Күні: 12.11.2016
Сыныбы : 5 «Ә»
Тақырыбы: «Менің сыныбым»
Мақсаты: коммуникативтік іскерлікті топтағы ұйымдастырушылықты, бірлесуді дамыту.
І. Сәлемдесу «сыйлыққа сәлем мен қошемет сөз»
ІІ. Проективті әдіс «Неден қорқасын?»
ІІІ. «Соқыр»және «жүргізуші» ойыны
Сәлемдесу «сыйлыққа сәлем мен қошемет сөз»психологтың сөзі «мен музыка қойғанда,аудиторияда бейтарап қозғаласыз,көзбен түсінісу,сәлемдесу,қошемет сөз сыйлау сияқты әрекеттер,сөздер жасап немесе айтасыз.Сосын қағазға түсіріп,сол адамға бересін.Жаттығуды орындап болған соң,әрқайсысы өзіне берілген қошеметтер оқиды».
Проективті әдіс«неден қорқасын?».Бұл әдісте оқушылар неден қорқатынын суретке салады.
«Соқыр»және «жүргізуші» ойыны
Жаттығу жұпта жүргізіледі.Әр бір жұпта «соқыр»және «жүргізуші» таңдалады.
«Жүргізушілерге» нұсқау.
Сіз өз серігіңізді ертіп жүруіңіз қажет.Оның көзі жабық.Оны қоршаған ортамен таныстырып шық.
«Жүргізуші» «соқырды» бөлме ішінде алып жүру барысында айналадағы заттармен таныстырады.Он минут ішінде қатысушылар орнымен ауысады.Жаттығу бітісімен талқыланады.Қатысушылар өздерін қалай сезінетінің айтады.Оларға «жүргізуші» ретінде қалай сезінгенің «соқыр»ретінде қалай сезінгенің қай образда жақсы екенін айтады.
Жаттығу мақсаты:Оқушыларға өз жеке тәжірибесінен біреуге тәуелді болған қандай екенін сезінеді,ал біреуіне сыныптағы ,отбасындағы,ұжымдағы өзара қарым қатынасты есіне салады.Бұл жаттығу жасөспірімге өзінің өмірлік рөлін,өзінің позициясын нақты анықтауға септігін тигізеді.
Тренинг
Тақырыбы: Достық
Мақсаты: Сыныптағы оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату, балалардың бір-біріне деген сенімділік сезімін арттыру,жаңа оқу үрдісіне бейімделуін жеңілдету.
Міндеттері:
1. Оқушылардың бойында сыныптастарының қолдауын дұрыс пайдалана білуін үйрету, басқаға да көмек көрсету.
2. Оқушылардың қалыптаса бастаған «Менін» өмірге деген қызығушылығы арқылы, достарының жетістіктері арқылы сезінуіне мүмкіндік беру.
3. Қоршаған ортамен өзіндік достық қарым-қатынас түрлерін орнату.
4. Өзін-өзі тануын турбиелеу, өзінің мықты жақтарын мойындау.
Құрал-жабдықтар: әртүрлі суреттер, «Көгілдір планета» суреті бар ватман, материктердің макеті, магниттер, магнитофон, инструменталды музыка жазылған кассета, жұмсақ ойыншық, мінез-құлықты сипаттайтын сөздер жазылған жадынама.
«Шеңбер бойымен қошемет!»
Психолог: Үлкен қойлымнан кейін қошеметке бөленіп тұрған әртісті елестетіңдер. Ол ішінен қобалжып, көпшіліктің қошеметін шын көңілмен қабылдап тұр.
