Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі зат есімдер 12-16 жаттығу
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушылардың етістік туралы жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау;
ә) дамытушылық. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім , білік дағдыларын қалыптастыру. б) тәрбиелік.. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: алған білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдістері: қорытындылау, сұрақ-жауап, ойындар, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильімінің видеосы, жауап парақшалары.
Сабақтың барысы:
І.Бағдарлау –мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, түгендеу.
2. Психо жаттығу
-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сендердің ақылды, тапқыр, білімді екендеріңді көруге келді.Өз білімдеріңді аянбай көрсетіңдер.
3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мұғалім Балалар /хормен/
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
4.Өткенді пысықтау.
11-жаттығу. Ұйқасын тап.
5.Өткенді бекіту "Миға шабуыл" ойыны
Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата? Дара етістік дегеніміз не?
Күрделі етістік дегеніміз ше?
Ой сергек
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа.
Үй салады жабыққа. (Қарлығаш)
Балалар, бұл жұмбақтың шешуі қарлығаш деп жауап береді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.
Ендi дәптеріңді ашып, бүгiнгi күндi, сынып жұмысын жазып койыңдар.
« Қарлығаш » сөзiне сөйлем құрап, бiр жолға көркем етiп жазып қояды.
-Балалар біз өткен сабақта көктемнің келетінін, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы айтқанбыз.Бүгінгі сабағымызда құстар туралы әңгімелекпіз.
«Ой қозғау стратегиясы »
Көктемде құстар не істейді?
Қандай құстар ұшып келеді?
- Балалар сендер қарлығаштың қандай құс екенін білесіндер ме ?
- Балалар , қарлығаш ұясын үйлердің іргесіне немен салады деп
ойлайсындар?
Шөп- шалаңмен қалап балшықпен салады деп жауап берді балалар .
Ия , дұрыс айтасындар балалар .
Қарлығаш үйлердің іргесіне туқұйрық араласқан лаймен лайлап , қабырғасына шөп – шалаң қалап оның ішіне мамық төсейді . Ондай ұя әрі шыдамды, әрі жылы болады деп балаларға түсіндіріп өтемін .
Ендеше біз бүгінгі сабағымызда екі топқа бөліндік.
І.топ «Дара етістік»
ІІ.топ «Күрделі етістік»
Осы топтар өзара жарысып, тапсырмалардан мүдірмей өткен топқа қарлығаштарды беріп отырамын.Қайтоп қарлығаштарды көп жинайды екен, оны сабағымыздың соңында көреміз.
ІІ. Операциялық –орындаушылық кезең
6.Ертегі еліне саяхат
-Балалар біз бүгін «Ертегі еліне» саяхаттаймыз. Ертегіні сендер ана тілі сабағында, үйді оқып тыңдап жүрсіңдер.Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адам баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен. «Ертегі елі» бізге тосын сый жасапты.Біге қызықты ертегіні ұсынбақшы екен. Бірақ оны жалмауыз кемпір сыйқырлап тастапты.Ол үшін біз кедергілерден өтіп «Ертегі елінің» ертегісін көреміз.
-Ал балалар кедергілерден өтіп ертегіні көруге дайынбыз ба?
- Жалмауыз кемпірден қорқпаймыз ба?
Олай болса ертегіні бастайық. (Экранда «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильімі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
Дәптермен жұмыс
12 жаттығу. Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жыршы жыр жырлайды. Ақын өлең шығарады. Дәрігер ауруларды емдейді. Мұғалім балаларды емдейді. Сауыншы сиыр сауады.
(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)
Олай болса ертегіні әрі қарай жалғастырайық.. (Экранда («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильімі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
13-жаттығу.І.топ. Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз.
ІІ.топ Күрделі етістіктерді қатыстырып,сөйлем құрап жаз.
Келді- келе жатыр, келе бастады.
Жазды- жаза алады, жазып жатыр, жазып жүр.
Тоқыды- тоқи алады, тоқып отыр, тоқи бастады.
Кел- барып кел, бара кел.
Ауылға қонақтар келе жатыр.Әжесі немерелеріне нәски тоқи бастады.
(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)
(«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильімі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
14-жаттығу.
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлығаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…Олай болса, балалар, қарлығашты қорғау – баршамызға ортақ iс екен.
Оқушыларға жазған әсселерін оқытамын.Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді тауып сыздырамын.
- Төле бидің неге «Қарлығаш әулие» деп атануын білесіңдер ме?
Сергіту сәті
– Қарлығаштар самғасын,
Жұмыр жердi шарласын.
Жылы жақтан қайтқанда,
Қанаттары талмасын!
Шиқ – шиқ еткен қарлығашты .
Қорғамасаң болмайды .
Кіп – кішкентай қарлығаштар .
Адамдарды қорғайды .
(Тез әрі нақты жауап берген топқа қарлығаштың суретін беремін)
(«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильімі 2мин көрсетіледі.) Әрі қарай көру үшін мына тосқауылдан өтейік.
15-жаттығу.Ертегіні оқы.Ертегіні пайдаланып, кестені толтыр.
«Түлкі мен шаян» ертегісе сахналық көрініс қою.
- Балалар ертегі не туралы?
- Бұл ертегіде түлкі қандай?
- Ал шаян ше ?
- Біз түлкіні айлакер, қу деп танысақ мына ертегіде түлкіден де айлакер шаян
екен .
- Өмірде осындай адамдар бар ма?
Түлкі Шаян
Кішкентай
жәндік.
Айла-кер
р
Қу,өтірікші,
айлакер,жабайы
І.топ ІІ.топ
Күрделі етістік
ұстап алады
жүгіре жөнеледі
зымырап жетеді
Дара етістік
кездестіреді
жүгірейік
тұр
ІІІ. Рефлексиялық –бағалау кезең
Біз жалмауыз кемпірдің тосқауылдарына қарамастан «Ертегі елінің» тосын сыйын көрдік.
- Бұл қай ертегі (Қарлығаштың құйрығы неге айыр?)
- Ертегі ұнады ма? (иә)
«Ертегі елімен» қоштасу
Біз бүгінгі сабағымызда көктем жаршысы қарлығаштуралы әңгімеледік.Біздің табиғатымызда басқа да пайдалы құстар бар.Олай болса сол құстарды көрейікші.
Сурет бойынша сабақты қорытындылау.
Тақтата бірнеше құстардың суреттері беріледі әр топ бір құстың суретін алып, образға кіреді екінші топ етістіктерді табады.
Мыс. Тоқылдақ- Тоқылдақ ормандағы түрлі зиянкестерді тазалайды.
Аққу- Аққуды атпа, досыңды сатпа
Бүркіт- Бүркіт ұясын биікке салады.
Бірқазан- Бірқазан балықтармен қоректенеді. т.с.с.
Үйге тапсырма:
16- жаттығу, қарлығащ туралы өлең шығару
Бағалау:
Оқушылардың жиған қарлығаштарын санау, топты мадақтау. топ жеңімпазын анықтау.
Кері байланыс
Балалар сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады