Оқушыларға тақырып мазмұнын топтарда әр түрлі рөлдер тұрғысынан қарастыру ұсынылады. Ол үшін сынып оқушылары: «Оқушылар » - аурулардың туындау себептерін анықтап, сипаттаушылар. «Мұғалімдер » - аурулардың белгілерін сипаттаушылар. «Дәрігерлер » әр аурудың алдын алу жолдарын ұсынушылар болып жұмыстайды. Әр топ өзінің бағытына сай зерттеу жүргізеді. Мысалы, 1топ барлық 6 аурудың туындау себептерін, 2 топ әрбір аурудың белгісін, 3-топ аурулардың белгілері мен туындау себептеріне қарай алдын алу жолдарын ұсынуға дайындалады. Әр топ басқа топтардың тақырыптары бойынша сұрақтар дайындайды. Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт сілтей отырып, кері байланыс ұсынады. Оқушылардың тиісті ақпаратты жинақтауына назар аударылады. Білім жинақтау мен сұрақтар дайындаудан кейін оқушылар парақтарға қажетті мәлімет жазып, тақтаға шығып жауап береді. «Студенттер» және «Мұғалімдер» ватманға аурулар туралы сипаттамаларды желімдейді. «Дәрігерлер» әрбір аурудың себептері мен белгілері айтылған сайын аурудың алдын алу жолдарына тоқталып отырады. Әр топ алдымен тек бір ауруға қатысты талқылау жүргізгеннен соң келесі ауруға ауысады. Критерийлер: Қан тамыр жүйесі ауруларын сипаттайды; Аурулардың себептерін түсіндіреді; Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады. Дескрипторлар: «Дәрігерлер» берілген аурулардың барлық белгілеріне қатысты сұрақтарға жауап береді «Студенттер» берілген аурулардың себептері туралы сұрақтарға жауап береді «Кеңесшілер» қантамырлар жүйесі ауруларының туындау себептерін түсіндіреді; Аурудың белгілерін сипаттайды; Барлық аурулардың алдын-алу шараларын ұсынады. Мұғалім сұрақтар қойып, толықтыруларға бағыттай отырып, кері байланыс ұсынады. Шағын жоба (проект) дайын болғаннан соң, оқушылар жалпы қанайналым жүйесінің ауруларын болдырмау жолдарын ұсыну тапсырмасын орындайды. Ол үшін оқушылар топтары/жұптары шағын брошюра немесе постер, ақпараттық парақшаларын әзірлейді. Дайын жұмысты топқа таныстырады. Мұғалім кері байланыс ұсынады. |