СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үш өлшемді модельдер

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

3D моделі, қолдану салалары (кино,  мультипликация, ролик, сәулет өнері. ...), SketchUp бағдарламасын жүктеу жолдарын біледі

Просмотр содержимого документа
«Үш өлшемді модельдер»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4.А Нысандар мен оқиғаларды модельдеу

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: №7

Мұғалімнің аты-жөні: Хасенова Н.Қ.

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үш өлшемді модельдер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 -нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар Редактордың негізгі саймандарын қолдана біледі, қарапайым фигураларды салады.

Көпшілік оқушылар Саймандарды тиімді қолданады.

Кейбір оқушылар Модельдерді 3D форматта ұсынады.

Бағалау критерийі

Редактордың негізгі саймандарын сипаттайды.

Сызу құралдарын және модификациялау саймандарын қолданады.

3D модельдер құрастыра алады.

3D модельді сақтай алады.

Тілдік мақсаттар


Сөздік қор мен терминдер.

Demension-измерение- өлшем

2D - 2 өлшемді(биіктігі, ені)

3D – 3 өлшемді(биіктігі, ені, тереңдігі)

Диалогтер мен жазу үшін сөздік қор

Орын ауыстыру - перемещения

Созып /тарт – тяни/толкай

Айналдыру – вращение

Менің соңымнан ер – следуй за мной

Құндылықтарға баулу



Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу – білім мен ғылымды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту, техникалық және кәсіби маман болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика: декарттық координата, жазықтық, кеңістік

Бейнелеу: көлемді фигуралар, бояу

Алдыңғы білім


3D моделі, қолдану салалары (кино, мультипликация, ролик, сәулет өнері. ...), SketchUp бағдарламасын жүктеу жолдарын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

«Ойлан – жұптас - бөліс» тәсілі

Қабырғаға бірнеше сөздер, суреттер ілінген және үстелде доп орналасқан. Сіздер осыларды мұқият көріп, біреуін таңдап, топтастыруларыңыз керек. Ат беріңіздер?



Demension




Эскиз


Доп суреті



Өлшем

(Биіктік,ені)




Paint


Доп макеті

Қолмен салынған сурет



Үш өлшемді



Sketch




UP


Биіктік, ені, тереңдігі


Нысандардың 2D және 3D модельдерінің қандай айырмашылығы мен ұқсастықтары бар?




Үлестірмелі материалдар

Жаңа тақырыпты ашу

2 мин

Фасилитация тәсілі.

Кез – келген нысандарды компьютер арқылы модельдеу үшін біз нені білуіміз керек деп ойлайсыздар?

Жауап: - SketchUP программасын қосу

  • Құрал- саймандармен жұмыс

  • Нысан модельдерін салу

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсаты айтылады.


Сабақтың ортасы


Жаңа материалды игеру


5 мин

Мәтінмен жұмыс (Оқушылар мәтінмен танысады).

«Негізгі саймандар»

Выбор (таңдау) – қызметі керекті құралды немесе нысанды таңдайды. Бірнеше нысанды бірден таңдау үшін Shift пернесін басамыз.

Компонент - таңдалған нысандарға компоненттер таңдайды.

Палитра (бояу) – құрастылыған нысанды бояйды.

Ластик (өшіргіш) – құрастырылған нысанның керексіз сызықтарын өшіреді.

Сызу құралдары

Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) – тіктөртбұрыш сызады.

Линия (Сызық) – нысандардың бастапқы сұлбасын сызуға пайдаланылатын сайман.

Дуга (Доға) – нысан құрастыруда доғалар сызуға қолданылады.

Многоугольник (Көпбұрыш)- нысанға көпбұрыштар кірістіруге арналған сайман.

Қолмен сызу – нысанды қалам көмегімен сызуға мүмкіндік береді.

Модификациялау саймандары –

сызбалары 3D-ға өткізілетін негізгі саймандарға жатады

Перемешения (Орын ауыстыру) – кез-келген нысанның орнын ауыстыруға пайдаланылады.

Тяни/толкай (Созып/тарт) – нысандарға үш өлшем беретін сайман. Таңдаған екі өлшемді фигурамызды тартқанда созылып, биіктікте пайда болады.

Врашения (Айналдыру) – нысанды толықтай айналдыру немесе белгілі бір бөлігін айналдырады.

Следуй за мной (Менің соңымнан ер) - Тяни/толкай сайманының жетілген түрі. Нысандарды белгілі бір бағыттарға айналдырады.


Масштабирование (Масштабтау) – нысанның өлшемдерін немесе пропорцияларын өзгертуге арналған.

Контур – үш өлшемді нысандарға бастапқы контурлар сала отырып, белгіленген аймақты не ішке не сыртқа тартамыз.

Р.А.Қадырқұлова, А.Д.Рысқұлбекова Информатика, «Алматыкітап», 2017, 146-147 бет.

Жұптық жұмыс

8 мин

«Тарсия» әдісі. Жұптарға қағаз қиындылары таратылады. Қағаз қиындылар белгілі бір тәртіппен жинастырады және талқылау жасайды. Тапсырмалардың нәтижелерін салыстырады.

Бастапқы қағаз қиындылары Нәтиже









Кері байланыс: Мадақтау.

Үлестірме материал



Бірлескен жұмыс

3 мин

Практикалық жұмыс

1 – тапсырма.

SketchUp бағдарламасының құралдарын пайдаланып параллелипед сызыңдар.

  1. Бағдарламаны іске қосамыз.

  2. Тиісті шаблонды таңдаймыз. Шаблондар ішінен әзірге «Простой –шаблон-метры» таңдаймыз.

  3. Бағдарлама терезесі ашылғаннан кейіе «Прямоугольник» батырмасын шертеміз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңгердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызамыз.


