СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Деңгейлік Бағдарлама бойынша биология пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары, 8-сынып.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары, 8-сыныпқа құрылған.

Просмотр содержимого документа
«Деңгейлік Бағдарлама бойынша биология пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары, 8-сынып.»


Шығыс Қазақстан облысы «Зырян қаласының

№9 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Бекітемін»

Директор

 «___»_______________

Тоғызова А.З.

 

«Келісілді»

директордың оқу-әдістемелік

жұмысының орынбасары

«___»_______________

Саньязова Б.Қ.










Биология пәнінен орта мерзімді жоспары

8-сынып 

  Пән мұғалімі:  Бисатова К.Ш.   

1. Ішкі, сыртқы, аралас секреция бездері.Эндокриндік жүйе.

2. Қалқанша без, оның гормондарының қызметі.

3. Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі.

4. Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі.Нейронның құрылысы.

2014-2015 оқу жылы

Тақырып

Оқып-үйренудегі негізгі мақсаттары

Модульдер

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқып-үйренудің нәтижесі

Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау

Негізгі дереккөздері және көрнекіліктер

Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері.

Эндокриндік жүйе.

Гормондар,қасиеттері, қызметі.

Бүйрекүсті безі.Гипофиз.

1. Бездердің топтарға бөліну себебін білу, ішкі, сыртқы, аралас секреция бездерінің құрылысы мен қызметін ажырату.

2. Бүйрекүсті безі мен гипофиздің құрылысы мен қызметін зерттеу.

3. Эндокриндік жүйе ұғымының мәнін түсіну.

Оқытуды басқару және көшбасшылық

СТОү

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Талантты және дарынды балаларды оқыту

1.«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша сұрақтар беру арқылы тірек білімдерін тексеру.

2.Табыс критерийін даярлату.

Сабақтың мақсаты бойынша табыс критерийлерін анықтау (жұптық)

Бүгінгі тақырыпты білуде алдымызға қандай мақсат қоямыз?

3.Топтық жұмыс.ЖИГСО Берілген мәтінді оқып,топта талқылап тұжырымдамалық карта жасап қорғау, сұрақтар қою

4. Топтық жұмыс.«Жұмыс тақтасы» арқылы оқушылар сұрақтарды талдау стратегиясы арқылы жаңа сабақты бекіту.

6, «Раундробин», «Кубизм»

6. Қорытынды. Кері байланыс.

1.Бездер туралы өз білетіндерін толықтырып, дамытады, жүйелейді, ішкі, сыртқы, аралас бездерді салыстыра алады.

2. Бүйрекүсті безі мен гипофиздің құрылысын, қызметін біледі.

3.Эндокриндік жүйе ұғымының мәнін ашады, түсінік бере алады.


Оқушыларды бағалау парағымен таныстыру.



«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топты өзара бағалау.



Формативті бағалау: «Бағдаршам» арқылы.





Жиынтық бағалауды жүзеге асыру, тестілеу.

Оқулық,әдістемелік құрал 8-сынып, ,бағалау парағы,маркер,

плакат.

Қалқанша без, оның гормондарының қызметі.Қалқанша без қызметінің бұзылуынан болатын аурулар, олардың алдын алу.

1.Қалқанша бездің құрылысы мен қызметін білу, түсіну.

2.Без қызметінің бұзылуының себептері мен одан пайда болатын ауру түрлерінің алдын алу шараларымен танысу.

СТОү

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

1.Үй тапсырмасын тексеру.

А) «Ыстық орындық» ойыны арқылы тексеру.

Ә) Топтык жұмыс «Конверттегі сұрақтар».

2. Жаңа сабақ өту. А) «Кемпірқосақ топтарында» оқушылар жұмыс істейді, өзара түсіндіреді, талдайды.

Ә) «Броундық қозғалыс»

Б) «Галереяға саяхат»


3. Білімдерін бекіту.

.«Мен саған, сен маған» әдісі


Қорытынды, кері байланыс.

1.Қалқанша бездің құрылысы мен қызметін өз беттерінше зерттеп, түсінеді.

2.Без қызметінің бұзылуына әкелетін жағдайларды біле отырып, алдын-алу шараларын құрастырады. Одан пайда болатын ауру белгілерін сипаттай алады.


Формативті бағалау: «Бағдаршам» арқылы.




Бағалау парағын толтыру







Жиынтық бағалауды жүзеге асыру

Оқулық,әдістемелік құрал,8-сынып,бағалау парағы,маркер,плакат.

Ұйқы безінің құрылысы мен қызметі.Қант диабеті.Ішкі секреция бездерінің жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі.

1.Ұйқы безінің құрылысы мен қызметін білу.

2.Ұйқы безінің қызметінің бұзылу себептерін зерттеп, оның салдарынан болатын ауру түрлерінен сақтану шараларын зерделеу.

СТОү

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

АКТ қолдану

Талантты,дарынды балаларды оқыту

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту





Жаңа білімді игеру сабағы.

1.Тірек сөздермен танысады, өз беттерімен мәтін құрастырады.

