СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Заманауи сабақ - физика пәні мұғалімінің жаңашыл әрекет көрінісі»

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» деп атап айтқан. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі, білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, педагогтың кәсіби деңгейін арттыру басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – ұстаз. Оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру үшін мұғалім үлкен ізденіс үстінде болуы керек.

Дәстүрлі сабақтар мен заманауи сабақтарды салыстырудың кейбір жолдары:

Дәстүрлі сабақтарда үш төрт адам үй тапсырмасын айтады, мұғалім жаңа таұырыпты түсіндіреді, мұғалім бағаларын айтады, үйге тапсырма береді, үлгерімі нашар оқушылар еленбей қалады.

Ал заманауи сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталсақ:

  • Мұғалім оқушының білімді өзі алатындай етіп ұйымдастырады;
  • Оқушы өзі еңбек етеді;
  • Оқушы іздене отырып, өзі баға береді;
  • Барлық оқушылар бірдей білім алады;
  • Алған білімін өмірмен байланыстыра алады;
  • Әр оқушы өз ойын толық жеткізе алады;
  • Сын тұрғысынан ойлауы қалыптасады.

Міне, Кембридж бағдарламасының да басты мақсаты осы.

Заманауи сабақтар мұғалімнен нені талап етеді?

  • шығармашылық ізденісті;
  • оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне сәйкес ұйымдастыруын;
  • сыныптағы әр баланың мүмкіндігіне қарай белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын;
  • сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды көңілінің болуын;
  • оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін, ұйымдастыру түрін хабарлауын;
  • үнемі ізденіс үстінде болуды;
  • сабақтың мақсатын, тақырыпты ашуда түрлі ізденіс тапсырмаларының жүйелілігін;
  • оқулықта қажетті ақпарат жеткіліксіз болса, онда сабаққа қосымша ақпараттық карточканы әзірлей алуын;
  • сабақта оқушыларға білім алуға кедергі жасалмауын, яғни оларға жұмыс жасау үшін көбірек уақыт беру қажеттігін;
  • Рефлексивтік талдаудың нәтижесінде алынған барлық түзетулерді сабақ жоспарына жазуын және оларды әрі қарайғы жұмыста ескеру қажеттігін.

Заманауи сабақтар оқушыдан нені талап етеді?

  • өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алуын;
  • өтілген тақырыпты өз бетімен меңгеруін;
  • өз оқуын бағалауын;