Баланы жан- жақты тәрбиелеу, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, балабақшадағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттерді қалыптастыру.
Сөйлеу қатынасы баланың білімді менгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту.»
Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту.
Баланы жан- жақты тәрбиелеу, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, балабақшадағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттерді қалыптастыру.
Сөйлеу қатынасы баланың білімді менгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дыбыстарды айтудың артикуляциялық аппаратын әзірлеу. Балаларды анық, асықпай, барынша қатты айтуға үйрету, сөздің қарқыны мен ырғағын бақылау;
сөздің дыбысталу жағын жүйелі түрде дамыту, есту тілдік демалыс,;
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға қалыптастыру;
сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара әңгімелесуге тарту.
Тәрбиеші баланы ойната, сөйлете ісіне баса көңіл бөлгені жөн. Бұл жастағы балалардың тілін дамыту жөніндегі өтлетін жұмыс түрлері бағдарламада көрсетеді.
Балабақщада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеленеді.
Ойын арқылы білімді меңгеріп, оны бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастырамын.Балабақщада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін:
1. Ойыншықпен ойналатын ойындар.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3.Сөздік ойындар.
Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай – ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін терендетіп ойнауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін.
Көптеген дидиактикалық ойындар балалардың жеке- дара ойнауына арналған ( мозайка, пирамида ),олар баланың дербестігіне , өздігінен еңбек етуге жетелейді.
Дидактикалық ойындарда да балалардың алдында қандай да бір міндеттер қойылады,оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою,қабылдау қабілетін дамытуға, білімдерін меңгеруіне көмектеседі.
К. С. Сушина
ЭБЖОБББМ № 36 «Қарлығаш»
шағын орталығының тәрбиешісі