Сабақтың басы Үй тапсырмасын сұрау 5 минут Қызығушылықты ояту , бағыт бағдар беру Минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу Оқушыларды топқа бөлу. «Тамақтану», «Зиянды әдеттер», «Технология» деген топ атаулары бар қима қағаздарын таңдап алу арқылы топқа бөлемін. І топ «Тамақтану» ІІ топ «Зиянды әдеттер» ІІІ топ «Технология» Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға «Денсаулық және қоршаған орта» бөлімін аяқтап, қорытындылау үшін сөзжұмбақ үлестіріп, үй жұмысын бағалау. Бағалау парақшасын беру. Әр топтың жұмыс тәртібін түсіндіру. Бағалау критерийі | І топ | ІІ топ | ІІІ топ | Үй жұмысы [9 балл] | | | | Жоба қорғау | Уақытты тиімді пайдалану[1] | | | | Топ мүшелерінің барлығының қатысуы[1] | | | | Орфографиялық норманы сақтауы [2] | | | | Көркемдік көрінісіне [1] | | | | Жобаны қорғау[3] | | | | Әр топқа сұрақ қойылса [1] | | | | Сұрақтарға жауап берілсе[1] | | | | Сергіту сәті [1] | | | | Барлығы: 20 балл | | | | Ой қозғау : Әр топқа өз тақырыбы бойынша статистика ақпараттары беріледі І топ «Тамақтану» «Осыдан 10 жыл бұрын адам өлімінің 80 пайызы жұқпалы емес аурулардан болатын. Қазір бұл көрсеткіш 82-88 пайыз арасында тұр. Оның 55 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 18 пайызы онкологиялық аурулар, қалғаны қант диабеті мен өкпе аурулары. Жүрек қан тамырлары, диабет, май басу бала кезден басталады. Инфаркт, инсульт, диабет, атеросклероз жасарып барады. Артық салмақ, май басу көрсеткіші де солай. Қантты екі есе көп тұтынамыз. Төрегелді Шарманұлы қайталап айтқанды жақсы көретін сөз бар: «қант дегеніңіз – ақ, тәтті, токсиндік, қатерлі у». Қант сияқты қатты, трансмайды да екі есе көп тұтынамыз. Мұның бәрі фаст-фудтарда, кондитерлік өнімдерде, нан өнімдерінде көп кездеседі. Жастарда көп таңдау жоқ, сондықтан пайда мен зиянға қарамай тұтына береді. Сол сияқты тұзды да 4 есеге жуық нормадан артық пайдаланамыз. Міне, осының бәрінен кейін әлгі жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет, өзге де қатерлі аурулар қайдан шықты деуге болмайды», дейді Қазақ Тағамтану академиясының профессоры, ғылым докторы Шәміл Тәжібаев. ІІ топ «Зиянды әдеттер» Қазақстан күшті алкоголь сусындарын (65 градусқа дейін) тұтыну бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіреді. Ал Орталық Азияда бірінші орында. Ал ауыр қылмыстардың басым бөлігі мас күйінде жасалатыны белгілі. «Sange» зерттеу орталығы 2020 жылдың соңында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында 18 жастан асқан азаматтар арасында темекі шегу туралы зерттеу жүргізген. Ерлердің 55 пайызы, ал әйелдердің 28 пайызы тұрақты түрде темекі өнімдерін тұтынатыны анықталған. "Аман-саулық" ҚҚ президенті Бақыт Түменованың сөзінше, Қазақстанда кәмелетке толған 4 миллионнан астан адам темекі шегеді екен. ІІІ топ «Технология» Қазіргі кезде әлеуметтік желілер "Вконтакте", "Мой Мир", халықаралық "Facebook", "LinkedIn" және тағы басқалар кең таралған. Статистика бойынша, Қазақстандық интернет қолданушылардың 62,4% "Вконтакте" желісінде, 25,9% "Мой Мир" желісінде, ал 22,7% "Одноклассники" желісінде отырады. Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді. Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр. Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады. Статистикаға жүгінсек, жастардың 49,2% әлеуметтік желіні күнделікті, 19,7% аптасына бір рет және 9,1% айына бір рет тексереді. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Зерттеу сұрағымен оқушыларды таныстыру; 1.Денсаулыққа зиянды әсері қандай? | Слайд Кеспе қағаздар Сөзжұмбақ Таратпа мәтіндер | |
Сабақтың ортасы 15 минут 9-минут 2-минут 3-минут 1 минут | І топ «Тамақтану» ІІ топ «Зиянды әдеттер» ІІІ топ «Технология» Әр топқа өз тақырыптары бойынша дайындалып, жоба жасауға уақыт беріледі. Оқушылар ақпарат көздерінен жинаған мәліметтерін жинақтап, ұсынуы қажет. Дескриптор: Әр топтың жобасын қорғап шығуына уақыт беріледі. Әр топ мүшелері «Бағалау парақшасымен» жұмыс жасайды. Оқушыларды бір сәтке тынықтыру мақсатында «Сергіту сәті» ұйымдастырылады. «Сөзден сөзді ізде» ойыны. Денсаулық, табиғат. Сабақты бекіту: Нәтижесі: Оқушылар өз тақырыптары бойынша шағын буклет жасап шығару керек. «Бағалау парақшасы » арқылы оқушылардың жоба жұмыстарын қорытындылау Рефлексия: «Бағдаршам» Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – сабақта жаңа ақпарат алмадым. | Кеспе қағаздар Буклет Кесте Түрлі түсті кеспе қағаздар | |
| Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |