СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дидактикалық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақшаға арналған дидактикалық ойындар 

Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойындар»

Тақпақтар

Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

***

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем.

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын.

Біраз сергіп аламын.

***

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

***

Шешем менің  — дәрігер,

Адамдарды ол емдер.

Әкем менің – инженер,

***

Қаламызды көркейтер.

Ойыншықтар бар сенде,

Ойыншықтар бар менде.

Ат пен доп бар Есенде,

Қуыршақ бар Әселде.

***

Бір, екі, үш,

Сан үйрену күш.

Үш, төрт, бес,

Санай біл тез.

***

Кітап жатыр сөмкеде,

Қалам жатыр үстелде.

Дәптер жатыр партада,

Бәрі- бәрі орнында.

***

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.

***

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

***

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

***

Ақмарал, мектепке бар,

Оқу құралдарын ал:

Кітап, қалам, өшіргіш.

Қарындаш, дәптер, сызғыш.

























Cергіту сәті

Көтеріліп шанырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып
Кигіз үй боп көрінер.

Асыл сөздің атасы
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер-білім еңбеккке
Жақын болар ұрпақпыз
Саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған күш
Батыр болар ұрпақпыз.

Алтын сары қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлім деп
Көз тартады атырап
 Ой, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ.

Жайқалады ағаштар, 
Бетімізге желеседі
Кіп кішкентай балалар
Үп-үлкен болып өседі.
Біз гүлдерші өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Шелмен бірге жайқалған.

Нан қоқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерліп
Торғайларға тастандар.

Алып ата күрегін
Аула қарын күреймін
Апама мен құдықтан 
Су әкеліп беремін
Еденді де жуамын
Шан тозанды қуамын.

Бойды сергек тік ұста
Емін-еркін тыныста
Он қолынды соз алға

Қол ұшына қара да
Үшбіріш сыз алада
Сол қол босқа тұрмасын
Шенбер жасап түн басын.

Дөнгелектеп тұрамыз 
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп
Шаныраққа киіліп
Кигіз үйді құрамыз.





























Cергіту сәтіне арналған тақпақтар

Алма баққа барайық
Алма тері алайық
 Ен үлкенің, жақсысын 
Әжемізге сыйлайық.

Доп домалақ доп ұстап
Домалатып көрейік
Диірмен болып ұн тартып
Дым қалдырмай елейік.

Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бурамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз.

Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өсіп толамыз
Күнге қарап, табынып
Көккке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.

Астанада бар жаңа үй
Жаңа үйде тұрамыз
Баспалдақтан жүгіріп
Қабаттарды санаймыз
Бір қабат,екі қабат
3,4,-біз пәтердеміз.

















Сабақ

Жазғы демалыс бітіпті.
Бірінші қыркүйек жетіпті.
Сабақ қызық болған соң,
Барлық бала келіпті.

Бұзау
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.

Ала мысық.
Ала мысық тырнама,
Тырнағаның бола ма?
Ұстайыншы қолыңнан,
Ойнайық, ер соңымнан.

Әдептілік
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

Наурыз-ай
Наурыз-ай, наурыз-ай,
Тәтті көже бересің.
Қарнымыздың тойғаны-ай,
Кетпейді әлі елесің.
Күшігім
Күшігім менің келе ғой,
Құшағыма ене ғой.
Мойныңа бау тағайын,
Ойынға ертіп барайын.

Мұғалім
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.

Кішкентай бала
Мен кішкентай баламын
Кітап оқи аламын.
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын.

Бөпешім
Әлди, әлди бөпешім,
Жат бесікте көкешім.
Неге жылай бересің,
Ертең-ақ жүріп кетесің.

Қуыршақ
Қуыршақ, қуыршақ,
Таза суға жуынсақ.
Қол ұстасып, дос болып,
Бақ ішінде қыдырсақ.

Мысығым
Мысығым, кел, кел маған,
Сүт берейін мен саған.
Ит кеп қалса, қорғаймын,
Көтерейін, сен маған.

Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.

Ер жетсек
Нан жесеңдер балалар,
Үлкен болып өсесің.
Сүт ішсеңдер, балалар,
Тезірек ер жетесің.

Ойыншықтар
Ойыншықтар көп екен,
Бірге ойнайық, балақай.
Көгорай шалғын көк екен,
Жарысайық, алақай!

Ойын
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.

