаптарды үстелдің үстіне тиімді орналастыру қажет.

  • Тігіншінің көзі мен өңделетін бөлшек немесе бұйымның арақашықтығы 25-35 см болу керек.



Машинамен жұмыс терминологиясы.



Терминнің аты

Орындалуы

Қолданылуы

Сырып тігу

Көлемдері бірдей бөлшектерді машина тігісімен тігу.

Иық, бүйір т.б.

Қосып тігу

Кішкене бөлшекті үлкенірек бөлшекке қосып тігу.

Иінді негізгі бөлікке, т.б.

Жөрмеп тігу

Бөлшектердің шетін қосып тігіп, тігісін ішіне қаратып айналдыру.

Жағаның шетінде, қақпақта, т.б.

Бастырып тігу

Қосылған бөлшектердің тігісінің енін қайырып өтектеп, үстінен тағы бір тігіс жүргізу.

Иін, бүйір, шынтақ т.б.

Айырып тігу

Қосылған бөлшектердің тігісігің енін айырып өтектеп, екі жағынан бірдей қашықтықта тігіс жүргізу.

Былғарыдан, қалың маталардан тігілген бұйымдарда т.б.

Бүгіп тігу

Қайырылған бөлшектің шетін тігу.

Көйлектің етегін, жең ұшын т.б.

Қондыру

Бөлшектерді ойынды бойымен тігу.

Жағаны мойын ойындысына, жеңді қолтық ойындысына қондыру.

Жиектеу

Бөлшектің қиығын бөлек матаның кесіндісімен жиектеу.

Мойын ойындысын, қолтық ойындысын т.б.

Жапсыру

Бүгілген бөлшектің шетін байқалмайтын тігіс беретін машинамен тігу.

Көйлектің етегін, жең ұшын, т.б.

Торлау

Бөлшектің қиығын шашақталмас үшін арнайы машинамен торлау.

Иық, бүйір, т.б. ашық қиықтарда.












Тік белдемшені дайындауға қолданылатын құрал-жабдықтар



Құралдар, аспаптар, жабдықтар

Қолданылуы




Қайшы - бұйым дайындағанда киім бөлшектерін пішуге, бөлшектердің шеттерін тегістеп қиюға, т.б. қол жұмыстарын орындауға пайдаланылады.

Тігін өндірісінде пайдаланылатын қайшылар 6 нөмірмен шығарылады. Оларды орындалатын операция мен өңделетін матаға сәйкес таңдайды.


Жіптердің ұштарын қиюға арналған қайшы


Кескіш - бөлшектердің контурын қағаздан матаға, матадан қағазға түсіру үшін, сонымен бірге қатпар, бүкпе, бедер сызықтарын түсіру үшін пайдаланылады.


Лекалолар - тігін өндірісінде бұйым бөлшектерінің сызбаларын тұрғызғанда, сондай-ақ тігін бұйымдарын пішіп, тіккенде пайдаланылады.




Сантиметрлік таспа - сантиметрлік және миллиметрлік бөліктері бар жұмсақ резеңкелі таспа. Ол адам денебітімінің өлшемін алу үшін және бұйым бөлшектерін өлшеу үшін қажет.


Түйреуіштер мен инелерді жоғалып, шашылып қалмас үшін жастықшаға жинап қою үшін қажет.

Ілмектің көзін тесуге және тігісті сөгуге арналған құрал.

Бор - киімді пішу және өлшеп шақтау кезінде сызықтар мен белгілер түсіру үшін қажет.




Тігінші түйрегіштері – бөлшектерді уақытша біріктіру үшін пайдаланылады. Ол жұмыстың орындалуын тездетеді.

Қол инелері үшкір, сынғыш емес, тегіс, жылтыр, көзі жеткілікті мөлшерде, қабыршақтанбаған болуы қажет.



Тігін жіптері . Жіп нөмерлерін инелер мен өңделетін маталарға сәйкес таңдайды.

Оймақ - инені матаға итеріп кіргізген кезде саусағын жарақаттап алмас үшін қажет. Оны оң қолдың ортаншы саусағына киеді.


Жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың сапасын тексеру үшін сәнмүсіндерді пайдаланады.


Әмбебап және арнайы тігін машиналары.



Бу-ауа өтектері



Өтектеу үстелі