Просмотр содержимого документа
«Түйнекті дақылдар. Картоп»
«Өсімдік шаруашылығы» сабақ өткізу жоспары.
Сабақ тақырыбы: Түйнекті дақылдар. Картоп
Құзыреттілігі:
Ақпараттық құзыреттілік: түйнекті дақылдар, картоптың морфологиясы, картоп аурулары мен зиянкестері туралы түсініктерін қалыптастырып, ақпарат беру.
Коммуникативтік құзыреттілік: картопты өндіру кезінде жерді ұтымды пайдалану, өнімділігін көтеру қабілеттерін дамыту. Студенттердің ойды саралап жүйелеу, өзін-өзі дамытудағы шығармашылық қабілеттерін, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Проблеманы шешу құзыреттілігі: зақымдалған дақылдарды дер кезінде анықтап, мәселелерді шешіп, кәсіби құзыретті маман ретінде алдын алу және қорғау шараларын сапалы өткізуге әдеттендіру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды оқып игеру.
Қолданылатын технология: Ақпараттық – коммуникативтік технология.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, буклет, презентация, бейнематериал.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, аудитория атмосферасын бақылау. Бүгінгі күнді журналға түсіріп, оқушыларды белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Разминка – Сергіту: Оқытушы ағылшын тілінде терминді атайды. Студент терминнің орысша нұсқасын атап, қазақ тілінде терминнің түсініктемесін береді. Мысалы:
Оқытушы: What is a Soil?
Студент: Почва. Топырақ – өсімдіктердің, жануарлардың, климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.(10 минут).
Аукцион: Оқытушының қойылған сұрағына студенттер қол көтеріп жауап береді. Соңғы жауап берген студент, жеңімпаз аталады, марапатталады
( конфета, +, смайлик т.б.). Мысалы: Дәнді дақылдарды атаңыздар:
Жауап: бидай, арпа, сұлы..........................., күріш. (10 минут).
Трафарет: Әр студентке тапсырма 1 парақта беріледі. Әр парақта бірнеше квадрат көрсетілген. Әр квадратта 1 сөзден жазылған. Бағыты бойынша артық сөзді тауып сызып тастау қажет. Тапсырма орындалып болған соң, дүрыс жауабының орны ойылған басқа парақ тапсырманың үстіне орналастырылып тексеріледі. (10 минут).
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу. Жаңа тақырып аталмас бұрын, видеоролик ұсынылады. Видеороликке карай студенттер өздері жаңа тақырыпты табады.
Жоспар:
Түйнекті дақылдар туралы ақпарат.
Картоп туралы ақпарат.
Тыңайтқыштың қажетті мөлшерін анықтау, есеп. (30 минут).
IV. Жаңа сабақты бекіту. Тест сұрақтарға жауап (5 минут).:
V. Өткен материалды игеру жөнінде хабарлама жасап, оқушылардың білім деңгейін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: «Кесте толтыру» әдісі: Әр оқушы, өткен тақырыпқа қатысты кесте толтырады:
Картоп туралы ақпарат:
№ | Картоп мүшесі | Ерекшелігі |
1 | Тамыр | |
2 | Сабақ | |
3 | Жапырақ | |
4 | Жемісі | |
5 | Гүл | |
Картоп аурулары, зиянкестестері және қорғау шаралары:
№ | Картоп аурулары | Картоп зиянкестері | Қорғау шаралары |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |