Қазақ тілі
2«Ә»сынып
Тақырыбы: Дара және күрделі етістік
( интербелсенді тақта арқылы)
Мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға етістіктің дара және күрделі болып бөлінетін, күрделі етістіктер екі, үш сөзден құралып, құрамындағы сөздердің бөлек жазылатынын меңгерту.
2. Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Жерін, елін, Отанын сүюге, табиғатты аялай білуге тәрбиелей отырып, құстарға, жануарларға қамқорлық жасау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, салыстыру, талдау.
Формасы: Жекелей, жұптық, фронтальды
Көрнекілігі: Суреттер, сызба, ойындар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қазір қандай сабақ екендігін еске түсірейік.
Қазақ тілім - өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
ІІ. Өткенді қайталау.
- Сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын сөздерімізді табамыз.
1. Қандай сөз таптарын білесіңдер?
2. Етістік дегеніміз не?
3. Етістіктің сұрақтарын ата.
4. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сонымен, өткен сабақта етістіктің қандай түрлерін өтіп едік?
Дара етістік дегеніміз не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
ІІІ. Негізі бөлім
1. Ой қозғау. «Буындардан сөз құра»
Берілген тем, көк буындарынан сөз құраймыз.
Қандай сөз шықты?
Көктем.
Балалар көктемге байланысты суреттерді тауып, топтастырамыз. (суреттерді әкелеп қояды)
құстар
ұя----------ағаштар
бүршік
2. Дәптермен жұмыс.
- Дәптерлеріңе осы суреттер бойынша сөйлем құрап жаз.
- Құраған сөйлемдеріңнің ішінен етістікті тауып, қай түріне жататынын ажырат.
Қорытынды: Дара етістік пен күрделі етістікті қалай ажыратамыз? Күрделі етістік қалай жазылады?
3. «Жылдам тап» ойыны
Берілген суретке сәйкес етістіктерді сызба арқылы көрсет.
Жаңбыр----------------ұшады
Кеме-------------------гүлдейді
Тікұшақ---------------жауады
Гүл---------------------жүзеді
Қорытынды: Етістік қай сөз табымен байланысты? Сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
4. Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр,
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
5. Оқулықпен жұмыс.
- Оқулықтарыңның 130 - бетін ашып, 354 - жаттығуды оқиық.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып сөздерді оқы.
2 - тапсырма. «Ішіне – сыртына» ойыны.
Дара етістіктерді ішіне, сол етістіктерді күрделі етістікке айналдырып, сыртына жаз.
Ішіне----------------------Сыртына
Күреді------------------күреп жатыр
Үйді---------------------үйіп жатыр
Құйды------------------құйып тұр
Сүзді-------------------сүзіп жатыр
Ұшты-------------------ұшып жүр
6. Жұппен жұмыс.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
І нұсқада отырған оқушы нүктенің орнына тиісті дара етісткті,
ал ІІ нұсқадағы оқушы күрделі етістікті қойып жазады.
Арман кітап.......
Айдын футбол.........
Жұптағы балалар бірін – бірі тексереді.
ІV. Қортынды: Етістік турады эссе жазу.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: 356 - жаттығу.
Кері қайту
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы білім беру, олардың айырмашылықтарын түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы меңгерту.
Міндеті: сөйлем тілін және жазба тілін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ереже жазылған плакаттар. Ойындар
Тәрбиелік мәні: Сауатты жазуға төселдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: ойлау қабілетін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту.
Әдісі: Топтық жұмыс
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Сыныбымыз тап - таза,
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партада
Ойға толып санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз
Үй тапсырмасын пысықтау
431 - жаттығуды оқытып, артық сөзді табу.
1 - ші қатардан жасыл
2 - ші қатардан ұя
3 - ші қатардан сүргіледі
Үшінші қатардағы “ сүргіледі” сөзі қандай сөз табы? Етістік
Ой қозғау
Сөз табы
Не істеді? Қимылдың іс - әрекетін білдіреді
Қайтты? Не қылды?
I топ
Не істеді?
II топ
Қайтті?
III топ
Не қылды?
Сәуле
Күн
Қой
Көп нүктенің орнына етістіктерді жаз
Ол қай сөз табымен байланысып тұр
Зат есім. Сұрақ қой. Сәуле кім?
Зат есім дегеніміз не?
Венн диаграммасы
Зат есім
Жекеше Кім? Не?
