Просмотр содержимого документа
«Жер асты сулары»
География пән мұғалімі: Бужиева Гулназ Кубайдуллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі: Атамбаева Назгүл Социалқызы
Сабақтыңтақырыбы: Жер асты сулары. Минералды сулар
Сабақтың мақсаты: Жер асты сулары, минералды су, құдық, бұлақ, тұма, өзен - көлдер және олардың адамға тигізетін пайдасы туралы білім беру.Қоршаған ортаны қорғай білуге, суды үнемдеуге, тиімді пайдалануға баулу.
Көрнекті құралдар: Қазақстан физикалық картасы, атлас, презентрация, видеоматериал
Қосымша материалдар: түрлі – түсті жіп, минералды сулардың түрлері: Тассай, Сарыағаш, Боржоми, су, стақандар, ас тұз, мұз, ас содасы.
Сабақ түрі; аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, оқулықпен, картамен жұмыс, тәжірибе жасау.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу (балалар бір – біріне сәттілік тілейді)
Топқа бөлу «Шаңырақ» ( бөлу нәтижесінде 4 топ анықталады:«Тассай», «Сарыағаш», «Боржоми», «Су»)
ІІ Үй жұмысын тексеру (жауаптарын слайдқа шығару, бағалау)
Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
А. сұйық, қатты, газ.
Ә. сұйық, газ, ащы.
Б. сұйық, газ, жұмсақ.
Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А.үштен бір.
Ә. Үштен екі
Б. екіден бір
70 кг. Адамның денесінде қанша кг. су бар?
А. 60 кг.
Ә. 70 кг.
Б. 50 кг
Адам су ішпей қанша шыдайды?
А. 1 күн.
Ә. 1 апта
Б. 3 күн.
Судың күйі неге байланысты болады?
А. Суыққа
Ә. Ауа райына
Б. Температура мен ауаға
Жауаптары: 1.А, 2.Ә, 3.Б, 4.Б, 5.Б
ІІІ. Жаңа тақырып
Зейінді шоғырландыру (видеоматериал көрсету),
Сұрақ: осы видеодан қандай білім алуға болады және бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? (топтардың жауабы);
Жер бетіндегі сулардың көпшілігі ішуге жарамайды. Өйткені мұхит және теңіз сулары өте тұзды, дәмі ащы. Оларды пайдалану үшін арнайы тазартудан өткізеді. (слайд)
Минералды сулар. Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтар кездеседі. 300ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. (слайд)
Жер беті суларының бөлінуін көрсету: Құрлықтағы сулар және дүниежүзі мұхит сулары. Практикалық жұмыс: Тәжірибе №1 (тұщы судан мұхит суын жасау)

Ащы
Тұщы
Нәтижесінде Венн диаграммасын толтыру
Тұщы Ащы
Сергіту сәті: видеоролик.
Тәжірибе №2 Жер асты сулары мен минералды суларын салыстыру (дәмін тату арқылы суға сипаттама береді).
Картамен жұмыс: оқушылар минералды сулардың шоғырланған жерлерін анықтайды да картаға жалауша белгісін қояды.
ІҮ. Қорытынды:
Рефлексия. «Сандықша», «Ет тартқыш», «Қоқыс шелек».
Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: Жер асты және минералды сулары туралы эссе жазу.