Просмотр содержимого документа
«DARA BALA-ЕРЕЖЕ казакша»
«
Тайжарыс-Талант» қоғамдық қоры
«DARA BALA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
жобасының іріктеу сынына шақырады.
DARA BALA—өнерлі, жан-жақты балалардың өсуіне ықпал ететін жоба. Өнерлі балалардың басын қосып, шығармашылық өрлеуіне ықпал етеді. Жоба халықаралық деңгейде болғандықтан алдын ала іріктеу жариялайды. Сынақтан өткен қатысушы 23,24-желтоқсанда өтетін байқауға жіберіледі. Жобаның соңында жеңімпаз балалардан құралған «Қазақстан Dara bala» топтамасына енеді.
Іріктеу сыны Алматы қаласының қатысушылары үшін 25-қарашада өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылардың билет құны (5000тг)халықаралық байқау жарнасынан шегеріледі.
Өзге аймақтағы қатысушыларWats App желісі( 8 701 144 11 89, 8 707 825 3252) немесе [email protected] электрондық поштасына жанды дауыста орындаған бір шығармасын жібереді. Сынақтан өтсе, халықаралық байқауға қатысады.
Байқаудың басты талабы: жанды дауыста өнер көрсету.
Қатысатын шығарма саны: 1
Сүйемелдеусіз, жанды дауыста(аккапелла),минусовка
Іріктеу еркін тақырыпта өтеді
Іріктеуге қатысқан талапкерлерге бірдей мақтау қағазы беріледі
Байқаудың номинациялары:
Эстрадалық вокал(жеке, дуэт, трио, квартет, квинтет, хор)
Дәстүрлі ән
Аспапта ойнау(жеке, ансамбль, оркестр)
Би
Көркемсөз
Жазбаша шығарма
Қолөнер
Жас шамасына қарай төрт топқа бөлінеді:
Бүлдіршін топ Кіші топ Орта топ Жоғарғы топ
4-6 жас 7-9 жас 10-14 жас 14-17 жас
Байқаудың қазылар алқасының құрамы:
Қазылар алқасының құрамы: ҚР мәдениет саласындағы мамандары.
Байқаудың бағалануы: қатысушының байқау кезінде көрсеткен өнеріне қарай бағаланады.
Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады және талқыланбайды.
Байқаудың марапаты: Жүлде әр номинация бойынша, жас шамасына қарай бөлініп, жеке-жеке тағайындалады.
Бас жүлде- лауреаттық диплом және сыйлық.
Бірінші орын-лауреаттық диплом және сыйлық.
Екінші орын- лауреаттық диплом және сыйлық.
Үшінші орын- лауреаттық диплом және сыйлық.
Дипломанттар.
Байқаудың техникалық талаптары:
Өтініштер алдын ала [email protected] электрондық пошта арқылы қабылданады.
Тасымалдаушының сыртында баланың аты-жөні, жетекшінің байланыс телефондары болуы шарт.
БАЙҚАУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ.
Жеке орындаушыларға: 15 000тг; Дуэт, трио— 20 000тг; 4-10 адамдық топтарға—35 000тг
10 адамнан жоғарғы топтарға: адам басына 3500 тг-ден.
Байқау қатысушысының шығындарын жіберуші жақ төлейді.
Байланыс телефондары:
Гүлбағыш Бостан-8 707 825 32 52
Қырлан—87011441189
Тоғжан-87472500794
ҮМІТКЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР .
[email protected] электрондық поштасына « DARA BALA» байқауына деген тақырыппен жіберіледі.
Аты-жөні | |
Жасы | |
Қай жерден /обылыс, қала, аудан, ауыл/ | |
Мектебі | |
Сыныбы | |
Байқау жанры | |
Әкелген шығармасы | |
Авторы /сөзі,әні/ | |
Ұстазы | |
Байланыс телефондары | |