Көпше Кімдер? Нелер?
Жалпы есім
Жалқы есім
Мағынаны тану
Жаңа сабақ Етістік
Дара етістік Күрделі етістік
Бір сөзден тұрады Екі, үш сөзден тұрады құралады
Кітаппен жұмыс
433 - жаттығуды оқытып сөйлемдерді көшіріп жазу. Етістіктің астын сызу. Оларды салыстыру.
дара етістік
күрделі етістік
жауды
жауып тұр
ұшты
ұшып тұр
оқиды
оқып тұр
434 - жаттығуда берілген етістіктерді күрделі етістікке айландырып жаз.
Ұшты, күреді, құйды, үйді, сүзді.
Дара етістік
Күрделі етістік
Ұшты
ұшып барады
күреді
күреп жатыр
құйды
құйып жатыр
үйді үйіп болды
сүзді
сүзіп отыр
Ой толғау
Ойын: Кім көп біледі?
I топ
II топ
III топ
Бір сөзден тұратын
Екі сөзден тұратын
Үш сөзден тұратын
Етістік етістік етістік
биледі
билеп жатыр
билеп жатыр екен
Сергіту сәті
435 - жаттығуда берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау. Етістіктердің астын сыз.
Ойын:“Адасқан сөздер” құстар қалай дауыстайды? (сызықпен көрсет)
Бұлбұл шырылдайды
Торғай сайрайды
Қарға тыраулайды
Тырна қарқылдайды
Қаз шықылықтайды
Сауысқан қаңқылдайды
Сөзжұмбақ
1) Бойы бір қарыс
Сақалы екі қарыс (жүгері)
2) Ана ауылдың бурасы
Мына ауылдың бурасы
Желкілдейді шудасы (түтін)
3) Белі бүкір,
Алысқа түкір (мылтық)
4) Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар (бидай)
5) Аспай піскен,
Қайнамай піскен (жеміс)
6) Көкала қозым көгенде жатып семіреді (қарбыз)
Ән Ана туралы
Бекіту. Бағалау
Үй тапсырмасы: 436 - жаттығу
Балалар бүгінгі сабақта түрлі ойындар арқылы дара және күрделі етістікке байланысты жұмыстарды атқарамыз.
«Артық сөзді» тап ойыны (әр қатарда қай сөз артық екенін дәлелде)
1. Семей, Ертіс, доп, Астана.
2. Көктем, бәйшешек, гүлдеді, жауқазым.
3. Естіді, келді, көктем, жүгірді. “Гүлдеді” қай сөз табына жатады?
Етістік туралы не білеміз? ( ассоц. картамен жұмыс өткізіледі)
Сурет бойынша жұмыс ( зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құра. сол сөзді пайдаланып сөйлем құра. Мысалы: Айжан шай құйып жүр).
Дәптермен жұмыс (бүгінгі күнді, көркем жазу: көктем) Тәрбиелік мақсатты шешу (құстар туралы) Сергіту сәті:
Шымыршық, шымыршық апа қалай жүреді?
Апа былай, апа былай дәл осылай жүреді.
Шымыршық, шымыршық ата қалай жүреді?
Ата былай, ата былай дәл осылай жүреді.
Шымыршық, шымыршық қыздар қалай жүреді?
Қыздар былай, қыздар былай дәл осылай жүреді.
Шымыршық, шымыршық ұлдар қалай жүреді?
Ұлдар былай, ұлдар былай дәл осылай жүреді.
445 - жаттығуды орындау (тақтада) «Іші - сырты» ойыны(дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру, мысалы: жазды – жазып отыр)
«Сәйкестыру» ойыны:
1 жылқы ызындайды
2 ит кісінейді
3 әтеш үреді
4 ара шақырады
446 – жаттығу (Өзіндік жұмысы)
Бекіту: Тест. Бағалау.
Үйге тапсырма 447 – жаттығу.
Семантикалық карта бойынша жұмыс (5 минут) | Оқушының аты-жөні____________________________________ сұрақтар сөздер | Зат есім | Жалқы есім | Жалпы есім | Етістік | Дара етістік | Күрделі етістік | Кесе | + | | + | | | | Қонды | | | | + | + | | Астана | + | + | | | | | Сатып алды | | | | + | | + | Сапырды | | | | + | + | | Шауып болды | | | | + | | + | |