СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Торсықты әшекейлейміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

тех карта для дошкольников по теме "Торсықты әшекейлейміз"

Просмотр содержимого документа
«"Торсықты әшекейлейміз"»

Мектепке дейінгі ортаңғы топтарына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:09.12.15.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Торсықты әшекейлейміз.

Мақсаты: Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету, сурет салудың дәстүрден тыс әдістері: дымқыл және құрғақ қылқаламмен сурет салу әдісімен таныстыру. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіқұралдар: ұлттық ою- өрнектермен безендірілген ыдыстар ,торсықтың суреті.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптер,і бояулар ,су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: торсық -теріден жасалған ыдыс.

Іс –әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық – қозғаушылық


Психологиялық сәт.

Үш кесе ішем күніне,

Мен қымызды сүйемін.

Ашытылған күбіге,

Ол сүті ғой биенің.


Өлеңді мұқият тыңдап, түсінгендерін айтып береді.

Ұйымдас-тыру, іздену

Педагог ұлттық ою- өрнектермен безендірілген ыдыстарды балалардың есіне түсіруіне көмектеседі.

- Қымыз құятын ыдысты “ торсық” деп атайды.

Торсықтың суретін көрсетеді.

Оның пішініне, көлеміне, ою- өрнектеріне, әшекейленуіне, назар аудартады.

“Торсықты құрастыр!”

дидактикалық ойыны.

Торсықтың тұрмыста не үшін қолданылатыны жайлыәңгіме жүргізеді.

- Бұрындары ата- бабамыз ұзақ жолға шыққан кезде торсыққа қымыз толтырып алып, жол-жөнекей ішкен. Қымыз- шөл қандыратын әрі күш беретін сусын .Торсық қазір де әрқайсымыз үйде қолданатын тоңазытқыш сияқты, бізге аса қажет зат десек те болады.

Сергіту сәті (саусақ жаттығуы): Мынау менде басбармақ.

Бар жұмысты бастамақ.

Төрт досы бар өзінің,

Кәне, кәне санайық .

Санын біліп алайық.

1,2,3,4,

Басбармақ, балан үйрек.

шылдыр шүмек ,кішкентай бөбек. Дәптердегі тапсырманы орындау үшін алдымен өрнектердің үстінен қылқаламмен жүргізеді, сосын бояйды. Торсықты әдемілеп әшекейлейді. Педагог бояу түстерінің үйлесімді болуына, бояуды дұрыс таңдауға бағыт береді.


– Кесе, тәрелке, торсық т.б. Қымыз құятын ыдыс.

Торсықта қандай ою -өрнек түрлері бар екенін, қайда орналасқанын атап береді.

3 бөлікке бөлінген торсықты жылдам құрастырады. Берілген үлгіге қарап, торсықты ою -өрнектің қарапайым элементтері- “қойдыңізі”,“құсқанаты” түрлерімен әшекейлейді. Қылқаламды тік, дұрыс бағытта ұстап дағдыланады.

Түстер үйлесімдігін анықтайды.

Он саусақтарымен жаттығу жасап, қимылмен көрсетеді.



Қылқаламның көмегімен нүктелердің үстін бастыра жүргізеді, әртүрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланып бояйды.

Рефлексивті – түзету енгізу


- Сендер нені әшекейледіңдер? Педагог “Қандай ою?” ойынын ұйымдастырады. Балаларды мақтап, жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.


Сұрақтарға жауап береді.

Ең жақсы салған суреттерді балалар өздері таңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқаламмен жұмыс істеу барысында нақты қозғалыс жасай білуді.

Игереді: қазақ ою- өрнектерінің қарапайым элементтерін бейнелеуді. Меңгереді: ою- өрнек элементтерінің орналасуын қадағалауды.