СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000

Просмотр содержимого документа
«Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу»

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

"Жетібай ауылының №3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі:

Токтасинова Жанат Шамшединовна


Сабақтың тақырыбы:

Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу.

Жалпы мақсаты:

Paint графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйренеді.

Оқыту нәтижесі:

Сурет өлшемін орнатуды, сақтауды, түстер палитрасын іске қосуды, қылқалам, қарындаш сызық, доғал, масштаб құралдарын қолданады.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы берілген тапсырманы жұппен, топпен орындап, талқылайды, бір-бірімен пікір алмасады. Топ мүшелерін сыйлай, құрметтей алады.

7 модульдің қолданылуы

ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: (формативті, сумативті)

Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік тапсырмалар

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, топтық жұмыс, диалогтық оқыту, «Шаттық шеңбері», «Жақсы лебіз», «Ыстық орындық», «Топқа бөлу», «Алма ағашы», «Мағынаны тану», «Сергіту сәті», «Ой қозғау», «Кубизм»әдісі, «Ойлан-жұптас-бөліс», диалогтық оқыту, «Миға шабуыл», «Бағдаршам» әдістері

Қолданылатын ресурстар

ДК, интерактивті тақта, оқулық, слайд Н.Ермеков, Н.Стифутина «Информатика-7» оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012, 7-сыныпқа арналған электрондық оқулық, «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары

Ұйымдастыру кезеңі:


Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.




І. Психологиялық дайындық:

«Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с

ІІ.Топқа бөлу:

Сапқа тұрғызып фигуралар суреттері арқылы топқа бөлу. Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Оқушылар тақтаға шығып, шеңбер құрып, жаттығуды орындайды.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Бағалау параған топ басшысы өз топ мүшелерін бағалап отырады.


Музыка әуені. Суреттер (қиылған суреттер).

Mадақтау

Жарайсың!

Бәрекелді!

Өте жақсы!


Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Бағалау

Білу

Өткен материалды қайталау (білу):

«Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты:

Кері байланыс жасап, нақтылай өңдеу арқылы білімін нығайту.


Үй тапсырмасын сұрау.

І-бөлім: "Қайталау білім -анасы"


Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау. Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау.

Үйден дайындалып келген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі толықтырады. Сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

Интербелсенді тақта, диалогтық талдау.

Формативті бағалау оның ішінде:

- Жарайсың!

- Тамаша!


Түсіну:

Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру:


«Мағынанытану» стратегиясы

Мақсаты: ой қозғау,жаңа материалды игерту, өзіндік деңгейін анықтау


Жаңа тақырыппен танысады.

ІІ-бөлім: «Білімге құштарлық»

«Ой қозғау»

Постермен жұмыс


Жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастыру. Жауаптарын тыңдап бағыт беру. Сабақ бастамас бұрын ой қозғау мақсатында сұрақ арқылы оқушыларды диалогқа түсіру. Өз ойларын, пікірлерін еркін, ашық айту.

1-топқа:

1.Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады?

2.Қандай графикалық редақторды білесіңдер?

2-топқа:

1.Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді?

2.Бейнені қалай редакциялаймыз?

3-топқа:

1.Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады?

2.Графикалық ақпаратты өңдейтін стандартты программаларды атаңдар.

4-топқа:

1.Кез келген қосымша терезеде қандай элементтер орналасады?

2.Paint графикалық редакторын іске қосу бұйрығын көрсетіңдер.

Оқушылардың мұндағы мақсаты сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен санаса білу. Сұрақтарды топпен талқылайды, постер жасап қорғайды.

презентация,

интербелсенді тақта, маркер, фломастер

Mадақтау

-Мына топ өте тамаша бірлескен жұмыс жасап отыр! (Қолпаштау)


Қолдану:

«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы

Мақсаты: ой қозғау

ІІІ-бөлім: «Білгенге маржан»

Тәжірбиеліс жұмыс

Тақырыпты меңгеру мақсатында компьютермен жұмыс тәжірибелік тапсырмалар беріледі.