Сендердің сыныптарың өте тамаша. Бәрің де қошемет көрсетуге лайықсыңдар. Мен сендерге қызықты ойын ұсынғым келіп тұр. Бұл ойынның барысы мынадай. Қол соғып, қошеметтеу бастапқы уақытта ақырын басталып, уақыт өте күшейе береді. Барлығың үлкен шеңбер құрып тұра қалыңдар. Кез келген оқушының атын атап шеңбердің ішіне шақырамын , ал сендер қошемет көрсетіңдер. Содан кейін ол бір оқушыны шақырады, оны да қол соғып қарсы аламыз.Үш оқушы келесі оқушыны шақырады, шеңбер бойындағылар қол соғады. Осылайша қошемет көрсеткен оқушы келесісін таңдып ортаға шақырады, жалғаса береді. Қол соғу үдейе береді. Әлі қошеметке бөленбеген оқушыларға былай айту керек: «Ду қол шапалақ!».
Рефлексия:
1. Қошемет көрсетуді тосып тұрғанда не сезіндіңдер?
2. Сізге арнап қол соққанда не сезіндіңдер?
Негізгі бөлім.
Топтарға бөлу.
Психолог: қазір біз қызықты жұмыс атқарамыз, оны жақсы орындау үшін топ-топқа бөлінуді ұсынамын. Топқа бөлінуді әртүрлі жапсырма суреттер арқылы оырндаймыз. Өздеріңе ұнаған суретті таңдайсыңдар. Енді сендердегі суреті бар столға отырамыз. Әрмен қарай танысуды жалғастырамыз.
Балалар менің сендермен танысқаныма аз болды, сендер маған әлі жұмбақсыңдар. Ашық әңгімелесе отырып сендер бірігіп топ құрғанда қандайсыңдар, жеке дара қандай екенсіңдер? Деген сұраққа жауап алайық.
Әркім алдарында жатқан қағаздарға өз мінездерін сипаттайтын сөз жазсын, ол сөз есіміңнің бас әрпінен басталу керек. Әр топ өзінің топтастарына көмек көрсетуіне болады.
Топ ішінен бір оқушы шығып барлығын таныстырады.
«Материктер құрастырамыз» атты ойын.
Психолог тақтаға үлкен шар (шеңбер) салады. Қалай ойлайсыңдар бұл неге ұқсайды? Балалардың жауаптарынан кейін шардан тыс жұлдыздар салады. Ал, енді бұл неге ұқсайды ? Иә, бұл планета. Содан кейін алдын-ала дайындалған планета суреті ілінеді. Балалар қазір біз біріге отырып әлемде жоқ планетаны құрастырамыз. Бұл сендердің сыныптарыңның планетасы болады. Бұл планетада материктер мен мұхиттары, өзен-көлдер, таулар мен жазықтар болады. Бұлардың қанша болуын сендер шешесіңдер, бұл сендердің қиял, армандарыңа байланысты.
Балалар сендер кейбір сыныптастарыңмен баяғыдан таныссыңдар, ал кейбірімен осы оқу жылы таныстыңдар. Қарым-қатынасқа түсу арқылы сендер бір-біріңді жақынырақ білесіңдер, сондықтан бізге «Қатынастар материгі» керек. Мектепке келген ең басты мақсат сіздер үшін оқу, білім алу, сондықтан да келесі материк бұл – «Білім материгі». Әркімнің әртүрлі қызығушылықтары бар: спорт, музыка, кинофильмдер, коллекция жинау, би т .б. – «Қызығушылықтар материгі» болады.
Кез-келген адам, бала ма, ересек пе, апа-ата ма армандағанды жақсы көреді. Біздің планетамызда «Армандар материгі» артық болмас.
Материктегі өмірдің қандай болуын өздерің қалауларың бойынша құрыңдар. Материктегі географиялық объектілерді әртүрлі қатынастыр, армандар, жақсы көретін іс атауларымен атаңдар. Өздеріңнің қызығушылықтарыңды ғана емес, достарың мен таныстарыңның қызығушылықтарын да ескеріңдер.
Топтардағы балалар материктеріне өзен-көлдердің, таулар мен жазықтардың т.б. географиялық объектілердің суреттерін салуда. (жеңіл инструменталды музыка қосылып тұр).
Әр топтан бір оқушы шығып құрлықтарын таңдап алсын.
