жолжа жүру ережелерін сақтайық (әнгіме)
Мақсаты:
балаларды жолда жүру
ережесімен таныстыру, балалардың жол қауіпсіздігін есте сақтауға, дұрыс жүруге
сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту, жол ережесін білуге,
сақтауға, тәртіптілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, қатер
тұрғызады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбіне балалардың жол бойында қалай болса
солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулері машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері
жарақат алады, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болыа қалады.
Бағдаршам –
өмірімізді жазымнан сақтандырып көмекшімізү оның сырын біліп, тілін алу
баршамызға керек.
Оны дұрыс
білу үшін мен сендерге жол белгілері туралы ертегі айтып берейін.
Ерте, ерте,
ертеде, ешкі жүні келтеде сиқырлы түстер деген жанұяда үш ағайынды түс өмір
сүріпті. Олар ылғи кім күшті деп бір-бірімен айтысады екен.
Қызыл түс
айтады: «Мен күштімін, от сияқты қызылмын. Отсыз адам өмір сүре алмайды», -
дейді екен.
Сары түс
айтады: «Мен күштімін – күн сияқты сарымын. Сенен мен күштімін», - депті.
Жасыл түс
айтады: «Мен күштімін – шырша сияқты жасылмын», - депті.
Үшеуі шешімге
келмеген соң сол кезде бағдаршам патша болыпты. Содан ақыл сұрап барады. Сонда
бағдаршам патша айтыпты: «Үшеулерің де күштісіңдер, ешкім де жаман емес. Менің
уәзірлерім боласыңдар. Менімен бірге патшалық етесіңдер» - депті.
Содан бері
жүздеген жыл өтті. Бағдаршам машина, адам жолдан өткенде, жүргенде бағдаршам
мен уәзіріне бағынады.
Енді біз өз
уәзірлермен патшалық еткенде қандай жұмыс атқаратынымен танысайық.
Қызыл түс – тоқта.
Сары түс – дайындал.
Жасыл түс – жүр дегенді білдіреді екен.
Көше ережелері мен жұмбақтар
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына
кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын
жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе
жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе
жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған
машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Отырған оқушыларымызға жолда жүру
ережесіне қатысты жұмбақтарды жасырамыз.
Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы
бар.
Жүк емес жандарға жүз дамың,
Доғасын сымға сүйреп, жолға
шығар. (Травмай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Екі аяқта, бір ізді,
Үстіне адам мінгізді. (Велосипед)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Жолда жүру инспекторы)
Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)
Жолда жүру білесің бе балақай
Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға
қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі
лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс,
трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі
ережелерін жатқа білуің керек.
Ол мына ережелер:
1. Екі көшенің
қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана
көшені кесіп өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан
машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше
тоса тұр.
3. Көшеден өтерде
әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе
жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында
бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде
ғана көшені кесіп өтуге болады.
5. Аялдамада тұрғанда
автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның
соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
6. Ал трамвайдың тек
алдыңғы жағынан ғана өтуге болады.
Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре
алмай қалуың мүмкін.
Жолда жүру ережесін сақтаймыз балабақшадағы ережелер |
Жолда жүру ережесін сақтаймыз Сабақтың мақсаты: 1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру 3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі : Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін заңын бұзбайды. Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ? Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала . Тәрбиеші : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын . ІІ. Негізгі бөлім: Тақтадағы жұмбақтарды шешу: Жұмбақтар 1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен. (Автобус) 2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген , Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол) 3. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та , Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 4. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 5. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам) Тәрбиеші : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек. 1. Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. 2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші. 3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол . 4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. Тақтада Қызыл – Тоқта ! Сары – Сақтан ! Жасыл – Жол ашық! Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға ! Сары көзін ашқанда , Қарап қалма аспанға ! Жасыл көзін ашқанда , Өте бергін , жасқанба ! Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады. Ән: Бағдаршам 1. Көшеде біз сақ болайық , Қаймықпасын ата – ана . Жолда сен бол лайық, Жас ұлан деген атқа Қ- сы : Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін . Қасымда болсын анам, Болайын мен де аман ! 2. Жолда жүру әліппесін Білген жөн бес саусақтай. Сонда ғана жүре аласың , Сен өзіңді сау сақтап Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары» Инспектор : Медбике апамыз бәрімізді емдейді , Ауырса адамды, аңды да емдейді . Отырған мынау Медбике апаға Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ? (Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады) Инспектор : Апа, қараңыз мына сұмдықты , Маймақты кім қыңжылтты ? Мед.бике: Маймағым, не болған өзіңе, Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ? Аю: Айтайын мен жасырмай шынымды – ай, Сақтап қал , апа жанымды шыбындай. Жармасып бал тасыр машина үстіне Домалап түсіп шыңғырдым құлындай. Мед.бике: Бір асар тәтті бал үшін, Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін. Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ, Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін ! Аю. Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені! Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ? Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік. Бала қалай өтетінін көрсетеді. Инспектор Көреген, дәу қырағы. Көшемізде тұрады. Оның аты – бағдаршам, Жол сілтейді әрқашан. Ол бергенде команда, Бағынамыз әмәнда. Бағдаршам Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Бағдаршам Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін. «Тоқта, сақтан, жол ашық!» Жүрме жолға таласып. Диана: Төрт топтан құралған, Белгілер туыстай. Жол сілтеп тұрады. У-шусыз ұрыспай. Сақтандыру , ескерту белгісі Қып – қызыл үшбұрыш, Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған. Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те , Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған. Тыйым салу белгісі Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты, Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты . Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты. Міндеттеу белгісі Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті. Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол , шартыңды міндетті орында ! Ңұсқау белгісі Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын, Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын. Күндіз де , түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым. Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік. Қорытындылау : Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе: Ирек – ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп. |
Жұмбақ шешу:
Арқаным бар тым ұызын,
Ала алмаймын бір үзім. (жол)
Көліктің қаншасын жанымнан өткердім,
Іргеден басталып алысқа жеткіздім. (жол)
Жоқ өзінде бас та, құлақта, ауызда,
Бақырайған үш көзі бар бырақта. (бағадаршам)
Аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді. ( машина)
Бір көзі «кідір жабылады» дейді,
Бір көзі «жүгір» дейді,
Ал бір көзім «абайла» дейді.
«Қарап қал маңайға» дейді. (бағдаршам)
Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)
Жол белгілері туралы тақпақтар
Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.
«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.
Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.
Реттеуші
Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса
Реттеуші жолыңда.
Тік көтерсе таяқты,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі
Сары шамы сияқты.
Кеудесімен бұрылса,
Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оның, ұғынсаң,
Жолды жаптым, өпте деп.
Арқа жағын қаратса.
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белі-
Қызыл түсі жанғандай,
Оң иық, не сол иық,
Бұрылғанда сен жаққа.
Тұрып қалма мөлиіп,
Алға карай тез атта.
Реттеуші бұрылды.
Бір қырындап тік тұрып
Жасыл жанды дегенді
Жүргіншіге ұқтырып.
Реттеуші бар көшеге.
Тап болса егер кімде-кім.
Тек сол берген белгіге
Көну оның міндеті.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!