СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұлы адамдар достығы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы адамдар достығы туралы сабақ жоспар 7сынып

Просмотр содержимого документа
«Ұлы адамдар достығы»

Сабақ жоспары


Сабақ: 7

Мектеп: №34МГ


Күні: 14.11.2018

Мұғалім: Гизатова А.Н.


Сынып: 7 «В»

Қатысқан оқушылар саны: 21

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.Ж1. Жоспар құру. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану

Сабақ мақсаты:

Ұсынылған мәтін негізінде күрделі жоспар құруға үйренеді.

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіндегі негізгі ойды дәлелдейді;

  • Тезистік және қолдаушы сөйлемдерді ажыратады;

  • Мәтіннің күрделі жоспарының қалай жасалатындығын түсіндіреді.

  • етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолданады.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология: 

Шынайы достық, дәлел, жай жоспар, күрделі жоспар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: 

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар шығарма негізінде жоспар құра алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы

3 минут
















3 минут




Сабақтың ортасы




















































































7 минут


10 минут











7 минут




10 минут




























2 минут

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Ой қозғау



Оқушылар топтарда ұсынылған суреттерге ортақ тақырыпты анықтайды. Осыған байланысты ойларымен бөліседі.


Оқушыларға жоспар құру үшін мәтін ұсынылады.

Өте жақын екі дос болған екен. Біреуі – Берік: елгезек әрі пысық болса, екіншісі – Серік: ұялшақ әрі момақан болады. Берік кедей, Серік болса ауқатты отбасынан шыққан болады. Бірақ кедей-бай демей екі дос туған бауырдай бір-бірін жақсы көреді. Серік барлық нәрсесімен Берікпен бөлісіп өседі. 7 жасында басталған достықтары университетке түскен жылдары да жалғасады.

Университеттің соңғы жылдарында Серіктің ата-анасы жол апатына ұшырап, қайтыс болады. Серік қайғы ішінде біраз уақыт жұмыс таппай қалады. Қаржы жағдайы күрт өзгереді. Берік болса жақсы жұмысқа орналасып, лауазымды қызметте болады. Серік досының қасына барып көмек сұрауды қанша ойласа да, олай істеуге батылы да намысы да бармайды. Одан әрі ақшасыздыққа шыдай алмай, соңында досының кеңсесіне барады. Кеңседегі хатшы қыз Беріктің орнында жоқ екенін, кейін хабарласуын сұрайды. Ертеңіне барса да тура осындай жауап алады. Ақырында хатшы қыз оған Берік жазған хатты ұстатады. Хатында Берік досына көмектесе алмайтынын жазады. Серік жаман күй кешеді. Көшеге шығып естігендеріне сене алмай мұңайып жүреді. Бір кезде Серіктің қасына жасы үлкен кісі жақындап: “Балам, ауыр науқасым бар. Кедей болғаным үшін дәрі ала алмай жүрмін”, – деп Серіктен көмек сұрайды. (Серік өзінен жағдайы төмен адамдарға көмектеседі.) Серік соңғы ақшасын шығарып жаңағы кісіге керекті дәрілер алып береді. Жомарттығына қайран қалған кісі негізінде кедей емес, бай кісі болатын. Көп ұзамай ол қайтыс болып, барлық мұрасын Серікке тастап кетеді.

Серік қайтадан бай болса да, досының көмектеспей, теріс қарағанын ұмыта алмады. Досының кеңсесінің қасынан үлкен үй салғызады. Бір күні үйінің алдында жасы үлкен қайыршы әйелді көреді. Қайыршы аш болғанын, ешкімі жоқ екенін айтады. Серіктің жаны ашып, оның да ешкімі жоқ, қаласа оның үйінде тұрып үй жұмыстарына қарауын сұрайды. Әйел қуанып, келіседі. Бір күні әйел “Неге жақсы бір қызбен танысып үйленбейсің?” деп сұрайды. Серік ондай қызды танымағанын, егер де оның ойлаған біреуі бар болса, таныстыруын сұрап қалжыңдайды. Бірнеше ай толмай Серік көмекші әйелдің көмегімен үйленетін болып шығады. Тойға дайындық басталады. Досын әлі де ұмыта алмай жүрген Серік тойға шақыру билетін Берікке де жібереді. Той күні Серік микрофонды қолға алып бар өкпесін елге айтады; осылай да осылай бір досым болған, кішкентайынан оған көмек көрсетіп жүрдім, оны шын досым деп санайтынмын, ол үшін еш нәрсемді аямайтынмын. Бірақ менің жағдайым жаман болғанда, досым көмектескісі келмеді! Алайда менің досыма деген өкпем жоқ. Өйткені шынайы доспыз! – деп айтады.

