Мотивациялық қозғаушылық | - Балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. - Дос болып жүрейік, - Ойнайық та күлейік. - Достық деген тамаша, - Міне, тұрмыз жараса. | Балалар бірге қайталайды. |
Ұйымдастыру іздестіру | - Балалар, біз бүгін автобусқа мініп, әженің ауылына қонаққа барамыз. - Балалар, біз ауылға да жетіп қалдық. Енді асықпай автобустан түсейік. Сол сәтте Әже келеді. - Қане, балалар әжемен амандасайық. - Әже, біздің балалар үй жануарларымен танысқысы келеді. Әже балаларды үй маңында жүрген қойды қозыларымен, ешкіні лақтарымен таныстырады. Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары» Сергіту сәті Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп, иіліп, Шаңыраққа киіліп, Ағаш үйді құрайық. Әже балаларды үйге кіргізеді. Әженің әңгімесі. Сандық, көрпе-төсек, ыдыс-аяқтар. Балалардан ненің біреу екенін, нелердің көп екенін сұрау. «біреу», «көп» сөздерін түсініп айтуға жаттықтыру. Әже: - Балалар, мойныма тағатын моншағымды үзіп алып едім, соны жіпке тізіп бересіңдер ме? Дидактикалық ойын: «Әжеге арналған моншақ» Әже «рахмет» айтып балаларға бауырсақ береді. | Әженің аулына барғысы келеді. Автобусқа міну, түсу қимылдарын жасайды. Әжемен амандасады. Үй жануарларымен танысады. Суретке қарап үй жануарларын атайды. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар ағаш үйдің ішін тамашалайды. «Бір», «көп» заттарды ажыратады. Балалар әжеге моншақтарын оң қолымен солдан оң жаққа қарай бір жіпке тізіп береді. Балалар моншақтарын әжеге сыйлайды. Балалар қоштасып балабақшаға қайтады. |
Рефлексивті түзетушілік | - Біз қайда бардық? - Немен бардық? - Ауылдан нені көрдіңдер? - Не көп? Не аз? - Әжеге не жинап бердік? - Моншақтарды қалай жинадық? - Балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге үй жануарларының суреттерін сыйлаймын. | - Әженің ауылына бардық. - Автобуспен бардық. - Үй жануарларын көрдік. Көп, аз заттарды естеріне түсіреді. - Әжеге моншақ жинап бердік. - Солдан оң жаққа қарай. |