Мотивациялық қозғаушы | Балалар күнде біз қайда келеміз? Біздің балабақшада тәрбиешіден басқа тағы кімдер жұмыс істейді? Аспазшы не істейді? Ал тазалықты, сендердің денсаулықтарынды кім тексереді? | -балабақшаға -аспазшы,дәрігер -ол бізге тамақ пісіреді -дәрігер тексереді |
Ұйымдастырушылық ізденушілік | Балалар ендеше мен сендерге жұмбақ қояйыншы Сауықтырар сырқатты, Жылы үнмен тіл қатты Ол кім? Дәрігер деген кім, біздің балабақшада бар ма екен? -Балалар, сендер біздің медбикені танисыңдар ма? -Ол кім? -Ол кісі не істейді? Балалар деніміз сау болу үшін таза ауаға шығып, шынықтыру шараларын жасап,дұрыс тамақтану керек. Сендер үйлерінде таңертен жаттығу жасайсындар ма? Сегіту сәті: Денсаулық туралы нақыл сөздер: 1.Тазалық-денсаулық кепілі 2.Саулық-байлық негізі | -ия Балалар жұмбақты шешуге тырысады -дәрігер -ия, бар -танимыз -Татьяна Александровна -біздің бойымызды, салмағымызы өлшейді, ауырсақ дәрі береді. Балалар тәрбиешіні тыңдайды. - ия, таңертен біз тұрамыз, беті қолымызды жуамыз, тіс тазалаймыз, шаш тараймыз. Жаттығу жасаймыз. Ормандағы аюдын Құлпынайы көп екен Теріп теріп алайық Қалтамызға салайық Балалар қайталайды және есте сақтайды. Балалар медбикемен қоштасады. |
Рефлекстік түзету | Сонымен балалар біздің балабақшада медбике бар. Ол кісінің аты жөні кім? Бүгін біз медбикенің жұмыстарымен таныстық. Ол кісі не істейді екен? «Бірінші байлық-денсаулық» | Татьяна Александровна -біздің тазалығымызды тексереді, екпе жасайды, дәрі береді, бізді емдейді |