Құрлықтарды таныстыру.
Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып өз материктерін таныстырады. Балалар өз ойларын ортаға салып, кемшіліктерін айтты.
Материктер планетаға орналастырады.
Балалар сендер өз сыныптарыңның планетасын құрдыңдар. Сендердің шығармашыл ойларың, қиялдай алуларың, бір-біріңмен жұмыс жасай білулерің сендерге көмектесті.
Қорытынды бөлім.
«Көңілді өткізілген күнге рахмет!» ойыны
Психолог: Балалар, шеңбер құрайық. Мен сендермен кішігірім салтанат ұйымдастырғым келеді. Бұл ойын бір-бірімізге деген достық қарым-қатынасты көрсетуге көметеседі.
Ойынның шарттары: бір оқушы шеңбердің ортасына шығады,келесі бір оқушы шығып «Көңілді өткізілген күнге рахмет!» дейді. Екеуі де ортада қол ұстаған қалыптарында қала береді, үшінші оқушы шығып ортада тұрған кез-келген баланың бос қолынан ұстап «Көңілді өткізілген күнге рахмет!» деген сөзді қайталайды.
Осылайша шеңбер ішіндегі топ ұлғая береді.Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстаған қалпы тұра береді. Осы топқа ең ақырғы қатысушы қосылғанда, шеңбер тұйықталады да барлығы қол алысып, салтанат аяқталады.
Жүргізілетін күні : ___________
Сыныбы _______
Сабақтың барысы.
Психолог: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Біз берілген уақытты қызықты да, пайдалы өткіземіз деп ойлаймын.
«Танысу» жаттығуы.
Психолог: бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Шеңбер құрып тұрайық. Қазір біз танысуымызды жұмсақ ойыншықтың көмегімен жүзеге асырамыз. Ойыншықты алған оқушы өзінің аты-жөнін және нені ұнататынын айтады.

Тақырыбы: Коммуникативті дағдыны дамыту.
Мақсаты:сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативті дағдыны дамыту. Достықта, бірлікте, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Барысы:
І «Сәлемдесу»
Барлық қатысушылар шеңберге тұрады. Музыка қосылған кезде билейді, музыка тоқтағанда оларға жүргізуші қалай амандасу керектігі туралы команда береді. Мысалы: құлағымызбен, тіземізбен, мұрынымызбен, шынтағымызбен, табанымызбен т.б.
ІІ «Ине мен жіп»
Мақсаты: ұйымдастырушылық және коммуникативті дағдыны дамыту.
Балалар жүргізушіні таңдайды. Ол ине болады, ал қалғандары жіптің рөлін ойнайды. Ине бөлмеде жүгіреді, ал жіп (балалар тобы бірінен соң бірі) оның артынан жүгіреді. Иненің рөлін ұялшақ, тұйық балаға беру керек.
ІІІ «Шеңберге кір- шеңберден шық»
Мақсаты: эмпатияның дамуы, ұйымшылдыққа үйрету, тұлға аралық коммуникацияны жақсарту.
Балалар жүргізушіні таңдап, өздері шеңберге бір-біріне тығыз орналасып (аяқтарымен, денелерімен) тұрады да бір-бірінің белдерінен ұстайды. Жүргізуші шеңбердің сыртында қалады. Ол шеңбердің ішіне кірмекші болады, сөйлеседі, алдайды, итереді. Ал егерде ол шеңберді бұзып кірсе оны барлығы құттықтайды. Жіберіп алған адам жүргізуші болады.
ІV «Автопортрет» ойыны
Балалар есімдерін жазбай өздерінің суретін бейнелейді. Суреттерді жеке-жеке талдап барлығы кім екенін табады.
Тренинг
Тақырыбы: Достық
Мақсаты: Сыныптағы оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату, балалардың бір-біріне деген сенімділік сезімін арттыру,жаңа оқу үрдісіне бейімделуін жеңілдету.
Өткізу объектісі:5 сыныптар