СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дене шынықтыру сабағын қашықтықтан оқыту

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пандемия кезінде оқыту.

Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтыру сабағын қашықтықтан оқыту»

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Спорт түрлерімен жүйелі шұғылдану- адам денсаулығын жақсартып қана қоймай, адамның жеке басының дамуында да әсер етеді.

«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – жас ұрпақты дені сау, діні таза, жан –жақты адам қылып дұрыс тәрбиелеу болып саналады. Денсаулық -ол әрбір адамның бойындағы ерекше бір күтімді қажет ететін бір ерекше нәрсе. Жер бетіне шыр етіп келгенде Жаратқан иеміз деніңді сау, мүшеңді аман етіп жаратады. Ең алдымен денеңді суықтан қорғап,спортпен айналысса бір жағы денең мығым, шымыр, денсаулығың мінсіз таза болады. Дене шынықтыру және спорт –тәрбиенің өзекті мәселелерінің маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады.

«Сау дене ,азат ақыл,адал көңіл,үшеуімен болады бақытты өмір» -деп Мағжан Жұмабаев айтқандай біздің басты мақсатымыз - білім берумен қатар жан - жақты жарасымды жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және оларды денсаулығы мықты етіп өсіру.

Қашықтықтан оқыту – қазіргі заман талабы. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала шеңберінде жұмыс атқарады. Осы жүйеде жұмыс жасау барысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып,үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту кезінде дене шынықтыру пәнінің өзіндік жүйесімен ерекшелігі бар. Осы орайда мен қашықтықтан оқыту жүйесіне үлесімді қоса отырып,студенттерді спортпен тиімді шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып,дене тәрбиесі пәнін онлайн режимінде өткізіп жатырмын. Сондықтан студент жаттығу жасаса, күні бойы сергек жүреді. Әрбір адамның өз қуат-күшіне орай, жаттығу жасау өмір жасының ұзақ болуы, еңбекке алғырлық танытып, көңілді жүруіне жол ашады. Осыған орай ең оңай түрі – дене шынықтыру гимнастикалары. Ол негізінен түрлі жаттығулардың басын құрайды. Гимнастика жасөспірімнің бұлшық еттерінің бірқалыпты жетілуіне, салмағын реттеп отыруына, денесінің сергек болуына көмектеседі.[1]

Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі – дегендей менде биылғы 2020-2021 оқу жылының 1 семестрінен қашықтан оқыту болып жатыр. Дене шынықтыру сабағын «EDUS» платформасымен өтіп жатырмын. Студенттермен уотсаптан топ құрылған. «Дене шынықтыру» пәнінен қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамаға сүйене отырып, сабағымды бір сабақ онлайн, ZOOM платформасымен оқытып жатырмын. Бұл платформаға оқытушы да, студенттерде үйреніп қалды. Сабағымды синхронды жүргізген кезде, платформаға жүктеймін, студенттер сабақ басталысымен сабаққа кіреді. Әр студенттің өзінің логин-паролі бар. Сабақтар басталмай тұрып, дене шынықтыру сабағы қашықтан, яғни топқа танысу үшін алдын-ала жібердім. Бұл нұсқаулықта жаттығу жасау орыны, тәртібі мен уақыты және жалпылама қауіпсіздік техникасы жөнінде түсіндіріп өттім. Күрделі емес, орындауға жеңіл, 15-20 минуттан тұратын жалпы жетілдіру жаттығулар топтамасын күні бұрын, өзім жасап - көрсетіп, видеоға түсіріп қойдым. Сабақтар басталған кезде әр жексенбі күні алдағы аптаға түсірілген видео-жаттығуларды әр топқа жіберіп отырдым. Сабағымды презентация арқылы студенттеріме көрсетіп, сабағымды ашамын. Бұл кезде студенттерде алдындағы бағыттау сабақ жоспарын ашып, дайын отырады. Оқытушының айтып, көрсетіп отырған презентациясын тыңдай отырып, тапсырмаларды кезегімен орындаймыз. Сабақ кезінде студенттермен байланыста болып отырамын. Кері байланысты студенттерім «EDUS» платформасымен арқылы жазып жібереді. «Сабақта не түсінді?», «Жаттығуларды орындау қиынға соқпады ма?», «Қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты өздерінің ойларын жеткізіп отыр. Оқытушы тапсырманы видеоға немесе суретке түсіріп жібер деп, студент міндеттей алмайды. Студенттің жазбаша мәтін түрінде жіберген кері байланысын да бағалауға жатқызамын. Сондықтан оқытушы студентке сенуі керек. Яғни, өз тәжірибемде студенттер арасынан суретке және видеоға түсіріп, жекеме жіберіп отырған студенттерім бар. Оларға көп рахмет айтып, мотивация беріп, смайликтер түрінде, сөздік мадақтау түрінде жеке жауап жіберіп отырамын. Осы жағдайда студенттер оқытушы жіберіп отырған мадақтау сөздерін, болмаса смайликтерін көргенде, көңіл-күйін смайлик болмаса сөз түрінде кері байланыс жасап жатады. Бағыттау сабақ жоспарымдағы тақырыбымды толық ашамын. Сабақты жазбаша мәтін түрінде, тақырыпқа сай суреттерді және сілтемені қоя отырып жіберемін. Сілтемені аша алмаған жағдайда, оқушы жазбаша мәтінді және суреттерді көре отыра сабақтан мағлұмат алады. Бұл – дене шынықтыру мұғалімдеріне ескеретін ең бірінші жағдай. Сабағымды платформаға жүктеп және ватсапқа жіберемін. Ол жерде де студенттермен кері байланысты ватсап желісі арқылы жасап отырамын, – дейді. Қашықтан оқыту кезінде дене шынықтыру сабағын тиімді ұйымдастырып өткізудің маңызы зор. Дене шынықтыру жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі екені, ал жастарға осы бағытта білім беру дене шынықтыру сабағынан басталатынын естен шығармауымыз керек. Оқытушылар өз шеберліктерінің арқасында сабақты балаларға қызықты, өз ынтасымен орындауға мүмкіндік жасап ұйымдастырып жатқанын білдік. Осы кезеңде дене шынықтыру оқытушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетіп, қимыл-қозғалыс белсенділігін төмендетпеуге мүмкіндік жасайтындарына сенімдіміз. Гимнастиканың ережелерін мен әдіс- тәсілдерін тереңдете үйрете отырып,дененің жекелеген бөліктерінің қимылын және олардың өзара үйлесімді болуын қарастыру керек. Гимнастикалық жаттығулардың әдістерін толық меңгерген студент оларды еркін орындай білуге үйретумен қатар ағзаның жаттыққандығын қаматамсыз етеді. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір оқытушының коммуникативті дамуы: студенттерді тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір оқытушы бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: оқытушы оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған.  Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер.

Халықаралық түрлі сайыстарда гран при жүлдесін жеңіп алған көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорттағы жетістіктерін слайд, видео арқылы көрсете отырып,студенттің сабаққа қызығушылығын арттырамын. Онлайн сабағы арқылы өзім «Жауырынға тұру», «Қарылғаш жасау», «Қолды тіреп басқа ұстау»әдістерін көрсету арқылы практикалық сабақтарымды жүргіземін.[2]





Әдебиеттер

1. Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал. Мектептегі дене шынықтыру № 1-2, 2019ж. 78 б.[1]

Б. Молдағалиев, А. Махимова, Г. Сатқанова. Интерактивті оқыту әдістері.// Қазақстан мектебі, 2006ж. 36 б. [2]

2. К.Ceйтaлиeв. Тәpбиe тeopияcы. — Aлмaты, 1986.ж.