СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жас мамандармен жұмыстар жүргізілуде.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Жас мамандармен жұмыстар жүргізілуде.»

1 мамыр халықтар достығы күніне арналған мерекелік ертеңгілік



ғайынбыз бәріміз"

Балалар залға әуенмен кіреді, қолдарына шар ұстаған. Зал іші "Бірлік күніне" арнап безендірілген.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен әріптестер!
«Ағайынбыз бәріміз» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!

Хор: "Балдырғандар маршы".
Жүргізуші: Қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады,

Бөбектерім,айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

  • Көктемде.

  • Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?

  • 8-наурыз, 22- наурыз, 1 сәуір.

  • Бүгін біз қандай мерекені өткізгелі тұрмыз?

  • 1 мамыр бірлік күнін.

  • Біздің қаламызда қандай ұлттар тұрады?

  • Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар.

  • Осы барлық халықтар бір-бірімен дос, бауыр, жолдас. 1- мамыр Қазақстан халықтары үшін «Бірлік күні» деп аталған. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін біз өз өнерлерімізді ортаға саламыз.

Хор: "Май жыры"

Жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.

Алғашқы сөз кезегін өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.

(Қазақша әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады.)

Би: "Қаражорға"

Тынар: Мамырдың бірі, достық күні

            Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.

Дінислам:    Достық – шырағымыз,

                 Достық – ұранымыз.

                 Достық туымыз,

                 Достық әніміз.

Мерей:     Бейбітшілік ұраны,

                 Жарқыраған алтын күн.

                 Ән қанатты қыраны

                 Еркіндігі халқымның.

Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.

Сахнаға грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.

 Би: "Грузин"

Ақбөпе: Достықты үлгі санаған,

                 Бір үйде біз тұрамыз.

                 Қалған ата-бабадан,

                 Бірлік асыл мұрамыз.

Азамат: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

                Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

                Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

                Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Іңкәр: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

               Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

               Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,

               Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

Хор: "Ағайынбыз бәріміз"

Жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Сахнаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз

(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. )

Би: "Орыс"

Көрініс: «Бірлік»
Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. 
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Жүргізуші:
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!

- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді.

Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Балалар:
 Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Айсель: Жасампаз жыр - әнім,

Өзіңсің ғажапстан .

               Өсиет, ұраным,

               Отаным –Қазақстан.

Медет: Біз балдырған тең басқан!

                  Дос құшағын кеңге ашқан.

                  Тілегіміз әділдік!

                  Ашық болсын кең аспан!

Алтынай:  Дос болайық бәріміз,

                 Жарасып тұр әніміз.

                 Тыныштықты сақтаймыз,

                 Атсын күліп таңымыз!

  Ақпейіл:  Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер! 

Хор: "Первое мая""   

Жүргізуші: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің, - деп сахнаға өзбек ағайындарымызды шақырамыз
(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады. )

Би: "Өзбек"

Жүргізуші: 
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден, - дей отырып, осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік іс- шарамыз аяқталды. Мереке құтты болсын ағайын!. Барша халыққа ортақ мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Барлығымыз бірге балалардың «Вальс» биін тамашалайық.