  1. Тяни/толкай батырмасын баса отырып, тіктөртбұрышты созу арқылы көлемді фигура сыза аламыз.


Р.А.Қадырқұлова, А.Д.Рысқұлбекова Информатика, «Алматыкітап», 2017, 147 бет.

Жеке жұмыс

16 мин

2 – тапсырма.

Төбесі цилиндрлі баскиім құрастырыңдар. Оны бояңдар. Бұл тапсырманы орындау үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.


Пиктограмма

Орындалатын жұмыс

Окружность батырмасын таңдап, жұмыс алаңына меңзерді қойып, шеңбер сызамыз.

Контур батырмасын таңдап сызылған шеңбердің ішіне қосымша тағы бір шеңбер мен бөлектейміз.

Тяни/толкай батырмасын таңдап, бөлектенген шеңберді тартамыз.

Заливка батырмасымен керекті түсті таңдап, оны бояймыз.

Бірін – бірі бағалау «Ең әдемі баскиім»

Р.А.Қадырқұлова, А.Д.Рысқұлбекова Информатика, «Алматыкітап», 2017, 148 бет.

Бағалау критерийі

Редактордың берілген құрал-саймандарын тиімді қолданады.

3D модельдер құрастырады.

3D модельді сақтайды.


3 – тапсырма.

Баспалдақ моделін құрыңыздар. Бұл модельді құрастыру үшін керекті құрал – саймандар.

1. Тіктөртбұрыш

2. Сызық

3. Тарт

4. Құйып бояу

Дескриптор

  • Берілген құрал – саймандарды жүйелі қолдану

  • Баспалдақ моделін құрастыру

  • 3D модельді сақтау

Бағалау парақшасы

Критерийлер

Дескриптор

Бар/Ия

Жоқ

Редактордың берілген құрал-саймандарын тиімді қолданады.




«Тіктөртбұрыш» құралын қолдану



Сызық» құралын қолдану



Тарт» құралын қолдану



Құйып бояу» құралын қолдану



3D модельдер құрастырады

Баспалдақ пішіні



Берілген нысанға ұқсайды



3D модельді сақтайды.

3D модельді сақтау




Р.А.Қадырқұлова, А.Д.Рысқұлбекова Информатика, «Алматыкітап», 2017, 149 бет.

Бағалау критерийі

  • Кірпіштің өлшемі биіктігі 10 см, ені 15см, тереңдігі 5 см (10х15х5) болу керек;

  • Кірпіш нысаны арқылы қабырғаларды бұрышымен құрастырады;

  • Нысанның көшірмесін қолданады;

  • Модельде екі бояу түсін пайдаланады ;

  • Модельді сақтайды.

4 – тапсырма. Кірпіштерден құралған қабырға бөлігін жасаңдар.






Дескриптор

  • Кірпіш өлшемінің нақтылығы

  • Кірпіш моделін пайдаланып қабырға құрастыру;

  • Қабырғалар көшірмесін қою;

  • Бұрыш жасау

  • Модельде екі бояу түсін қолдану;

  • Модельді сақтау.

  • Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

5 мин

«Сұрақтар ғаламшарлары» тақырып бойынша сұрақтармен жұмыс.

Екі оқушы ортаға шақырылды. «Неге?», «Қандай?» деген сұрақтардың иесі болғандықтан, осыған байланысты сүрақтарға жауап береді. Яғни, А оқушы «Неге?», В оқушы «Қандай?» деген сұрақ қойылады.

Мысалы: А оқушы «Неге?»:

-Неге құрал – саймандарды бөліктерге бөлінген?

-Қолмен сызуды неге пайдаланамыз? ...

В оқушы «Қандай?»

- Paint пен SketchUp бағдарламасының айырмашылығы қандай?

- Модификациялық саймандар тобына қандай саймандар жатады? ...


Үйге тапсырма.Үй бөлмелеріңдегі бір заттың бірін таңдап алып, сол заттың 3D моделін құрастырыңыздар


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тапсырмаларын ұйымдастырғанда «Дереккөздер» тәсілі басшылыққа алынды.

Кейбір оқушыларға басқа сыныптастарына қарағанда күрделірек қызығушылықтары оянуы үшін өмірмен байланыстыратын шығармашылық жұмыс берілді.

«Ойлан – жұптас – бөліс», «Тарсия» тәсілі бағалау мадақтау арқылы жүргізілді (топтың, жұптың ұйымшылдығы, бір шешімге келуі, шапшаңдығы).

Өзара, өзіндік бағалау практикалық тапсырмаларда ұйымдастырылды.

Көпшілік оқушыларға үшінші тапсырма берілген, бағалау парақшасы жеке-жеке оқушыға арнап қарастырылды.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Оқу мақсаты мен сабақтың мақсатына жеттім. Сабақтың басында «Ойлан – жұптас – бөліс» тәсілі ұтымды шығады. Оқушылардың логикасы дамиды. Жаңа материалды игеру кезеңінде «Тарсия» әдісі оқушылардың ойлау қабілеті артады. «Сұрақтар ғаламшары» тәсілі оқушылардың бірін - бірі тыңдауы, сұрақты қоя алуға дағдыланады. Уақытты тиімді пайдалануға тырысамыз.


Сабақта орындықта дұрыс отыруын үнемі қадағалау.

Компьютермен жұмыс кезінде көз жаттығуын 10 минут өткен соң жасауын ұйымдастыру.


Жалпы бағалау

Сабақ жан –жақты, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған.



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабақтың тақырыбын «Фасилитация» тәсілі арқылы ашуы жақсы шығады деп ойлаймын.

2: Сабақтың бірізділігі

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылардың икемділігі