Ізденіс жұмыстың тақырыбы:
Елі үшін туған ерлер
Марат Зере Аль-Фараби мектебі 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Болатбекқызы Динара Тарих пәні мұғалімі
Осы тақырыпты алу мақсатым:
Әрине ел батырлары өте көп, бірақ өз еліне, өз жеріне деген сүйіспеншілігі бар патриоттық сезімі басым тұлға осы Меңғали атамыз. Ол кісінің жеңіске жетуге қосқан аз болса да үлесі , мақтанышқа тұрарлық, үлгі бола білген болмысы бар рухы мықты қарапайым қазақ перзенті. Міне, осы тақырыпты алу мақсатымда жарыққа шықпаған еңбектерін насихаттау .
Жұмыстың мақсаты мен өзектілігі:
Соғысқа дейінгі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жұмыстарын атқаруы;
Соғыс кезінде қарулы күшті нығайтуға, қиыншылықтан шығуға қол ұшын беруі;
Соғыстан кейінгі халық жағдайын жақсарту ісін қолға алу;
ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
«Мәңгілік ел» идеясының негізін сол заманында қалаған, бодандықтан босап бостандықты мақсат етіп, тәуелсіздікті аңсаған тұлғаның өмір жолын насихаттау және жарыққа шығару;
Қарттың салған дара жолымен ұрпақ сабақтастығының жалғасуын өнеге ретінде көрсету;
1890-1957 жыл
Жомарттық пен адамгершіліктің шарықтау шегі бір адамда түйіскен
Бейсембаев Менғали қарттың өмірі мен тұлғалық бейнесі.
СОҒЫС АЛАҢЫНА ЖАСЫ АСЫП КЕТКЕНДІКТЕН БАРА АЛМАСА ДА, ХАЛЫҚТАН КӨМЕГІН АЯМАҒАН СОЛ БІР АСЫЛ ЖАНДАРДЫҢ БІРІ
БЕЙСЕМБАЕВ МЕНҒАЛИ ҚАРТ.
1890 ЖЫЛЫ ОРТА ШАРУАДА ҮШ АҒАЙЫНДЫНЫҢ ОРТАНШЫСЫ БОЛЫП ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. ОРТА САУАТТЫ. ҚАРАБӨГЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ, БІРАҚ ТА БАЛАЛЫҚ ШАҒЫНДА БЕЛГІЛІ БІР СЕБЕПТЕРМЕН ЛЕПСІ АУЫЛЫНА КӨШІП БАРҒАН БОЛАТЫН.
.
ОТБАСЫ:
Құдай қосқан жары Сара Ақылбайқызы 1920 жылы дүниеге келіп, 1989 жылы балаларын әбден жеткізіп, Бақалы ауылында ұлы Жеңістің қолында дүниеден қткен болатын. Меңғали қарт туралы көптеген деректер мен қорлар осы Сара апамыз қайтыс болғанша көзіндей сақтаған болатын. Қазіргі таңда ұрпағы Жеңіс 74 жаста және Талдықорған қаласында тұрады.
Еңбек жолы:
Бөрлітөбе ауданы Лепсі ауылында Пугасов деген татар ұлтының спирт заводында жұмыс жасаған.
Не дегенмен туған жерге жетсін. 1920 жылы өзінің кіндік қаны тамған ауылы Қарабөгет ауылына қайтып келді. Қайтып келгеннен бастап-ақ ауыл жағдайына көмек берген болатын. Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без,- деп халық мақалында айтылғандай Бейсембай Менғали карт еліме пайдасыз болмайын деген оймен көптеген ерліктер көрсеткен болатын.
Өзінің талмай еңбектенуінің арқасында мал жинап, байлыққа қол жеткізсе, бар деп тасымай ауылдастары қиындыққа тап болғанда малын бөліп беріп, қиыншылықтан шығуға қол ұшын беріп, ел басынакүн туған қаралы соғыста елін, жерін қорғау үшін байлығымен бөлісіпғ туған жердің топырағын жау баспас үшін аз да болса көмегім тисін деп өзі еңбек етіп маңдай терімен тапқан еңбекақысын халқым азат болсын деген асыл ниетпен көптеген жақсылық жасаған.
1942 жылы «Гигант» колхозы қыстың ызғарынан шыға алмай жатқан уақытта 25 000 сом , жүздеген ұсақ мал мен ірі қара мал берген болатын. «Аласыны атқа санама, жақсыны жатқа санама» деп халық мақалында айтылғандай Бейсембаев Меңғали «Гигант» колхозына көрсеткен жақсылықтары арқасында жат емес жақыны саналып кеткен .
