Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды. Бекіту. «Молекулалар» Мұғалім оқушыларға әртүрлі түсті және 1-ден 5-ке дейін номерленген карточкалар тарадаты. Сынып карточкалар түстері бойынша топтарға бөлінеді және тапсырмалары бар қағаз парақтарын алады. «Сары» карточкадағы бірінші тапсырманы орындайды. «Көк» карточкадағы екінші тапсырманы орындайды. «Қызыл» карточкадағы үшінші тапсырманы орындайды. «Жасыл» карточкадағы төртінші тапсырманы орындайды. «Ақ» карточкадағы бесінші тапсырманы орындайды. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тапсырмаларды орындауын тоқтатып, парақтарында жазылған номерлер бойынша жаңа топтарға бірігеді. Сонда сандар бойынша біріккен топтарда барлық түсті карточкалар жинақталады. Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге жаттығулар орындайды. Бір – созыламыз, созыламыз, Екі – жиырыламыз, жазыламыз, Үш – алақанды үш соғамыз, Басымызды үш иеміз. Төрт дегенде – қолды жаз. Бес – қолды сермейміз, Алты – отырамыз. Жаңа топтарда әр оқушы кезекпен алдыңғы топпен қарастырған есебінің шығарылуын түсіндіреді. Басқа оқушылар оның есебін тексеріп, ол түсіндіріп болғаннан кейін бір сұрақ қояды. Мұғалім әрбір оқушының нәтижелері бойынша жазбалар жасап жүреді және қажетті жағдайда оқушыларға қолдау көрсетеді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін барлық оқушылардың қиындығын туындатқан тапсырмаларды талдайды. Дескриптор: Білім алушы - тең бөлшектерді айырады; - сәуле бойына бөлшек сандарды белгілейді; - сурет бойынша нүкте координаталарын табады; - сәуле бойын нүктелерді белгілейді; - берілген нүктеден белгілі ара қашықтықта орналасқан нүктенің координатасын табады. Дарытылатын құндылықтар: бір-бірін және спикерді сыйлау, командада жұмыс жасау барысындағы ынтымақтастық. Формативті бағалауға арналған практикалық жұмыс. Мұғалім оқушыларға практикалық жұмыс ұсынады. Бірінші бөлімде оқушылар координаталық сәуле бойынан нүктелерді белгілейді, сосын оларды сурет пайда болатындай етіп қосады. Практикалық жұмыстың екінші бөлімінде оқушылар шығармашылық тапсырма орындайды: олар өз суреттерін ойлап тауып, суретті салуға қажетті нүктелердің координаталарын жазуы керек. 1 тапсырма Дескриптор: Білім алушы - 1 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; - 2 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; - 3 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; - 4 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; - нүктелерді қосып, бейнені суреттейді. 2 тапсырма Дескриптор: Білім алушы - нүктелер бойынша сурет бейнелейді; - 1 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды; - 2 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды; - 3 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды; - 4 сәуле бойындағы нүктелердің координаталарын анықтайды. Дарытылатын құндылықтар: оқушылардың бойында мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік, шығармашылық қабілеттер дамиды. Үй жұмысы. Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді. |