СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау сценарийі

САЛТАНАТТЫ ЛЕЗДЕМЕ

Өткізілу мерзімі: _________________________________

Өтетін орны: _____________________________________

 

Лезедеме басталар алдында патриоттық әндер («Атамекен», «Елім менің», үш қоңыр, «Саржайлау») әндері қосылып тұрады.

 Ұйымға қабылданатын оқушылар сапқа тұрып, қолдарындағы төсбелгілерін дайындайды.

Фанфар қосылады.

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және достар!

Бүгінгі салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерейтойына арналады. Қазақстан халқының тойы мемлекетіміздің мерейлі тойы. Осы жылдың қарсаңында мектебімізде жалпы 248 үздік оқушы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Осындай үздіктердің қатары көбейе берсін.

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына,  Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.!

 

Марш қосылады.

Ту ұстаушы топ ортаға шығады.

2 Жүргізуші: «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!

 

ҚР Гимні орындалады.

 

1 Жүргізуші:

Жас Ұлан елімнің ертеңі,

Жас Ұлан- жақсылар өркені.

Қазақстан кемесі Қазақтың,

Жас Ұлан жайылған желкені.

Бүгінгі таңда өздерінің елі мен жеріне деген патриотық сезімін, жақсы табыстарымен дәлелдей алған үздік оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының мүшелігіне қабылданады.

Қабылдау рәсімін мектеп ұстаздары және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері жүргізеді.

2 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Фон «Жас Қазақстан» әні қосылады.

Ұйымға қабылданып жатқан оқушылардың аты-жөндерін атап шығу.

2 Жүргізуші: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына  барлық  қабылданушылардың атынан сынып оқушысы _________________________________ ант береді.

 

 Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Білімге табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға; «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

Бәрі бірге ........АНТ ЕТЕМІН , АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

 

2 Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Құрманғалиева Бақытгүл Қадылбекқызына беріледі. 

1 Жүргізуші: БІЗ .......

Бәрі бірге- «ЖАС ҰЛАН»

1 Жүргізуші: Ұранымыз

Бәрі бірге- Қазақстан-Нұрсұлтан-Жас Ұлан! -3 рет

Музыкалық номер

Алдарыңызда «Жас ұлан» ұйымының мүшелері «Балдаурен» бишілер тобының өнерлерін тамашалаңыздар.

Ән. «Жас Ұлан» орындайтын ____________________________________

2 Жүргізуші: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы биік болу тиіс. Жастары жалын жұректі, өршіл намысты, биік рухты болса-ол елдің еңсесі де биік болады. Сондықтан жастар қауымы Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс» Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын бүгінгі Жас Ұландар!

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына сап түзе! Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!

МАРШ қосылады.

І жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа, Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа. Келеміз егеменді ел төріне өрлеп, Ашылып алдымыздан алтын қақпа. ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Просмотр содержимого документа
«Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар»

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау сценарийі

САЛТАНАТТЫ ЛЕЗДЕМЕ

Өткізілу мерзімі: _________________________________

Өтетін орны: _____________________________________


Лезедеме басталар алдында патриоттық әндер («Атамекен», «Елім менің», үш қоңыр, «Саржайлау») әндері қосылып тұрады.

Ұйымға қабылданатын оқушылар сапқа тұрып, қолдарындағы төсбелгілерін дайындайды.

Фанфар қосылады.

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және достар!

Бүгінгі салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерейтойына арналады. Қазақстан халқының тойы мемлекетіміздің мерейлі тойы. Осы жылдың қарсаңында мектебімізде жалпы 248 үздік оқушы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Осындай үздіктердің қатары көбейе берсін.

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына, Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.!


Марш қосылады.

Ту ұстаушы топ ортаға шығады.

2 Жүргізуші: «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!


ҚР Гимні орындалады.


1 Жүргізуші:

Жас Ұлан елімнің ертеңі,

Жас Ұлан- жақсылар өркені.

Қазақстан кемесі Қазақтың,

Жас Ұлан жайылған желкені.

Бүгінгі таңда өздерінің елі мен жеріне деген патриотық сезімін, жақсы табыстарымен дәлелдей алған үздік оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының мүшелігіне қабылданады.

Қабылдау рәсімін мектеп ұстаздары және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері жүргізеді.

2 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Фон «Жас Қазақстан» әні қосылады.

Ұйымға қабылданып жатқан оқушылардың аты-жөндерін атап шығу.

2 Жүргізуші: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына барлық қабылданушылардың атынан сынып оқушысы _________________________________ ант береді.


Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

Бәрі бірге ........АНТ ЕТЕМІН , АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


2 Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Құрманғалиева Бақытгүл Қадылбекқызына беріледі.

1 Жүргізуші: БІЗ .......

Бәрі бірге- «ЖАС ҰЛАН»

1 Жүргізуші: Ұранымыз

Бәрі бірге- Қазақстан-Нұрсұлтан-Жас Ұлан! -3 рет

Музыкалық номер

Алдарыңызда «Жас ұлан» ұйымының мүшелері «Балдаурен» бишілер тобының өнерлерін тамашалаңыздар.

Ән. «Жас Ұлан» орындайтын ____________________________________

2 Жүргізуші: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы биік болу тиіс. Жастары жалын жұректі, өршіл намысты, биік рухты болса-ол елдің еңсесі де биік болады. Сондықтан жастар қауымы Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс» Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын бүгінгі Жас Ұландар!

Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына сап түзе! Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!

МАРШ қосылады.

І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.