СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Даңқты желаяқ Әмин Елемесұлы Тұяқов 80 жаста

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даңқты желаяқ Әмин Елемесұлы Тұяқов 80 жаста

Просмотр содержимого документа
«Даңқты желаяқ Әмин Елемесұлы Тұяқов 80 жаста»

Даңқты желаяқ Әмин Елемесұлы Тұяқов 80 жаста


Жеңіл атлетикадан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет Белгісі» ордені иегері Әмин Елемесұлы Тұяқов 80 жаста.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десеңіздер, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!

Әмин Елемесұлы Тұяқов 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылында дүниеге келген.

Атыраудағы (Гурьевтегі) екі жылдық мұғалімдер (педагогикалық) институтының физика - математика факультетіне түсіп, 1960 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. Ол сабақтарын өте жақсы оқумен қатар институттың және факультеттің қоғамдық жұмыстарын жауапкершілікпен орындап, оның ішінде, спорттың жеңіл атлетика түрінен елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осы жетістіктерінің арқасында 1957 жылы Қазақстан құрама командасының мүшесі болып қабылданады.

1959 жылы Бүкілқазақстандық IX спартакиадада 100, 200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. 1960 жылы Одессада өткен Бүкілодақтық «Буревестник» ерікті спорт қоғамының жеңімпазы атанады. Осы жетістігінің арқасында КСРО спорт шебері (100 м – 10,4 секунд) нормасын орындап қана қоймай, Кеңес Одағының құрама командасына мүше болып қабылданады.

Ә.Тұяқов 31 жасында үлкен спортпен қоштасқанға дейінгі аралықта 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4, 200х4 эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Соңғы рет 30 жасында, 1967 жылы КСРО халықтарының IV спартакиадасында 200 метрлік қашықтықта алтын, ал 100 метрге жүрігуден күміс медальдарды иеленді.

Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы спорт сарайы ашылған. Оқушылар арасында дәстүрлі Әминиада ойындары өтіп тұрады. Биыл 8-ші рет жалауын көтерген бұл спорт сайысы Қарақия ауданының Құрық ауылында 2001-2002 және 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Ауыл спортын көтеру, ауылдағы жастар арасынан жеңіл атлетикада мықтыларды анықтап, республикалық жа­рыстарға баруына жол ашу, елі­міздің абыройын асырар чемпиондарды дайындауды мақсат еткен сайысқа 7 команда қатысып, 30-дан астам желаяқ өзара сынға түсті. Жеңіл атлетиканың 3 түрі бойынша өткізілген Әминиадада балалар 100 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м жүгіруден және 4х100м. эста­феталық жүгіруден жарысты. Қарақия ауданының әкімі Ә.Дауылбаев және даңқты жел­аяқ Ә.Тұяқовтың өзі жарыс қоры­тындысында жеңімпаздарды ар­найы сыйлықтармен және төсбел­гілермен марапаттады.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлетшілер өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне бастады. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері жеңіл атлетикадан қанжығамызға түскен медальдар да бар. Бүгінге дейін Қазақстан Олимпиада ойындарынан 2 алтын, 1 қолаға иелік етті.

Талай тарлан озбақ боп ерек шығып,

Дірілдеді алдыңда жүрексініп.

Топтан торай шалдырмай келдің неше,

Ұлт намысын жаныңа тілекші ғып!

Ақжайықтың бойында туғанменен,

Кіндік кесіп, сонда кір жуғанменен –

Тұяқовтың жел жетпес тұқтарын

Алтай, Арқа, Атырау, Шудан көрем...

Ақталды да аянбай тер төккенің,

Ғұмыр жасын Жеңістің келте етпедің.

"Артта қалған қазақ..." деп кемсітетін

Отаршылдың тәрк еттің ертектерін!

Әр биіктің талабын орындап, өз өмірімізді басқарсақ, әрине болашақтың жарқын болуы айдан анық. Нұр шапағатын шашқан алтын Күн - бақытты болашақтың кепілі. Денсаулықтың кепілі - Салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!!