Құлыншақ.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.

Көктемде
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.

Балықтар
Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.

Туған күн
Туған күнім бола берсе,
Қуанамын күнде мен.
Үйге қонақ тола берсе.
Шай жасауға үлгерем.

Аяз Ата
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.

Машина
Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине
Оқу керек күнде де.

Ақша қар
Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.

Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,
Қамап қойдық қораға.
Көк сиыр тұрды мөңіреп,
«Қайда менің балам», — деп.

Ағаш егу
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.

Табиғат
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.

Құстар
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.

Лагерь
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Сонда ылғи біз жеңеміз ұлдарды!
(қыздарды!)

Туған жер
Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.

Көктем
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.



Кітап
Кітап деген басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.

Ана
Ана деп күнде ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде «бес» алам.

Ту
Көгілдір туым желбіре,
Биіктерде қалықтап.
Туым үшін мақтанам,
Әнұраным шарықтап.

Наурыз көже
Наурызда бәріміз
Әткеншек тебеміз.
Жасымыз, кәріміз,
Көп көже ішеміз.

Жаз
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.

Күшік
Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.

Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.

Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Біздің сынып
Біздің сынып әдепті,
Бәріне көмек береді.
Біздің сынып әрқашан
Жетістікке жетеді.
Біздің сынып қашанда
Алғашқы боп жүреді.
Мұғалімдер барлығы
Бізді мақтан етеді.

Анама
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Кітап
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.

Анама
Анамызды сыйлайық,
Жақсы оқушы болайық.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік алайық
«Күншуақ» газетіне
Күн нұрындай жарқырап
Шуақ шаштың, «Күншуақ».
Білімнің биік төріне
Бұлақ аштың, «Күншуақ».
Әрбір бетің бір әлем,
Қызыққа толы «Күншуақ»,
Бар балаға жақынсың,
Жарқырай бер, «Күншуақ».

Ана саған көп рахмет
Жан балам деп еркелеткен,
Бесікте бізді тербеткен
Ардақты да аяулы
Ана саған, көп рақмет!

Анамның әні
Анамыздан тыңдадық
Әсем әнді әуелі.
Әлди, әлди, әлди-ай
Әсем әні анамның.

Анашым
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым






















Айгөлек ойыны

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Мұнда сізге кім керек?

Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Бізге тек Қамбар керек.

Немесе:

А тобы: — Құрсауды үзіңдер!

Ә тобы: — Кім керек?

А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.

Ормандағы ақ тиіндер

Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.

Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады.

«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед.

Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.

Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.

 Табан балық және шортан ойыны

Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.
Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.
Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.








Дидактикалық ойындар балабақшаға

 Әуе таяқ

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.

Қара құлақ

Ойынға 5-10 бала  қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі
Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ  қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай  жалғасады.

Алақан соқпақ

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның  алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі  қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.


Атқаума

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де  бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде  екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала  -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар :

Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп ,теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина  жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын  ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Белбеу соқ

Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір  белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.
Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған  үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

Арқан түю.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.






Допты қуып жет

Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның  шарты:бұл ойынға 5-6  бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
к/құралдар:   түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.

Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса  алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері.

 

 























Түсін танып, атын айт.

Дидактикалық ойын



Мақсаты: Балаларға түстерді ажырата білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: жемістер, құстар, аңдардың суреттері

Ойын барысы: Тәрбиеші столдың үстінде бірнеше қағаздан жасалған әртүрлі жемістің құстардың, аңдардың суретін қояды. Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарып, солдың үстіндегі суреттердің біреуін алып, неден жасалғандығын түсінің қандай екендігін, егер жемістің суреті болса, атап айтып беруін талап етеді. Егер тақтаға шыққан бала, атын атай алмаса басқа баланы шақырып, ойынды осылай жалғастыра береді.


«Даусынан таны» 

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін қалыптастыру дауыстарды ажырата білуге дағдыландыру.  
Көрнекілік: Аудио дискі. 
Ойын барысы: Тәрбиеші аудио дискіні қосады. Балалар тыңдап отырып дискідегі дауысты ажырата білу керек.

«Қарама-қарсы сөздер»

Мақсаты: Балаларға мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу, үйрету, сөздік қорларын молайту.

Көрнекілігі: суреттер

Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді тақтаға іліп қояды. Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарып, тақтадағы суреттердің біреуін алып, суреттің мағынасы қарама-қарсы сөздерін табуын сұрайды.

