Топқа бөлу. (Суреттер арқылы топқа бөлу. 4 мин.) Оқушылар доптың, алманың, жапырақтың, шардың суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. Сұрақтар қойып миға шабуыл жасау арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру. (4мин.) Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттың атын білдіретін сөздерді ... дейміз. Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер ... деп аталады. Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер ... және ... арқылы беріледі. Олай болса бүгінгі сабағымызда төрт топ төрт сөз табы болып сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Әр топ өз сөз таптарына ереже құрып және соны дәлелдейтін мысалдар келтіруі керек. 2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс (8 мин. №1 слайд, кесте толтыру) Интерактивті тақтада сөздер жазылып тұрады. Әр топ өз сөз табына келетін сөздерді теріп жазып, кестені толтырады. Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды,жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік,жасыл Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім | | | | | | | | | | | | | | | | | 3-тапсырма. (8 мин. №2 слайд, кесте толтыру) Ойнайық та, ойлайық.Кесте толтыру Сөз табына байланысты сөздерді тіркеп жаз Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім | оқушы | | | | кітап | | | | алма | | | |
4-тапсырма (8мин. №3 слайд) «Кім жылдам?» (№3 слайд) Берілген әріптерден әр топ өздеріне қатысты сөздер құрайды А, Е, К, Ш, і, Ү, С, Л, Б, Ж, Г, Р, О, Д, Ы, Ө, Қ, Ң, Р, И, П, Н, Т 1-топ. Зат есім 2-топ. Етістік 3-топ. Сын есім 3-топ. Сан есім 5-тапсырма.(8 мин.№4 слайд) Тест 1. Зат есімнің сұрақтары 4. Сан есімнің сұрағын тап а) Кім? Не? а) Кім? Қандай? ә) Қандай?Қай? ә) Қанша? Неше? б) Қанша?Кім? б) Неше? Не істеді? в) Не істеді? Не? в) Нешінші? Кім? 2. Сын есімді тап 5. Етістіктің сұрақтары а) бор а) Қанша? Қалай? ә) жеті ә) Кімдер? Не істеді? б) алма б) Не істеді? Қайтті? в) қызыл в) Не? Нелер? 3. Етістікті тап 6. Зат есімді тап а) қызыл а) жеті ә) ағаш ә) жазды б) отырды б) биік в) жапырақ в) оқушы Үйге тапсырма: 50- бет. 5-жаттығу. Ребус құрау Кері байланыс. Оқушылар не білгенін, не үйренгенін стикерге жазып жабыстырады. (2 мин.) Қорытынды. Өз-өздерін бағалайды. Критерийлер арқылы бағаланады. (3 мин) |