1942 жылы - әуе күштері күшейсін деген ниетпен самолет (әскери ұшақ) алуға 100 000 сом қаражат берді
1943 жылы- 75 000 сом қарулы машина танкі алып, жеңіске бір қадам болсада жетсін деп осындай үлкен қаражат берілген болатын.
Еліміздің экономикалық жағдайы нашар кезде кез келген адам мұндай ерлік көрсете алмайтыны анық
1944жылдың 26 қазаңында «Балхаш балықшысы» газет бетінде жарық көрген
«Ел игілігіне 50 000 сом » мақаласынан соғыс майданында жүрген азаматтарға елімізді қорғау үшін қару жарақ алғанға 50 000 сом қаражат бергені жазылды.
1955-1956 жылдары «Ас елдің құты» демекші Су диірменін өз қолымен салған болатын. Жергілікті халықты ұнмен қамтамасыз етті.
Ауыл ішіндегі Канал өзенің бойында былғары цехын салған. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтыған
«Мың шыбық шаншып өсірсен,
Халқыңа орман салғаның,
Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның»,
-деп Бейсембаев Меңғали қарт
өз қолымен бір жарым гектар алма бағын Қарабөгет ауылында отырғызған.Осы алма бағы арқылы табиғатқа да, жерлестеріне де көп пайда тигізді .
Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп үғымы.
Адамгершілік адамшылдық, қаталдықпен салыстырғанда жақсылық тілеу қарым қатынастары.
Осындай үлгі етер азамат халқын ойлаған, елім, жерім деп аянбай еңбек еткен өміршең із қалдырған дархан даланың перзенті.
Бейсембаев Меңғали 1957 жылы Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бақалы ауылында дүниеден өтті.
Қарындасы Нурила ағасы қайтыс болғаннан кейін ауылға 16 түйе 20-30 жылқы берген .
Үлгі өнеге көрсетер адамгершілігі мен патриоттық сезімі жоғары азаматтар арқылы келер ұрпақтың тәрбиесін жоғарлатуға болады.
Ғабдуллин Тоқтар Қабдолдаұлы 1924 жылдың 7 мамырында Алматы облысы, Сарқан ауданы, Шатырбай ауылында дүниеге келген.
1947 жылы 13 тамызда ұстаздық қызметін Садовый ауылында бастады. 1948 жылдың 20-шы тамыздан 1954 жылдың тамызына дейін Шатырбай 7 жылдық мектебінің директоры қызметін атқарды.1954 жылдан 1957 жылдың қыркүйегіне дейін Қарауылтөбе 7 жылдық мектепте мұғалім болып, оқушыларға білім негізін оқыттты. 1952- 1956 жылдары Абай атындағы Қазақ педогогика институтынынң география факултетінде оқыды.
1957-1960 жылдары Шатырбай орта мектебінде мұғалім болды. 1945 жылдың қыркүйек айында Қытайда алғашқы наградасы
« За боевые услуги» медалін алды.
1962 жылдың қыркүйегінен 1967 жылдың тамызына дейін Антоновка орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
1967 жылы, 1970 жылдан 1974 жылдың наурызына дейін
Қарабөгет орта мектебінің директоры болды.
1968 жылдың 20-шы қарашасынан 1970 жылдың 7-ші қыркүйегіне дейін « Қарабөгет» совхозы партия комитетінің хатшысы болды. 2015 жылдың 20 мамыр айында Ғабдуллин Тоқтар Қабдолдаұлы 91 жасқа келіп дүниеден өтті. Көптеген медальдармен, алғыс хаттармен, ашық хаттармен марапатталған, Ұстаз ретінде алған ең мағыналы, ең үлкен құрметке ие болған « Отличник Народного Просвещени» деген мақтау қағазы.
Қорытынды:
«Адам жақсы немесе жаман болып туылмайды, оның жақсы немесе жаман болуы тәрбиеге байланысты» деп Аль фараби атамыз айтқандай Бейсембаев Меңғали қарттың еңбекқорлығымен адамгершілік қасиеттері ұрпаққа өнеге болып,ішкі рухтың берілуі арқылы ағартушылық саласында үлкен орны бар, үлгі етер Ғабдуллин Тоқтар соғыс ардагері,ардагер ұстаз берілсе, одан кейінгі ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған Сағатбек Төлеубаев генерал атағын иеленсе де ауылын ұмытпаған, осы кісіге беріліпті. Мысалы мешіттің қайта жанартылуы.