Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет | Шаттық шеңбер. -Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Күн көзімен амандасуды ұсыну. Туған жеріне, бір – біріне тілек айтуды ұсыну. Қызықты сәт: Үнтаспадан үй жануарларының дыбысы естіледі. - Бұл ненің дыбысы? - Жылқы қалай дыбыстайды? - Сиыр қалай дыбыстайды? - Түйе қалай дыбыстайды? - Қой қалай дыбыстайды? - Ешкі қалай дыбыстайды? | Көңіл-күйлерінің жайлануы. Қайырлы таң! Деніңіз сау болсын! Сәлем күн көзі! Сенің жылы ерке сәулелерің бізді жылытады. Рахмет саған күн көзі біз ержеттік саған қарап күлімдеп өсеміз. Аспанымыз ашық болсын! Қазақстанымда бейбітшілік болсын! Қазақстаным көркейіп өсе берсін! - Үй жануарлардың дыбысы. - Жылқы кісінейді. - Сиыр мөңірейді. - Түйе боздайды. - Қой маңырайды. - Ешкі маңырайды. |
Ұйымдастыру-ізденушілік | Балалар үй жануарлары бізбен ойын ойнағысы келіп тұр. -Олармен ойын ойнаймыз ба? Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын тап» Үй жануарларын атап айту. (орысша айтқызу) Неліктен үй жануарлары дейміз? Үй жануарлардың адамға қандай пайдасы бар? Үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасайды? Бір сөзбен атап айту. Үй жануарларын санауды ұсыну. ТСО «Төлін тап» Төрт түлікті атап айту. Төлдерін атап айту. Қорада тұрған төрт түліктің жанына төлдерін орналастыру. Есікті қаққан дыбыс естіледі. Пошташы келеді, сәлемдеме алып келеді. -Қане балалар бізге сәлемдеме кімнен келді екен қарайық. Сәлемдемені Сәуле әжеміз жіберіпті. Сәуле әжеміз бізге төқыма күрте, шұжық, сүт салыпты. - Балалар, қалай ойлайсыңдар әжеміз шұжықты неден жасаған? - Етті қайдан алады? - Қалай ойлайсыңдар күртені неден тоқылған? - Жүнді қайдан алады? - Сүтті неден алады. - Балалар қалай ойлайсыңдар сүттен, қандай сүт тағамдар жасауға болады. - Балалар, сіздерге сүтті тағамдар ұнайды ма? - Бұл тағамдар денсаулыққа пайдалы ма? - Несімен пайдалы? - Балалар айран ұйытып, құрт жасағыларың келеді ме? Айран ұйытуды ұсыну. -Балалар құрт жасауды білесіңдер ме? Құрт жасауды ұсыну. Балалар айранымыз ұйып қалыпты, қане айран ішейік. Ас болсын. | -Иә, ойын ойнаймыз. сиыр - корова, қой - овца, түйе – верблюд, ешкі - коза, жылқы - лошадь. - Өйткені олар адаммен қатар өмір сүреді. - Үй жануарлары адамға сүт, ет, май, жүн береді. - Қора соғады, шөп – жем дайындайды, су береді, қораны тазалайды. - Төрт түлік мал. Балалар бірден беске дейін тура кері санайды. Теледидардағы төрт түлікті атап айтады. Бұқа мен сиыр, олардың төлі бұзау. Ат пен бие, олардың төлі құлын. Бура мен түйе, олардың төлі бота. Қошқар мен қой, олардың төлі қошақан. Теке мен ешкі, олардың төлі лақ. Балалар қызығушылық танытады. - Шұжықты еттен жасайды. - Етті сиырдан, қойдан, жылқыдан алады. -Күртені жүннен тоқиды. -Жүнді қойдан, ешкіден, түйеден алады. - Сүтті сиырдан, түйеден, ешкіден, биеден алады. - Сүттен қаймақ, май, айран, йогурт, сүзбе, ірімшік, құрт жасайды. (балалар атаған сүт тағамдардың суретін тақтаға іледі) - Ұнайды. - Сүтті тағамдар денсаулыққа пайдалы. Тістің түзу, мықты болуына көмектеседі. Шашымыз өседі. Асқазан жақсы жұмыс істейді. Балалар өз ойларымен бөліседі. Балалар айран ішеді. Рахмет. |