Оқулықтағы тәжірибелік жұмыс (123 бет)

Берілген тапсырманы компьютерге  жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі.

Интербелсенді тақта, оқулық, АКТ

Формативті бағалау оның ішінде:

- Жарайсың!

- Тамаша!


Сергіту сәті. Мақсаты: оқушылардың физиологиялық қажеттіліктерін реттеу.


Жаттығу жасау.

Оқушылармен бірге жаттығу жасау

Демалыс сәті. Қол саусақтарына арналған жаттығулар Алақанды уқалау. Қолды қысу Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар. Көзді бірнеше рет жыпылықтату. Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жасаңыз. Соншалықты айналым солға қарай жасаңыз.

Интербелсенді тақтадан қарап орындайды.

Интербелсенді тақта, бейнеролик

Mадақтау

-Бас бармақ

Талдау:

Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін бекіту кезеңі:


«Кубизм» әдісі Масаты:серіктесті серіктес оқыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.


«IV-бөлім: «Біліміңді сына»


Ой толғаныс

Әр топ кубикке жазылған сұрақтарға жауап береді. 6 қырлы кубиктің 6 жағына жаңа тақырыпты бекіту сұрақтарын жазалады.

1-қыры: Paint-та жасалған суретті қалай сақтаймыз?

2-қыры: Мәтінді блокнотта қалай сақтаймыз?

3-қыры: Осы программада ақпарат сақтау тәсілдерінің айырмашылығы қандай?

4-қыры: Басқа программада ақпарат қалай сақталады?

5-қыры: Сақталған сурет пен мәтінді қалай ашамыз?

6-қыры: «Сохранить» пен «Сохранить как» командасының айырмашылығы қандай?

Кубиктегі сұрақтарға топпен бірлесе отырып жауап береді. Жаңа тақырыпты бекіту әрекеттерін көрсетеді.

Интербелсенді тақта, кубик

- Талдауды үздік меңгерген екенсің!

- Сен мұнан да толықетіп талдау жүргізе аласың!


Жинақтау:

Сабақты қорытындылау кезеңі:


V-бөлім: «Білімді мыңды жығар»

Жеке жұмыс «тест тапсырмасы»

Оқушыларға оқулықтағы тақырып соңындағы «Өзіңді тексер!» тест тапсырмасын жеке орындау тапсырылады.

Орындап болған соң жауабы тақтадан көрсетіледі. Жұбымен алмастырып тексереді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

С

В

А

А

А

С

А

Д

С


Тестке жауап беріп ойларын қорытындылайды, тақырыпты жинақтайды.

Оқулық, дәптер, тест парақшасы

Суммативті бағалау: тест тапсырмасы арқылы бағалау.

Бағалау


«Бағдаршам» әдісі Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау.


Бағалау парақшалары


«Бағдаршам» әдісі

Бағалау парақшаларындағы ұпай сандарына байланысты бағалау.



«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Топ басшылары бағалау парақшаларын таныстырады.

Топтар алдарындағы белгішелер арқылы бірін-бірі бағлайды.

«Бағдаршам» суреті бар парақша әр топқа беріледі

Бағдаршам

арқылы сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау.

Қызыл: «түсінбедім»

Сары: «сенімді емеспін»

Жасыл: «түсіндім»

Кері байланыс жасайды.

Рефлексия

Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау.


«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға екі түсті «Алма» беріледі. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, қөңіл күйім жоқ.

Бүгінгі сабақ бойынша ой-толғаныс жасыл және қызыл стикерге жазып алма ағашына ілу ұсынылады.

«Рефлексия» кестесі бар парақша таратылады. «Алма ағашы» плакаты стикерлер.


Кейінгі тапсырмалар

Мақсаты: жаңа тақырыпты пысықтау

§14 оқып келу. Бақылау сұрақтарына дайындалу.

Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, қалам.