2.Зерттеушілік әңгіме арқылы топпен ұйқы безінің құрылысы мен қызметі туралы материалды зерттейді. «Негізгі мәліметтер» парағын құрады


2.Сұрақтар қояды, талдайды бірге ойланады. «Мен саған, сен маған» әдісі.

3.Білімді бекіту. «Стикердегі диалог» арқылы топаралық сұрақтар қою арқылы бекітіледі.

4. Қорытынды.

1.Ұйқы безінің аралас без екендігін біле отырып, оның қызметін, құрылысын зерделейді, маңыздылығын түсінеді.

2.Ұйқы безінің қызметінің бұзылуының себептерін біліп, алдын алу шараларын есте сақтайды.


Формативті бағалау

Смайликтер арқылы бағалау



Бағалау парағын толтыру




Жиынтық бағалауды жүзеге асыру.

Әдістемелік құрал, слайд, оқулық, хрестоматия, бағалау парағы

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі.Нейронның құрылысы. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

1.Жүйке жүйесінің адам өміріндегі маңызын түсіну

2.Нейронның құрылысы мен қызметіне талдама

3.Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдерін ажыратып. орналасқан жерлерін таба білу

АКТ-ны пайдалану

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту СТОү

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқытуды басқару және көшбасшылық


1. Презентация, слаидтары, хабарламалар АКТ-ны қолдану, өздік жұмыстарын көрсетеді.

2. Жүйке жүйесі туралы ассоциация жасау.

3. Тірек-сызба құру (деңгейлік тапсырма).

4. Топтық жұмыс. Жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін зерттейді.

5. Маңызды мәліметтер парағын құру, бағалау.

7. «Сен маған, мен саған», жұпта жұмыс.

8. Тест шешу, жұпта бағалау.

Қорытынды.

1.Жүйке жүйесі барлық мүшелер жүйесінің басқарушысы екенін түсінеді.

2.Нейронның құрылысы мен қызметіне талдау жасай алады.

3.Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдерін ажырата алады.


Табыс критерийін белгілеу

Формативті бағалау

Екі жұлдыз, бір ұсыныс


Бағалау парағын толтыру



Топ жұмыстарын стикермен бағалау.





Жиынтық бағалау

Интерактивті тақта, плакат,маркер,оқулық, интернет материалдары








Oрта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Мақсаты: биология сабағында 7 модульді ықпалдастыра отырып, Бағдарламаның негізгі идеясын жүзеге асыру, оқушының өзінің оқуы үшін жауапты екендігін түсінуге ықпал ету, теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру арқылы бекіту, жаңаша оқытудың тиімділігін зерделеу.

Міндеттері: 1. Жекелеген оқушылардың танымдық ерекшеліктерін ескере отырып, білімді өз бетімен игеруіне түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.

2. Оқушылардың өз оқуы үшін өзі жауапты екенін түсінуге ықпал ететіндей жағдай туғызу.

3. Оқушылардың түсінігін жетілдіру, жақсарту мақсатында жұмысты жүйелендіру.

Барлық сабақтарымда ұйымдастыруда түрлі тәсілдермен жағымды атмосфералық орта қалыптастырып, топтарға бөлемін. Әр сабақта оқушылар жеке, жұпта, топта, ұжымда жұмыс істейді. Бірінші сабағымда ДЖИГСО, Раундробин, Кубизм стратегияларын пайдалана отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модульдерін ықпалдастырамын. Екінші сабақта «Өрмекшінің торы», «Броундық қозғалыс», «Галлереяға саяхат», «Мен саған, сен маған», «Ыстық орындық», «Конверттегі сұрақтар» стратегияларын қолданамын және ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудан басқа барлық модульдерді ықпалдастырамын. Үшінші сабақта «Сәйкестендіру», «Жұбын тап», «Тірек сөздер», «Түртіп алу», «Мәліметтер парағы», «Ыстық орындық» стратегияларын қолданамын, 6 модульді ықпалдастырамын. Төртінші сабағымда «Топтастыру», «Тірек сызба», «Сөз тізбегі», «Маңызды мәліметтер парағы», «Автобус аялдамасы» сияқты тәсілдер мен жабық тест арқылы барлық жеті модульді ықпалдастырамын. Оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аудара отырып, жоғарыда айтылған стратегиялар арқылы жартылай ізденіс, ізденіс, проблеманы шешу сияқты оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолданамын, нәтижесінде оқушылар енжар қабылдаушылар емес, оқу үдерісінің белсенді мүшесіне айналады деп ойлаймын.

Күтілетін нәтиже :

  • Оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдылары қалыптасады.

  • Сыни тұрғыдан ойлай отырып, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе біледі.

  • Сабаққа қызығушылығы артады.

  • Топта жұмыс істей отырып ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі.

  • Өз оқулары үшін өздері жауапты екенін сезінеді.

  • Оқу ептіліктері дамиды.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектебі. ДББҰ, 2012 жыл.

2.Интербелсенді әдістемені ЖОО қолдану мәселелері. А.Әлімов. Алматы, 2013 жыл.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: жаңаша көзқарас. Әдістемелік құрал. Чекетаева Р.С.

Шаянбаева Ж.А. Оразбаева А.М. Өскемен, 2014 жыл.