Алдында үндемей отырған досы орнынан тұрып микрофонды қолға алып былай дейді: (Достар арасындағы болған жағдайдың сыры.) “Менің де бір кездері жақын досым болды. Мен қиналғанда үнемі көмектесіп тұрды. Досым жұмыссыз жүрген кезде маған келіп жұмыс сұрады. Байлыққа үйренген біреудің біреуден (досынан болса да) жұмыс сұрауы қаншалықты қиын екенін сездім. Досымның намысына ауырлық жасамау үшін оған жұмыс бермедім. Күндердің бірінде досымның алдынан шыққан кәрі кісі – менің әкем болатын. Әкем қатты науқастанып жүрген кезі еді, досыммен танысып барлық ақшасын оған мирас етуін қаладым. Үйіне келген қайыршы әйел – менің анам. Досымның жалғыз қалғанын біліп, оған әрі үйін тазалап, әрі тамағын дайындап оған көмек көрсетуін қаладым. Қазір үйленуге таңдаған жары да – менің қарындасым. Досыма жақсы қарай алатын, оған адал жар болатын туған қарындасым. Қадірлі қонақтар, міне біз осындай шынайы доспыз!“ – дейді.


1.Оқушылар мәтінмен танысады.

2.Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды.

  • Берік пен Серікті шынайы достар деп айтуға бола ма?

  • Олардың шынайы достығын не дәлелдейді?

  • Автор осы оқиға арқылы қандай ой айтқысы келді?

  • Мәтіннің негізгі ойы мен мақалдың байланысы қандай? Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі – баға жетпес байлық.

3. Презентациядан көрсетілген маркерленген мәтінді топтарда талқылайды, маркерлердің мәнін анықтайды (Жасыл түспен берілген сөйлемдер – тезистік сөйлемдер, көк түспен берілген сөйлемдер – қолдаушы сөйлемдер). Қорытынды шығарады: қолдаушы сөйлемдер тезистік сөйлемдердің мәнін ашады.

4. Осы мәтінге дайындалған күрделі жоспардың үлгісі беріледі. Оқушылар топтарда күрделі жоспар қалай жасалатындығын талдайды: күрделі жоспардың әрбір тармағына тезистік сөйлемдер жазылады. Ал қолдаушы сөйлемдер тармақша ретінде жазылады.

Жоспар құруға үлгі схема.

І. Кіріспе бөлім.

1. Тезистік сөйлем: Кедей-бай демей шынайы достар туған бауырдай бір-бірін жақсы көреді.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тезистік сөйлем: Қаржы жағдайы күрт өзгереді.

А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Досынан көмек сұрайды.

Б) Тезисті қолдаушы сөйлем. Досы көмектесуден бас тартады.

2.Тезистік сөйлем:Серік өзінен жағдайы төмен адамдарға көмектеседі.

А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Науқас кедей адамға дәрілерін алып береді

Б) Тезисті қолдаушы сөйлем: Қайыршы әйелді үйіне кіргізіп, паналатады.

3. Тезистік сөйлем. Достар арасындағы болған жағдайдың сыры.

А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Досымның намысына ауырлық жасамау үшін оған жұмыс бермедім.

Б) Тезисті қолдаушы сөйлем:Берік ата-анасы мен қарындасы арқылы досына көмектеседі.


ІІІ.Қорытынды бөлім

Біз осындай шынайы доспыз!


Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Мәтіндегі негізгі ойды дәлелдейді;

2.Тезистік және қолдаушы сөйлемдерді ажыратады.

3. Мәтіннің күрделі жоспарының қалай жасалатындығын түсіндіреді.



Мұғалім ұсынған сұрақтарға жауап берді.


Мәтіндегі түстердің мәнін ашады.


Дайын жоспар мен маркерленген мәтінді салыстырып, қорытынды шығарады.


Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.


Презентация






























































































 







Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

1.Сабақта нені орындау жеңіл болды?

2.Не қиындық тудырды?

3. Нені жақсартуға болады?