«Танып ал да, атын ата»

Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар және суреттер. 
Мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.



«Поезд» қимыл ойын

Мақсаты: бір-біріне, соқтығыспауға үйрету, есте сақтау қабілетін арттыру, дамытуды үйрету.

Ойын барысы: Белгі бойынша балалар поезді жүргізіп ойнайды.



«Доппен ойнау» қимыл ойыны
Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын түсіндіру, сөздік қорларын молайту. 
Көрнекілік: доп. 
Мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.






















Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы
2010-2011 оқу жылы

Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту. Ұжымдасу сезімдерін дамыту. Коммуникативті біліктілікті дамыту. Икемділікті, жылдамдық процестерін дамыту. Бірлестік қабілеттерін, топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Байланыстық және монолыгтық сөйлеуді дамыту. Зейін, қабылдау, ойлау, естіп –есте сақтау және қиялдарын дамыту.
Қажетті құралдар: Орамал, бұтақтар, жапырақтар, доп, хаттар, суреттер, сандар, телефон.
Балалар қатысымы: 20 бала
Уақыты: 30 минут
Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бугин біз орманға саяхатқа барамыз. Балаларды сиқырлы орамалмен жабамын.10 ға дейін санап , терең демалып, дем шығару(тыныс алу жаттығуы).
(әуен ырғағымен)
Міне, бәріміз ормандамыз.Орман салқын екен.От жағып жылынайық.Ол үшін ағаш бұтақтарын, жапырақтарды жинаңдар. Бұл жинағандарың аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет.Олай болса шеңберге тұрайық.Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолд... Читать дальше »



Ермектік ойын

    «Ең үздік компания»                                               
  Ермектік ойын.
 Майрагул Алмашева  ересек топ тәрбиеші
Балабақшада жазғы мезгілдерде балалармен түрлі қызықты ойын сауықтар ұйымдастырылады. Ойын сауықтарда балаларды болашақ маман иелеріне тәрбиелеу, салауатты өмір салтына балабақша қабырғасынан үйрету басты мақсат болып табылады. Аталған ойын сауықта балаларға өз денсаулықтарына құрметпен қарауға, тілдерін дамытып,мамандық иелеріне тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Көрнекілікке сүт тағамдарының түрлері, жеміс-жидектер түрлері, витаминдер суреттері пайдаланылады.
Алдын ала балаларға супервайзер, менеджер, фирма сөздерінің мағанасы түсіндіріледі. 
Жүргізуші - тәрбиеші: Қадірменді ханымдар мен мырзалар! Біздер бүгін «Ең үздік жарнамалық компания» конкурсын ұйымдастырамыз. Ең үздік деген компания өнімдері теледидар арқылы жарнамаланады. Конкурсқа «Рахат» фирмасы дайындаған тағам түрлері қатынасады. Сіздердің назарларыңызға осы фирманың 3 жарнамалық компаниялары өз тағамдарын ұсынады. Ең өтімді өнімдерді жарнамалау үшін әділ қазылар алқасын сайлайық. (Әділ қазыларға топтың жарнамаға қатынаспайтын балалары сайланады)
Ортаға «Рахат» фирмасының директоры шы... Читать дальше »



Бір сөзбен ата

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.

 



Есіңде сақта

Ойын: «Есіңде сақта»

Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.

 



Жұбын тап

Ойын: «Жұбын тап»

Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.

Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.

 



5 жастағы баланың танымдық дамуы

5 жастағы баланың танымдық дамуы.

Негізгі міндеттері:

-көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;

-үлгіге қарап жұмыс жасауға үйрету;

-қысқамерзімдік және ұзақ уақыт есте сақтауын дамыту;

-қолдың ұсақ моторикасын,графикалық дағдыларын қалыптастыру;

-заттардың арасындағы қарапайым қисындық байланыстарын ,заңдылықтарды табуды үйрету;

-үлкендердің, құрбыларының әрекетімен санаса отырып әрекет етуге үйрету.

                                 Баланың танымын дамытуға арналған ойындар....



Не жетіспейді

                                            Ойын: «Не жетіспейді?»

Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.

 

 



Не артық

Ойын : «Не артық?»

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.

 



Кім тығылды

                                              Ойын: «Кім тығылды?»

Мақсаты: көзбен  қабылдауын дамыту.

Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.

Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.